Шеберлік сынып Тақырыбы: “Сын тұрғысынан ойлау”

сын тұрғысына арналған шеберлік сыныбы

Аты-жөні:Байменова Гүлжан Тоқтамысқызы

жұмыс орны Мамлют ауданы, Бостандық орта мектебі

 

Шеберлік сыныбы

Тақырыбы: Сыни тұрғысынан ойлау
Өту ұзақтығы: 30 минут
Мақсаты: Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Оқу нәтижелері: -мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;

-білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;

-жеке ерекшелігі мен қыбілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;

-білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;

-құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;

-ой-өрісі ғана емес,  рухани және әлеуметтік жағынан өздерін- өздері дамытып, тәрбиелеуге.

 

Түйінді идеялар: сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс.
жұмыс жасай отырып жеке тұлғаны дамыту.
Кезеңдер:

Жаттығулар:

Мұғалімдердің әректтері: Нәтижесі:
І.  Педагогикалық тәжірибе таныстырылымы

5 мин.

Мен Байменова Гүлжан Тоқтамысқызы Мамлют ауданы Бостандық ауылында тарих және география пәндерінен сабақ беремін. Еңбек өтілім 8 жыл, 1 санат.

Бостандық орта мектебінде 80 оқушы, 5 және 11 сыныптар аралығында сабақ беремін. Кей сыныптарды 5 оқушыдан сондықтан ондай сыныптарда топтық жұмыс істеу қиын.

Сыни тұрғысынан ойлау бойынша барлық сыныптарда сабақ өткіземін сыныптар белсенділік таныта отырып қатысады.

 

ІІ. Жобалау

20 мин

 

1.     Сыныпты топқа бөлемін. «молекула атом» ойыны бойынша. Оқушылар ортаға шығып жүреді 3 дегенде 3 оқушы бір – бірінің қолынан ұстап 1 топ құрайды.

2.     Топтар өз лидерлерін сайлайды.

3.     Топтарға тапсырма беріледі атлас бойынша Қазақстанды оңтүстіктен солтүстікке, батымтан шығысқа қарай өткенде қандай нысандарды кездестіресіңдер соны ватманға салу.

4.     «Галлерея» стратегиясы 2 топ бір біріне барып жұмыстарымен танысады сағат тілі бойынша. Топтар 2 жұлдыз 2 ұнаған нәрсесіне тілек жазады. 1 тіліек жақсарту керек нәрсесін жазады.

5.     Әр топ қортынды шығарып ортаға салады.

6.     Рекорд кітабына Қазақстанның  қай аймағын енгізуге болады? Эссе жазу.

7.     Бағалау.

 

 

 

 

 

Оқушылар Қазақстанның физикалық – географиялық жағдайын жақсы білуі.

Физикалық сауаттылыққа үйренеді.

Картамен жұмыс жасау.

Рефлексия

5 мин

 

Менің көңіл –күйім қандай? Портрет салу. Сабақтан алған әсерін білдіреді.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *