1920-1930 жылдардағы шаруаларға және ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын- сүргін

Сабақтың    мақсаты:
Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық  қасіреті. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Патриоттық, болашақта саясатқа араласа алатын саяси сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Оқушыларды Отан — сүйгіштікке, достарын тыңдай білуге, өзін дұрыс ұстап, саяси түрде ойын, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету. Оқушыларды бірлікке, топтық жұмысқа, сыйластыққа, мәдениеттілікке, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу.

Сабақтың типі: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар: Қазақстанның  картасы, қазақ зиялыларының суреттері, слайд шоу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
•  Оқу құралын тексеріп түгендеу
•  Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Домино:

1.Түркістанда коммунистік партия қай жылы құрылды? ( 1918 жыл)

2.Ф.И.Голощекиннің Қазақстанға жүргізген саясатының атауы?

(  Кіші Қазан)

3.Қазақстанда ұлттық мемлекет құруға ат салысқан қазақ зиялыларын ата.

( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, С.Асфандияров)

4.Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті аса ірі мал иелерін « Тәркілеу туралы» Қаулыны қай жылы қабылдады? ( 1928 жылы, 27 тамызда)

5.1933 жылы И.В.Сталинге хат жолдаған кім? ( Тұрар Рысқұлов)

6.Қазақ КСР Конституциясы қашан қабылданды? ( 1937 жылы)

7.Жастар Одағы коммунистік партиясының жетекшісі? ( Ғани Мұратбаев)

8.1933 жылы Қазақстанның бірінші хатшысы болып кім сайланды? (Л.Мирзоян)

ІІІ. Жаңа тақырып.
Жоспары:

  1. Саяси қуғын – сүргіннің негізгі кезеңдері, себептері, барысы.
  2. Қазақстанның  “Лагерлік  өлкеге ” айналуы.
  3. «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау.
    4. 1937-1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары

Сабақты бастамас бұрын  жаңа сабақты өту барысында кездесетін термин сөздерге тоқталу.
Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеунік билігі.
Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына  қолданатын қатаң жазалау шаралары. Репрессия — бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары.
Геноцид – қандайда болсын ұлттық, этностық немесе діни топтарды толық немесе жартылай жойып жіберу.
Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам өмірінің  барлық саласы мемлекет тарапынан, толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрлыс түрі.

Тоталитарлық  режім  — Тоталитарлық – (латын сезінен – totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында  шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады.

Тоталитарлық режимде:

  1. Тек бір партия билік жүргізеді.
  2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
  3. Бір идеология ғана жарияланады.
  4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс  құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жыл 5 желтоқсанда Кеңес Одағының жаңа Сталиндік Конституциясы қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ.Оларға заң шығару құқығы берілмеді.Одақтың өктемдігі астында өмір сүретін болды. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы»  қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін  «геноцид саясаты»  осылай басталды.

Қазақ зиялы қауымын жаппай қудалау 3 кезеңнен тұрды:
1. 1928жылдың  соңында 44 адам- бұрынғы «Алашорданың» қайраткерлері «буржуазиялық» ұлтшылдар деген кінәмен тұтқындалды.Олар: слайдтан көрсетіледі.
2. 1930 жылы қыркүйек-қазан айларында 40 адамнан тұратын  2-ші топ ұсталды.Олардың 15-сі Ресейдің орталық қара топырақ аудандарына жіберілді.1937-1938 жылы лаңкестік жаппай сипат алды.Көптеген зиялылар 1937-1938 жылы атылды.

Соның ішінде деп слайд арқылы  сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз.
3. 1946-1953 жылдар  Қ.Сәтбаев,М.Әуезов,Е.Бекмаханов қуғынға ұшырады.
«Халық жауларын» жазалау.Біріккен мемлекеттің саяси басқарманың (БМСБ) үштігі «Алашорда» қайраткерлеріне мынандай жалған кінәлар жапты:
— Кеңес билігінің саясатына қарсы шықты;
— Жауапты кадрларға қатысты лаңкестік актілер ұйымдастыру үшін жастар арасынан әскери топтар ұйымдастырған;
— Жастар арасынан әскери кадрлар дайындаған;
— Байлар мен арадағы байланысты орнату үшін «Алқа» үйірмесін құрған;
— Кеңеске қарсы үгіт жүргізген;
— Қазақстанды КСРО-дан бөліп әкетіп,Жапонияның протектораттығына бермек болған;
— Өздері Жапония мен Германияның тыңшысы, «ұлтшыл фашистер» деген т.б болжаммен айыпталды;

Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары:

Қазақстанда саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылдады.

Мақсаты:

— отаршылдық салдарын жою

— саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру

— тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру

Статистикалық мәлімет:

Ресми деректер бойынша КСРО –да 3,77 млн адам  Сталиндік  репрессия құрбаны болған.  Олардың 500 мыңы  атылса , қалғандары

— 25 жылға дейін бас бостандықтарынан  айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 жылдар  аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз  қуғындалған адам ақталды. Олардың ішінде Қазақстанға жер аударылғандар бар.

