Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындар арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарту»

«Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ойындар арқылы ұлттық мәдениет көздеріне тарту»

            Ұлттық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары — ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері. Бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. 1-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған. Ұлттық ойындарды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әр түрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақ ұлты, негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қо-йып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойындарды орайластырып, дамытып отырған. Мұны бір ойынның бірнеше нұсқаларының болуы да айғақтайды (Мыс., белбеу тастау, орамал тастау, ханталапай, жаяу көкпар, т.б.). Қазақ қоғамындағы ұлттық ойындардың негізі, оның шығу тегі көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерден басталады. Олардың көбі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізделген. Ойындардың басты тәрбиелік мәні — болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады (Айгөлек, Алтыбақан, Ақ сүйек, Соқыр теке, Таяқ жүгірту, Көрші т.б.).

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайық-тары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық — Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабыл-дау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.

Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге — құрмет, кішіге — қамқорлыққа баулып, адамдық қасиеттерді ұғындыру, қалыптастыру болып табылады.

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :

  • балалардың денсаулығын нығайту;
  • денені шынықтыру;
  • мәдениетін қалыптастыру;
  • өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.
  • ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:
  • қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;
  • қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;
  • денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;
  • қызығушылығын қалыптастырып дамыту;
  • ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
  • ойынның мақсатын нақты анықтап керекті көрнекіліктер мен материалдарды алдын-ала дайындап, оңтайлы жерге қою.
  • ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін балаларға әбден түсіндіру.
  • ойынға балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
  • ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
  • ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
  • ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
  • қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
  • міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Қорыта  келгенде,  қазақ халқының  ұлттық  мұраларының бірі  –  ұлт ойындары.  Өйткені   ұлттық  ойындар арқылы  біз болашақ жастарды  рухани  сезімге тәрбиелей аламыз. Ойын — бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, бiржағы көңiл көтеру, дем алу, бiржағы бас қосып бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу болып саналады. Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана сүтімен, ана тілімен, бесік жырының әлдиімен беріледі. Тәлімгерліктің бұлақ көзі де, тәрбиенің барып кұяр арнасы да мектепке дейінгі мекеме — балабақша екені белгілі. Еліміздін ертеңгі болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамызға жүктелер жауапты міндет болмақ. Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы — балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.

Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп- жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлттық ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *