Адам өмірінде пәтер интерьердің маңызы.
Сабақтың тақырыбы: Адам өмірінде пәтер интерьердің маңызы.
ФСН № 5 Инфляциямен күрес.
Міндеттері:
Білімдік – тырғын үй интерьер туралы білім беру
Дамытушылық – оқытушылардың тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту. Шығармашылығын арттыру
Тәрбиелік – эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке сұлулыққа ұйымшылдыққа баулу
Мақсаты: «стиль», « сән», « интерьер» түсініктеріне тоқталу, интерьердің композициялық шешімін меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: технологиялық картасы, слайдтар, стикерлер, ватман, желім, қайшы.
Сабақ жоспары
1.Ұйымдастыру – 2 мин.
2.Жаңа білім беру – 15 мин.
3.Өзіндік жұмыс – 15 мин.
4.Рефлексия – 5 мин
- Бағалау пырағы -6 мин
- Үйге жұмыс тапсырма – 2 мин. /барлығы 45 мин.
Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру
-сәлемдеу
– оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру
- Жаңа білім беру
Үй – сол жер, қайда адам демалады, тұрады. Мында ол толғанушылықтарға еліку біледі, оған ешкім сүйікті іспен айналасуға араласпайды, жақын достармен кездеседі. Барлық осы үшін пәтердің лайықты интерьері болуы керек
Мұғалім: Сендер калай ойлайсындар , интерьер бұл не?
Оқушылар-: үйдің жиһазы, кілемдер, түсқағаздар.
Мұғалім: интерьер, француз тілінен, – “ішкі”
Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.
Пәтер интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменін саны мен өзара ыңғайластырып олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатын радиаторлардың, жап-сарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ не электр плитаның т. б. орналасуы елеулі роль атқарады. Пәтер интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.
Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлменің әшекей мен болуын өзгерту-өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру керек.
Пәтер интерьерін қалыптастыру мәселесіне арналған кітаптар шығарылады, журналдарға мақалалар басылады, көрмелер ұйымдастырылады.
3.Өзіндік жұмыс
1 Топқа бөлінеміз. Ауқымға бәріміз тұрамыз, сол жағынан бастаймыз. Бірінші отырады, екінші шапалақтайды , ал үшінші секіреді. Кім отырды – 1 топ, кім шапалақтады – 2 топ, кім секірді – 3 топ.
Ал енді топ басшысыны таңдандар.
1 тапсырма
Коллаж жасау және оны қорғау
2 тапсырма
Сөзжұмбақты құрастыру
- Рефлексия
Оқушылар стикірге жазады не білдім, не білгім келеді, не білмедім.
- Бағалау пырағы.
Топ басшысы бағалау пырағын толтырып топ мүшелеріне баға қояды.
- Үйге тапсырма
Менің бөлмем презентациясын жасау
Сабаққа өзіндік талдау.
Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйдің интерьері.
Міндеттері:
Білімдік – тырғын үй интерьер туралы білім беру
Дамытушылық – оқытушылардың тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту. Шығармашылығын арттыру
Тәрбиелік – эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке сұлулыққа ұйымшылдыққа баулу
Мақсаты: « стиль», « сән», « интерьер» түсініктеріне тоқталу, интерьердің композициялық шешімін меңгерту.
Сабақта әр тұрлі тәсілдер қолдаңды. Сабақта уақыт осылай бөлінді:
ұйымдастыру – 2 мин., жаңа білім беру – 15 мин., өзіндік жұмыс – 15 мин., рефлексия – 5 мин., бағалау пырағы -6 мин., үйге жұмыс тапсырма – 2 мин. Ол бөлу дұрыс болды деп ойлаймын.
Оқушылар өте жақсы жұмыс жасады. Жоспар бойынша қыздар 3 топқа бөлінді. 1 топ – ас бөлмесі, 2 топ – қонақ бөлмесі, 3 топ – балалар бөлмесі. Суреттерді қиіп ватманға жапстырды содан кейін, суретттің астына 2 тілде аспаптың атауын жазды. Топ басшылар өз коллаждарын қорғады.
Кейін топтар сөзжұмбақты құрастырды.
Сабақ мақсатына жеттік.