« Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»
« Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»
Кульжанова Ш.М.
Ақтөбе қаласы №3орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Тіл тағдыры – ел тағдырына айналып отырған қазіргі қазақ тілінің кінәратты жағдайында оқушы бойында мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, қазақ тілі арқылы жасалған ойдың кестелі өрнектеріне үңілтіп, ауызша, жазбаша сөздік қорларын молайтуға,шығармашылық қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттырып,білім
сапасын тереңдетіп, мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейтуге, Тіл туралы заңды жүзеге асыруға барынша қолғабыс ету- әрбір қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті болуға тиіс. Ал қоғамымыздағы мұғалім алдында тұрған міндет- сапалы білімді, саналы тәрбиелі, эконо-микалық ойлауы дамыған, жалпы адамзаттық құндылықты меңгеруде шығармашылық,іскер-
лік пен дағдысы қалыптасқан, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру екені сіз
дер мен бізге белгілі.
« Қазақстанның болашағы- мемлекеттік тілінде» демекші.Қазақстан азаматтарының әрқайсысы тілді дамытуға үлес қосуға міндетті, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері тіл жанашырлары қатарынан орын алатындықтан, тапжылмай еңбек етіп үлестерін қосуға міндетті.
Еліміз егемендік алып, Республикамыздабілім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім берукеңістігіне еніуге бағыт алуда. Білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
- Білім мазмұны жаңа біліктіліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдары шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
- Ақпараттық дәстүрлі әдістері- қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде.
- Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқытубағдарламаына көшу. Осындай мәселелерге сай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибелеріне енгізіліп жатыр. Мысалы,
М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», профессор Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп саралап ооқыту технологиясы» және т.б. Осы технологиялардың барлығына да қазіргі таңда компьютер, интерактивтік тақталарды кеңінен қолданы оқытуға болады. Бұл- балалар үшін бір жағынан қызықты болса, екішншіден, көрнекілік әрі жаңа технология болып есептеледі.
Жоғарыда айтылғандарды ескере келсек, қазақ тілін оқытуға қойылатын талап- тілектердің бүгінгі күнде жаңарып отырғанын аңғарамыз.
Жаңа технологиялар өте көп. Солардың біркелкісіне тоқтала кетуге болады. Жаңа педпгогикалық технологияның бірі- саралап оқыту.
Білімді даралп, саралп берудің басты бағыттарының бірі- дарынды талантты оқушыларды оқыту.
Бұл оқытудың басты мәселесі, мақсаты-дарынды балаларды зерттеу, қолдау, мадақтау.
Саралап оқытуда нақты жетістіктерге жету үшін бағытталған міндеттер қою керек.Мысалы,
- Нақтылы бағдарлама құрылуы тиіс.
- Материалдық база жеткілікті болу .
- Оқушыға түгел жағдай жасалу керек.
Ұлт мектебінде қазақ тілін үйрететін ұстаз үшін басты мақсат-өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге ынта-ландыру. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас.
Осы жаупкершілікті іске асыру үшін барлығымыз да алдымызға өз міндеттерімізді қойып,
оны шешуге тырысамыз, түрлі әдіс- тәсілдерді, жаңа технологияларды қолданамыз.
Осылдарды ескере отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында тілді үйретудің тиімді, нәтижелі әдістерін үнемі іздестіріп жүремін.
Орыс кластарында қазақ тілін үйрету
және үйрету барысында өз алдыма мынадай міндеттер қойдым:
– орыс мектептеріндегі балаларға тілді үйрену жеңілдеу болу мақастында тілдің күнделікті практикалық жағын қарастыру;
– Қазақ тілі сабағында оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру, сөз
байлығын молайту;
– Шығармашылықпен жұмыс істеуге, үнемі өз бетімен ізденуге дағдыландыру;
– Оқушылардың тілді үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Осы міндеттерді шешуге төмендегідей тиімді әдіс- тәсілдерді қолданамын:
- Орыс мектептерінде қазақ тілі сабақтарында қай класта болса да, көрнекілікті қолдан-ған артық етпейді.Себебі көзбен көріп, қолмен ұстаған жылдамырақ, әрі ұзаққа есте сақта-лады. Сондықтан тиімді әдіс- тәсілдердің бірі-көрнекілікпен жұмыс деуге болады.
Күнделікті ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сабаққа қажетті заттардың атауларымен танысып, олардың көмегімен сұрақ- жауап құрастырады. Бұл тапсырмалар жас ерекшелік-теріне байланысты құрастырылады. Мысалы , «Менің отбасым», «Мектеп», «Сабақ», «Менің досым», «Менің сүйікті кином» т.б. шағын тақырыптарға мәтіндер , қысқаша әңгімелер құрастырады және әңгімелеуге дағдыланады.
Және де оқушылардың ауызша- жазбаша тілін дамытуда менің қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерім мен жұмыс- түрлері мынадай:
А)шығармашылық тапсырмалар
ә) Комплексті түрдегі үй тапсырмалары
Б) Проблемалық сұрақтар.
В)ситуациялық тапсырмалар
Г) ойын элементтері
ғ) деңгейлік тапсырмалар
д) СТО технологиясы элементтері.
Шығармашылық жұмыс түрлеріне келсек, балалардың ойын қиялын дамытатын эсселер, әңгімелер жаздыру, диологтар, ребустар, тест сұрақтарын құрастырту т.с.с .
Бастауыш сыныптарда сурет бойынша сөйлемдер құруға болады. Мысалы: жыл мезгіл-деріне байланысты, жемістер, азық- түліктер, жануарлар т.б. тақырыптар көп. Немесе тірек сөздер беру арқылы сөйлемдер не әңгімелер құрастырады.
1слайд
Көктем, жер, ағаш, жапырақ, ериді, гүлдейді, жылы , көгереді т.б.
Мыс, Көктем келді. Күн жылы болады. Қар ериді .осындай сөйлемдерді оқушылар өздері құра бастайды. |
Ал ортаңғы буындарда «Менің Отаным», «Қазақстан байлықтары», Қазақстан респу-бликасының төл мерекелері», «Мен таңдаған мамандық» т.с.с.
Оқушылардың сөздік қорларын молайту үшін және жадында сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту үшін берілген мәтіндерге ат қойғызу, мәтіндегі сөйлемдермен сұрақтар құру, аудару, мәтінді мазмұндау , мәтінге қатысты жаңа сөздермен сөйлемдер, сөз тіркестерін құру сияқты жұмыстар жүргізуге болады.
Жаңа сөздермен мынадай жұмыс түрлерін өткізуге болады:
1.Балардың есте сақтау қабілеттері қаншалықты дәрежеде екенін тексеру жұмысы.
Төмедегі берілген сөздерді оқып танысамыз, сөйлемдер, сөз тіркестерін құрып болғаннан соң 1 минут уақыт беріледі.Балалар сол 1 минут ішінде есте қалған жаңа сөздерін жазады.Сонан соң балалар дәптерлерімен алмасады, сөздерді санап, қанша екенін, қаншасы қате жазылғанын хабарлайды. Мәтінмен жұмыс жасап болған соң, осы тапсырманы тағы қайталауға болады. 2 слайд
Сан алуан- бесчиленное множество Долана- боярышник
Ағады- течет Шіл- куропатка Тіркеу регистрировать Қорғау- защищать жусан-полынь |
Сыныпішілік мүшәйра өткізу.Сыныптағы шығармашылық қабілеті байқалып жүрген оқушының әңгімелерін оқытып, оқушыларға таныс етіп, баға беріп, бағыт- бағдар сілтеме-
лер жасау сияқты шығармашылық жұмыстарын жасуға әбден болады. Бұл жұмыс түрін тіл дамыту сабақтарында пайдалануға болады.
Амонашивилидің ситуациялық –рөлдік ойындары.
Мәселен, «Дүкенде», «Аялдамада», «Автобуста», «Кітапханада»», «Саябақта» т.б. тақырып-
тарда диолог түрінде әңгімелесулер өткізу. Әр сабақ үстінде әр тақырыпқа байла-нысты 3-4 жұптан сұрап тұрған артық етпейді. Ол оқушылардың тілдерін жаттықтырып, олрды жүйелі сөйлеуге дағдыландыра түседі.
Комплексті түрдегі үй тапсырмалары. Мұнда өтілген материалдармен байланыстырып және оқушылардың өздері ізденетіндей етіп тапсырма беріледі.
Мысалы, өтілген материалдар бойынша тест сұрақтарын құрастыру немесе тек сұрақтар әзірлеу. Не болмаса белгілі адамдарға байланысты болса, басқаша қырынан іздеу. Мыс, Ш.Уәлиханов –зерттеуші ғалым екенін білеміз.Оның суретшілігі туралы не білеміз? деген сияқты тапсырмалар.
Грамматикалық тапсырмалар. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға,шапшаңдыққа үйрету, сауаттылығын тексеру мақсатында осындай тапсырмалар беремін. Мысалы, осындай буынға бөлінген бос тор көздер беріп, сөз құрап жазуға беруге болады. Бұнда оқушылар сөздік қорларын, буынға сауатты бөліп жазу сияқты білімділік-
терін шыңдайды, еске түсіру, ойлау қабілеттері арта түседі.
3 -слайд
Қ
|
А |
Л
|
А |
О |
Т
|
А | Н |
Ойын элементтері арқылы оқыту оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Әсіресе бастауыш сыныптар мен орта буындарда жиі қолдануға болады. Оларға тоқталар болсақ: «Домино», «Кім жылдам», «Алтын балық», «Ойлан, тап», «Жұмбақ айтысы», «Мақал сайысы», «Сөзжұмбақтар», қызықты грамматикалық тапсырмалар , «Әрі ойын, әрі оқу»,«Тізбек», «Лото», «Брейнг- ринг» , «XXI ғасыр –көшбасшысы» т.б.
Ойын оқушының сабаққа қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, алуан мәлімет дағды мен ерлікті меңгереді.Көбіне қайталау, қорытынды сабақтарда қолдануға тиімді.Осылардың бір- екеуіне тоқтала кетейін.
Мысалы, Жалғасын тауып айт (Лото) ойынында оқушыларға көлемі 6*12см тең төрт торкөзге бөлінген 5 кесте дайындап келу тапсырылады.Оған қосымша мөлшерде 3*6см үлестірме қағаздар дайындалады. Үлестірме қағазға тұрақты сөз тіркестерінің немесе мақал-мәтелдердің басқы сөздері жазылады, ал кесте клеткаларына жалғасын оқушылар
толтырады.Бастаушы бала үлестірме қағаз кестелерді араластырып, онда жазылған сөзді дауыстап оқиды.Сөйлемнің екінші бөлігін тапқан бала сөйлемді түгел оқиды да, үлестірме қағазды алып, кестеге тиісті клетканы жабады.
Мысалы: 4- слайд
|
тік |
тұру |
Бастауыш бала: төбе шашы деп басын оқиды. Тік тұру деп жалғасын тапқан бала сөйлемді түгел оқып , торкөзді жабады.
«Тізбек» ойыны. Берілген зат есімнің соңғы дыбысынан басталатын басқа зат есім тауып айту тапсырылады. Мысалы, бірінші бала «қала» десе, келесі «алма» деп жалғастырып алып кетеді.
«Лабиринт» ойыны» бекіту, қайталау, бақылау сабақтарына қолайлы. Бұл оқушылардың алған білімдерін тексеру үшін тиімді. Балалар жұмыла жұмыс жасайды. Бақылау сабақ-
тарында жеке-жеке лабиринт беруге болады. Ал бектіту, қайталау сабақтарында жұптық, топтық етіп беруге болады.Сұрақтарға дұрыс жауап берген жағдайда ғана лабиринт кілтін тауып жаза алады.
5- слайд
старт Иә иә
Жоқ жоқ
и ж и ж и ж
|
|
|
иә
жоқ жоқ
иә
и ж и ж иә жоқ
|
Деңгейлік тапсырмалар. Деңгейлік тапсырамаларды әр тақырыпты өткен кейінгі жұмыс-тарда, бекіту сәттерінде де пайдалануға болады. Оқушының жаңа сабақты меңгеру дегейін анықтай аламыз.
1деңгей. Барлығына бірдей міндетті деңгей.Мұнда жаңа сабақ бойынша жеңіл, қарапайым сұрақтар беріледі. Мысалы:бастауышта «Жемістер» тақырыбы бойынша.
1 деңгей. Жемістерді жаз.
2 деңгей. Жемістерді қатыстырып, 10 сөз тіркесін жаз.(Дәмді алмұрт, қызыл алма т.б.)2 деңгейдің тапсырмасының өзіне барлық оқушы толық жауап жаза алмауы мүмкін.
3деңгей. «Жемістердің пайдасы» тақырыбына 3-4сөйлем құра. Сабақтың соңында 15-20 минуттық тапсырма ретінде беріледі.Дәптерлері жиналып алынып тексеріледі. Бұл әдіс барлық кластарда сабақ тақырыптарына байланысты қолданыла беріледі.Мұнда оқушылардың сауаттылығы, нақтылығы, өзіндік ойы аңғарылады.Жаңа сабақты қаншалықты игергені және жалпы білім деңгейі қаншалықты екені де байқалады.
СТО технологиясының топтастыру, кластер, кубизм,Венн диаграммасы,сейнквейн сияқты әдістерін де қолданамын.
Топтастыру немес ассосация дейміз. Бұл элементті жаңа сабақты өтер алдында немсес бекіту сәтінде қолданған ұтымды.Жаңа сабақты өтер алдында өткізсек, балалардың өткелі тұрған тақырыптан хабары қаншалықты дәрежеде екені, не белгілі, не белгісіз екені аңғарылады. Ал осы элементті жаңа тақырыпты бекіту және қайталау сабағында қолданып, оқушылардың өткен тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеріп, екі кезеңдегі (жаңа тақырып пен бекіту кезеңі) білімдерін салыстырып сараптауға болады.
Венн диаграммасы топпен жұмыс кезінде сәттірек шығады. Вен диаграммасы жыл мезгілдерін, ақын-жазушылардың өміріменшығармашылығын, аңдар мен үй жануарлары, қорықтар, сөз таптары, септіктер сияқты тақырыптарды өткенде , салыстырулар жасап, олардың айырмашылығы мен ұқсастықтарын табуға белсене араласады.
Мысалы:
6-слайд
Қ.Сәтбаев. ортақ Т.Әубәкіров
1899- Еңбек ерлері 1946ж
1964 зерттеуші, туылған.
Алғашқы кемеңгер тұңғыш қазақ
академик қоғам ғарышкері
қайраткері
Сэнквейн топпен, жеке жұмыстарда да қолданыла береді.Тек жеке жұмыста сөздік қоры нашар балалрға қиындау соғады.Ондай оқушылар синоним, етістіктер қатарын табуға қиналады және орфографиялық қателерді көп жібереді.Бір жағынан жеке жұмыста балалардың сауаттылық деңгейі көзге көрініп тұрады. Сол себепті оларды бағалау қиынға соқпайды.Ал жұптаса, топтаса жұмыс жасағанда сауаттылықтары жоғары болады.Бұл элементті үй тапсырмасын бергенде, бекіту бөлімінде, сайыс сабақтарда қолданғанды жөн санаймын.Мамандықтар тақырыбын өткенде үнемі қоланамын..Балаалрды ізденуге, ойлануға жетелейді.
Сабақтарымда жиі қолданып жүрген тиімді деген әдістерге қысқаша тоқталып өттім.Жұмыс түрлері өте көп.Мақсат-міндеттерімді шешуге тырысып бағудамын.
Орыс мектептеріндегі оқушылар үшін45 минутта қазақ тілін игеріп кету мүмкін емес.
Сондықтан да үйренушілердің қызығушылын оятып, талпынысын арттырып отыруымыз керек.
Біздің оқытудағы негізгі міндетіміз- сабақта бар шеберлігімізді аямай, тілді игеріп кетуге бар күшімізді салып, оқушыларға бағыт- бағдар бреіп отыру. Әрі қарай жалғастыру, білімдерін жетілдіре түсу оқушылардың ізденімпаздығынан, білмегенді білуге деген құштарлығынан туатын жағдай.