Саяси қуғын-сүргін сипаттары:

— 1921 – 23 жылдарда  малды тартып алу

— малдан айырылудың кесірінен болған аштық

— шаруалар  көтерілісі мен “бандыларды жою” деп аталған қырғын науқан

— бай –кулактарды  жою, олардың мүліктерін

тәркілеу және жер аудару

— 1923-33 жылдар   аралығындағы дін өкілдерін жазалау

— халық жауларымен , шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес

Сұрақтар:

1937-1938 жылдары репрессияға ұшыраған алаштың біртуар азаматтарын ата?

1937-1938 жылдары репрессияға ұшырағандарға тағылған айып түрлері ?

Айып түрлері :

— халық жауы

— Отанына опасыздық жасағандар

— шпиондар

— сатқын

— буржуазияшыл –ұлтшыл

Жазаның түрлерін ата ?

Жаза түрлері:

  1. Жаппай өлім жазасына кесу
  2. Түрмеге қамау
  3. Тұтас жер аудару
  4.  Қылмыстық істерді  қолдану
  5. Адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау.

Сонымен, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқынды дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды .

СТЕПЛАГ — «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 жылы  Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан  КСРО ішкі істер халық комиссариатының  (НКВД) ірі лагерь «Жезқазған лагері және КСРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның іске қосылған және салынып жатқан бөлімдерінің бәрі  НКВД-ның қарауына беріліп, ол «НКВД Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты» деп аталды.1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ деп аталды. СТЕПЛАГ-тың басты міндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып  бітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуірінен бастап  жұмыс істеді.1942 жылдың 1 қаңтарында лагерьде 120–140 тұтқын ұсталды. Бұлардың ішінде 1830-ы төңкеріске қарсы қылмыстылар, 548-і бандитизм және кісі өлтіргені, 108-і шекараны рұқсатсыз өткені, армиядан қашқан және әскери қылмыстары, 9050-і өзге де қылмыстары үшін сотталғандар. Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер  және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды. Соғыстан  кейін лагерьге   12 мың Кеңес тұтқындарына 8 мыңға жуық соғыста қолға түскен немістер мен жапондықтар келіп қосылды. Лагерь үш негізгі бөлімшеден тұрды: Кеңгір, Жезқазған және Қарсақбай бөлімшесі.

Жұмысының ауырлығы, лагерь ішіндегі қатаң тәртіп жағынан Степлаг  басқа лагерьлерден де асып кетті. Бірақ адам төзгісіз ауыр каторгалық еңбек, аштық, жалаңаштық, ауру, мыңдаған адамдардың өлімі тұтқындардың еңсесін басып, рухын жасыта алмады. КСРО-ның барлық лагерьлеріндегідей, мұнда да зорлық-зомбылыққа, қатал тәртіпке қарсы наразылық үздіксіз бой көрсетіп отырды. Лагерьлер жүйесінде ең көлемді, әрі ұзаққа созылған тұтқындар көтерілісі осы СТЕПЛАГ-та болды.

Алжир . Лагерьде 22 болімше болған онда. 22 мыннаң астан жазықсыз жазаланған  «Отаның  сатқандардың әйелдері  азап  шекті. Сотталған аналар орналасқан лагерьді  көпшілік «Алжир -cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.

Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды. Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын.

  1. Қазақстанда тұңғыш жазалау шаралары қай жылдары  басталды?
    2. И.В.Сталин мен Ф.И.Голощекиннің фотасын қойып қандай байланыс бар екенін анықтау.
    3. Жаппай жазалау шараларының себептері?

 Сабаққа бетбұрыс стратегиясы. «Ұлы есімдер сөйлейді».
1) «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды…!»

2) «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
3) «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар.

4) ХХ ғасыр Еуропа патшаларының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?».
(А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов)

« Ф.И.Голощекин». « Кіші Қазан». « Ұлт зиялылары»!

Жауабы: Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде ол « Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды.Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты.

 

 

« Космополит». « В.В.Бартольд». «Әкімшіл- әміршіл»!

Жауабы: Қазақтың зиялы қауымына « космополит» деген айып тағылды.(Яғни, космополит дегеніміз-шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілер) « Космополиттер» қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В. Бартольд та енгізілді. Оған « араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген» деген кінә тағылды.Соғыстан кейінгі жылдарда қоғамда өзеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтрып тастады.

 

10.Математикалық ойын.

І топ.

  1. 400х4+347=1947 (карточкалық жүйе жойылды)
  2. 800х2+339=1939(екінші дүниежүзілік соғыс)
  3. 3800/2+91=1991 (Тәуелсіздік жылдары)

ІІ топ.

500х3+454=1954 (тың игеру жыл)

1016х2-100=1932 ( ашаршылық басталды

400х4+337=1937 (репрессия жылдары)

 

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабағымызды қортындылай келе Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды. Иә, бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубет жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты.Елбасының жарлығымен

1997 жыл,  — Жалпыұлттық татулық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы ,31-ші мамыр еске алу күні деп жарияланды. Қазақ халқын қынадай қырған сол бір сұрапыл нәубетке мәңгі лағынет айтамыз!
Сабақты бекіту:

Кеңес билігінің тұсында құғын – сүргіннің  қайталанып отыруының себебі неде деп ойлайсыңдар?

Қазақстанның  құқығы жоқ мемлекет болғандығын неден дәлелдеуге болады?

 

Бағалау:
Үйге тапсырма: Саяси – қуғын сүргін құрбандарына байланысты эссе жазу.

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін зардаптары, «Алаш » партиясының қоғам қайраткерлері туралы мағлұмат жинау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *