Сақтардың Александр Македонскийдің әскеріне қарсы күресі
Сабақта қол жеткізетін
оқу мақсатты: -Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің
халықаралық сахнадағы орынын анықтау.
Сабақтың мақсаты: -Ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтайды.
– Сақ тайпаларының әскери өнерінің ерекшелігін біледі.
Бағалау критерийі: -Сақ тайпаларының әскери шеберлігін талдайды.
Тілдік мақсат: Александр Македонский,Самарханд,Арриан,скифтер, партизан.
(Оқушылар күрес туралы мәтінді оқиды,күрестің мазмұнын айтады,тыңдайды және талқылайды).
Құндылықтарға баулу: Өз Отанын құрметтеуге, елжандылыққа, болашақтың дамуына
үлес қосуға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: География, әдебиет, дүние жүзі тарихы.
Алдыңғы білім: Сақтар тәуелсіздік үшін қалай күресті.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Ресурстар:
Сабақтың басы: 1.Ұйымдастыру. 1.Топқа бөлу.
- Сұрақтар арқылы қайталау әдісі.
Сұрақтар: 1.Шырақтың ерлігін қалай бағалайсың?
- Парсы патшаларының сақтарға қарсы қандай жорықтарын білесіңдер?
Дескриптор: Шырақтың ерлігін түсіндіреді,оны өздерінше бағалайды.
Парсылардың патшаларын атайды,сақтарға жасаған жорықтарын
айтады.
Сабақтың ортасы:
Тапсырма-1. 1-топқа. Александр Македонский кім,ол сақтардың жеріне не үшін қызықты деп ойлайсыңдар?(ақпараттар іздеп сұрақтарға жауап дайындау)
2-топқа.Сақ тайпаларына дейін де қандай жерлерді жаулап алған.
(картамен жұмыстану)
3-топқа.Тәуелсіздік үшін күрескен танымал сақ батырлары кімдер?
(постер қорғау)
Тапсырма-2. (дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырма)
Мәтінмен жұмыстану:Сақ тайпаларының әскери өнерінің ерекшелігін
анықтаңыз.Ежелгі грек тарихшысы Аррианның Александр
Македонскийдің Сырдариядан өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағанын
туралы жазғанын айтады. Спитаменнің соғысу ерекшелігіне тоқталыңыз.
Сабақтың соңы:
Тапсырма-3. (проблемалық сұрақтарды шешуге арналған тапсырма)
1.Спитамен көтерілісі туралы Арриан не деп жазды?
2.Соғыс халықтың өміріне қалай әсер етті?
3.Кир патшаның сақтарға жорығы жүзеге асты ма?
4.Александр Македонский өз мақсатына жетті ме?
Үйге тапсырма. Александр Македонский туралы әңгіме жазу.
(қосымша ақпараттар іздеу арқылы)
Саралау: Барынша қолдауды қажет ететін оқушы: 1 тапсырма.
Орташа қолдауды қажет ететін оқушы: 2 тапсырма.
Қолдауды аз қажет ететін оқушы: 3 тапсырма.
Бағалау: Бүгін сабақты түсінбедім: қызыл.
Сабақтың кейбір тұсын түсіндім: сары.
Сабақ ұнады,толық түсіндім: жасыл.
Сабақ бойынша рефлексия. Бүгін оқушылар нені білді? Сыныптағы ахуал қалай болды?
Сабақта кейбір оқушылардық мүмкіндіктері барын байқадым,
оларға әдіс-тәсілдерді көбірек қолдану керекетігін түсіндім.
Келесі сабақтарда әсіресе не нәрсеге көңіл аудару қажет.