21-ден 100-ге дейінгі сандар
Күні:
Сынып: 2 |
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: |
||||||
Сабақтың тақырыбы | 21-ден 100-ге дейінгі сандар | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
|
||||||
Сабақтың мақсаттары | Екі таңбалы
сандардыоқу, жазу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру.100 санының құрылуымен таныстыру
|
||||||
Жетістік критерийлері | оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады;
тақырып мазмұнын өздігінен ізденіп, топ жұмысына белсене араласып, өзін өзі реттеуді қалыптастырады; оқушылар алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға, өздіктерінен жұмыс жасай білуге үйренеді; есеп шығару, салыстыру, талдай білу дағдылары қалыптасады;
|
||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Сурет өнер | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||||||
Тілдік құзыреттілік | Табиғатқа саяхат. . | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
– Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда. Ауызша жаттығулар( математикалық лото колдану) 2 ондық және 5 бірліктен, 4 ондық және 7 бірліктен тұратын сандарды ата; 54, 78, 26 сандарының алдындағы санды ата;
92, 26, 77 сандарынан кейінгі сандарды ата;
42 және 49, 78 және 84 сандарының арасындағы сандарды ата.
|
Шаттық шебері
|
|||||
Сабақтың ортасы
8 минут
|
Ой шақыру: (Еске түсіріу,жаңарту) 11-ден 20 –ға дейінгі сандар құрамы.
Ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі. /қима қағазбен жұмыс/ Сыйқырлы жақша ойыны 10+60- 40 = 30 100 – 50 – 50 = 0 100 + 50 – 50 = 100 70 – 20 + 10 = 40 80 – 30 – 30 = 20 70 – 20 + 10 = 60
Шарты: Бұлт күнімізді жасырып қойыпты, есептерімізді дұрыс аяқтасақ, күнді құтқарып аламыз.Сыйқырлы жақшаларды орын-орнына қойып , есептің мәнінің дұрыстығын тексеріп, шуақ жасап күнге берейік
(Өте жақсы).
Енді тақтаға назар аударамыз. Ойлан, тап. Шарты: Ішкі және сыртқы қоршаудағы сандармен мәні 12,26,16,18,20-ға тең болатын қосындыларды құрастыр «Кім жылдам» Шарты: балалар алдарыңызға қима қағаздар таратылып беріледі. Сол бойынша берілген теңдеуді жылдам шешіп, қонақтарға көрсетеміз. Теңдеуді шеш: 30 + x = 80 x – 38 = 42 80 – x = 50
Келесі бөлім «Сырық» Шарты: Таяқ сырықтың бойына өлшем бірліктерін қойып шығамыз. Шама өлшем бірліктерімен сырық басын теңестіріп, салыстырамыз. 32 см= дм + 2 см дм + 9 см = 49 см 26 см = дм + см дм + см = 56 см 47 см = дм + см дм + см = 72 см
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|||||
Сергіту сәті
1 минут |
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ | |||||
Аяқталуы
16 минут
Қызықты тапсырма 8 минут
|
«Кім жүйрік» Мәселе есеп
Сыныпта – 30 оқушы Ш : 30 – 10 + 5 = 25 Шықты – 10 оқушы Кірді – 5 оқушы Сыныпта қанша оқушы қалды ? Жауабы: Сыныпта 25 оқушы калды
Оқушылардың білімдерін бағалап, сабақты қорытындылау Бүгінгі сабақта не істедік? Қандай ойындармен нені құтқардық? Күннің табиғатқа, адамға қандай пайдасы бар? Олар несімен өмірге қажет?
Жұппен жұмыс. Меңгеру Сыни тұрғыдан талдау (жұппен жұмыс) Кері байланыс. Өзара бағалау ( дескриптор бойынша) Бағалау СГ 3. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету Оқытудың мақсаты бойынша.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
|||||
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
(Берілгені, табу керек, шешуі, жауабы деген этаптарын толық анықтай алуы)
|
Смайликтер |
|||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Математика сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |