Қорытынды оқу-қызметі: “Блім патшалығы”
МКҚК “Құлыншақ” балабақшасы
“Білім патшалығы”
Қорытынды сабақ
Білім облысы: Таным, қатынас, әлеуметтік,
Білім бөлімі: Сауат ашу, қарапайым матемтикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Білім патшалығы»
Мақсаты: Балаларға жыл бойы өтілген оқу қызметтеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білім-білік дағдыларын сараптау. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ұқыптылыққа өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Оқу-қызмет
кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Балалар назарын қонақтарға аударады.
«Шаттық шеңберін» өткізу
-Балалар , бүгінгі күнімізге сәттілік тілеймін. -Балалар, бір жылда неше жыл мезгіл бар? Қане кім атайды,жыл мезгілдерін. Қазір жылдың қай мезгілі? -Бір аптада неше күн бар? Атап бере қойыңдар. Жақсы. Ал айтыңдаршы бүгін аптаның қай күні? Ал кеше аптаның қай күні болды? Ал ертең аптаның кай күні болады?
Жарайсыңдар,балалар. |
Балалар сәлемдеседі.
Құлыншақ атты бақшаның Тәрбиелі баласы Алдыменен қонақпен Амандасып алады. Сәлеметсіздер ме, Здравствуйте, Хэлло! Дос болып біз жүрейік Ойнайық та күлейік Достық деген тамаша Міне тұрмыз жараса!
Рахмет!
Бір жылда төрт мезгіл бар
Қыс,Көктем,Жаз,Күз мезгілдері
Қазір жылдың көктем мезгілі Бір аптада 7 күн бар Апта күндерін атайды Бүгін аптаның екінші күні Сейсенбі Кеше аптаның 1-ші күні Дүйсенбі
Ертең аптаның үшінші күні Сәрсенбі |
Ұйымдастыру.
Ізденушілік
|
-Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін «Білім патшалығына» келдік.
Қандай әдемі балалар. Бұл жерде көптеген сұрақтар,тапсырмалар,жұмыстар болады.Осылардың барлығын орындауларыңыз керек. Қане ендеше тапсырмаларды орындап көрейік. Орындаймыз ба?
1-ші тапсырма: Біз қай мемлекетте тұрамыз? Қазақстан қандай мемлекет?
Елордамыз қай қала? Біз қай қалада тұрамыз? Ұлтымыз не? Қазақстан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
2-тапсырма: 1-10 ға дейінгі сандарды тура және кері сана. Үш тілде Санамақ білесің бе? Салыстыр. -геометриялық пішіндер мен денелер арқылы қеңістікті бағдарлау (интерактивті тақтада): -Ортада не орналасқан? -Дөңгелектің үстінде? -Дөңгелектің астында? -Оң жағында? -Сол жағында? Өз орнын табуға көмектес Логикалық ойын Логикалық есеп шығар –
Келесі логикалық есептерді шығаруын ұсынады: 1.-Табақта – үш алма, Қолымда –екі алма. Қосқанда барлығын, Болады неше алма? 2. –Аспанда неше күн бар? 3.-Бағдаршамның қанша көзі бар? 4. Өрісте 5 қозы жайылып жүрді 3 қозы өзенге су ішуге кетіп қалды Өрісте неше қозы қалды? Бір есікте неше тұтқа бар? 2 аюдың неше құйрығы бар? Бір қолда неше саусақ бар?
Суретке қарап құрастыр
Арттық сөзді тап: 1к.Қосу,азайту,жұма,тең болады,артық. Аяз,боран,қаңтар Кітап,қалам, жіп, өшіргіш. Алма,жүзім,сүт,банан
3- тапсырма -дыбыс туралы айтып бер Үнтаспадан әртүрлі дыбыстар шығады. -Балалар бұл не? -Дыбыс деген не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыс қалай айтылады?
– Оларды қандай түспен белгілейміз? -Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? -Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз? – Әріп деген не? Жарайсыңдар! Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
« Сиқырлы әріптер» ойыны. Кубикті лақтырып, қандай әріп түссе сол әріптен басталатын сөз ойлап, сөйлем құрастырып буынға бөлуіңіз керек. 4-тапсырма: «Сурет бойынша әңгіме құрастыр» Табиғат туралы көрініс «Ертегілер елінде» ойыны Ертегі кейіпкерлер суреті бойынша бұл қай ертегі екенін айтып беру.
|
Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. Қазақстан тәуелсіз мемлекет.
Біздің елордамыз Астана қаласы. Біз Форт-Шевченко қаласында тұрамыз. Ұлтымыз қазақ.
СезімҚ: Қазақстан халқымның Қазақ тілі-тірегі Ана тілде айтылар Әнұраны жүрегі
АқеркеС: Біз Отанның гүліміз Туған жердің нұрымыз Тәуелсіз біздің еліміз Қазақстан бай жеріміз Балалар санайды.
Дөңгелек Сопақша үшбұрыш төртбұрыш Тіктөртбұрыш
Барлығы 5 алма 1 күн бар 3 көзі бар
2 қозы қалды
Жұма сөзі артық
Қаңтар сөзі артық Жіп сөзі артық Сүт сөзі артық
-Бұл дыбыстар. -Дыбысты біз естиміз. -Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар. -Дауысты дыбыс әндетіп, созылып айтылады. -Қызыл түспен. -Дауыссыз дыбыс кедергіге ұшырайды.
-Көк түспен. Әріпті біз көреміз, айтамыз, жазамыз. Әртүрлі сөздер айтады. 42 әріп бар Ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө, –
Балалардың жауабы
Балалар қай ертегі екенін айтып береді |
Рефлексивті түзетушілік | Балалар біз қайда келдік.
Қандай тапсырмалар орындадыңыздар Сіздерге ұнады ма? |
Балалардың жауабы |
Күтілетін нәтижесі:
Орындайды: берілген тапсырмаларды орындайды
Түсінеді: ойын шарттарын түсінеді
Қолданады: жыл бойы алған білімдерін көрсете алады