«Ана – өмір шуағы»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекіліктері: Тақырыптық қағаздар,суреттер, интерактивті тақта,түрлі түсті қағаздар, жүрекше, май шам, қима қағаздар, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер
Мұғалім: Құрметті аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезіммен нұр құйып,тағыда 8-Наурыз халық аралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізде аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Құрметтіаналар,біздің сыныптың қыздары!8-Наурызхалықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын…Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Олай болса ұл-қыздарыңыздың сіздердің құрметтеріңізге арнаған өлең-шумақтары мен өнерлерін тамашалаңыздар!
Қадірлі ата- ана! Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар баршаларыңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. 8 наурыз мерекесіне орай бүгінгі 2 «а»сынып оқушыларының өткізгелі тұрған
Мұғалім : Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Балалар: Қазір көктем мезгілі
Мұғалім: Дұрыс, бізде қазір көктем мізгілі. Күн жылынды, құстар қайтып келді, қар еріді. Олай болса көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші
Оқушылар : Наурыз, Сәуір,Мамыр
Мұғалім : Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Ал, Наурыз айындағы қандай мерекелер бар?
Оқушылар: Аналар мерекесі! Наурыз-той!
Мұғалім : Өте жақсы, балалар. Балалар, бүгін бізде қандай күн?
(оқушылар хормен айтады)
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Мұғалім : Тамаша! Бүгін наурыздың сегізі – Аналар күні.
Аналар, әжелерді сендер сүйесіңдер ме?
Балалар: Иә, сүйеміз.
Мұғалім : Бұл кісілерді біз сыйлау керекпіз, қадірлеу керекпіз. Сендер ана, әжелерді қалай сыйлайды екенсіңдер, айта қойыңдаршы?
1-оқушы:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
2-оқушы:
Ана деген – асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты,
Таба алмайсың ешқашан.
3-оқушы:
Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
4-оқушы:
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы анашым!
5-оқушы:
Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
6-оқушы:
Алтын адам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан үйге шаршап келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған..
Хор: «Анамның тілі – аяулы үні»
Би: «Ерке сылқым» «Көркем» бишілер тобы, қарсы алыңыздар
7-оқушы:
Анаң болса қасыңда, Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.
8-оқушы:
Бізге қарап елжіреп, … Сүйсе беттен күнім деп, Құшақ ашса келші деп, Жүгіреміз күлімдеп.
9-оқушы:
Ана менің – өмірім, Ана менің – көңілім. Ана менің – күндерім, Ана менің – күлгенім. Ана деген зор байлық, Осы менің білгенім
10-оқушы:
Ана – біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы – Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған
11-оқушы:
Анам, анам, ақанам Мен өзіңдей ақ балаң, Айтқан тілінді аламын Жұмсағанда барамын.
12-оқушы:
Өмірде ана бұлақ, ана пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана.
13-оқушы:
Ақ бесікке салып мені тербеткен, Әлдиінен ән жинаған жөргектен. Сол еңбегін ақтау үшін анамның, Биіктерді көресіздер мен жеткен
14-оқушы:
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
15-оқушы:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Ән: «Бала тілегі»
16-оқушы:
Ана деген – ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!
17-оқушы:
Ана деген – бастауы ұлылықтың,
Ана деген – рәмізі сұлулықтың.
Ана деген бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің, Ана деген – қуанышы өмірдің.
Ана деген – әрбір үйдің жылуы,
Ана деген – гүлі туған өмірдің.
18-оқушы:
Менің әжем, нар әжем Көп жасаған кәрі әжем Ауырғанда мен үшін Әр сүйгені дәрі әжем
19-оқушы:
Құрметтейік, о, адамдар аналарды, Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
20-оқушы:
Ана көркі көгімнің Ана нұры – жерімнің Ана бағы – баланың Мақтанышы елімнің
21-оқушы:
Сіздерден өскен балалар – Батырлар мен даналар. Құрметті әжелер, аналар, қыздар! Құттықтаймыз мейраммен!
22-оқушы:
Құшағы кең теңізден Аясындай гүл-бақтың, Аппақ сүтін емізген, Қымбаттысы қымбаттың Анам қандай жақсы адам.
23-оқушы
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Ана дейді сәбилер де жарқылдап. Ана деген – бәйтерегі өмірдің, Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
24-оқушы:
Ана десем сәуле шашып жанары, Өмірімнің бастау алар жаңа әні. Ана десем тіршілікке пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
25-оқушы:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен. Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
26 – оқушы:
Ана деген – жүректегі асыл ән,
Ана – бақыт деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің – өмірдегі асыл жан!

– Балалар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі: – АНА!
Бірге: «Құттықтаймын ана, мерекеңізбен!»
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, сіздер ата-ананы, ата-әжені жақсы құрметтеп, сыйлайды екенсіңдер, біреулеріңіз ән айтып, біреулеріңіз би билеп, біреулеріңіз жүректеріңізден шыққан өлең шумақтарыңызбен анаға деген махабаттарыңызды көрсете білдіңіздер,сіздерге қатты риза болып тұрмын. Сіздерге көп-көп рахмет!
Ән: « Болайықшы осындай»
Мақал-мәтелдер сайысы
І топ:
1.Анасын ренжіткендерді
Алла тағала да жақтамайды.
2.Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар.
3.Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
4.Баласы атқа шапса, анасы үйде тақымын қысады.
5.Анасын сүйгеннің баласын сүй.
6.Ананың сүті-бал, баланың тілі – бал.
7.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
8.Анасыз өмір — сөнген көмір.
9.Алты бала таппай, ана атанбайды.
10.Әкесіне қарап ұлын,
Шешесіне қарап қызын таны.
ІІ топ:
1. Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.
2.Ата-анам бар болсын,
Аузы-мұрыны жоқ болсын.
3.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
4.Ата-анадан жар жақын.
Туысқаннан мал жақын.
5.Атаның құны, ананың сүті.
6.Күтсең ата-анаңды,
Кешірер атаң қатаңды.
7.Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.
8. Ана бір қолымен баланы тербетсе,
Екінші қолымен әлемді тербетеді
9.Ананың ойы балада,
Баланың ойы далада.
10.Ақ шашты ана: “жастығым — балам” дейді.
Ақылды бала: “ай-күнім — анам” дейді.
Ән: «Анамның тілі»
Орындайтындар: «Балдырғандар» тобы
ХІІ. «Гүл сыйлау» ойын:
Шарты: Оқушылар Аналарына ашық хат ұсынып, тілектерін айтады. «Құттықтаймын!» деп береді.
Ұлдар қыздарға сыйлықтарын ұсынады
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
деп өз ойымды білдіргім келеді.
Тағыда 8 наурыз «Халықаралық әйелдер, қыздар күнімен шын жүрегіммен құттықтаймын!
Алтын уақыттарыңыз бөліп келгендеріңізге сыныптың атынан және өзімнің жүрегімнен шыққан ризашылығымды білдіремін, көп-көп рахмет!
Аналар мен әжелерге дайындаған сыйлықтарын таратып беру.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *