Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
Мақсаты: Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру.
Міндеттері:
— театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
— сөздік қорларын байыту;
— ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
— кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
Саналы, өскелең ұрпақ тәрбиелеу-әрбір тәрбиешінің міндеті. Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор.Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады.
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ертегінің алатын ролі өте зор. Ертегі – қай халықтың фольклорында да ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі, арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады.
Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».
Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері «ай десе-аузы, күн десе-көзі» бар сұлу, не алтын шашты қыз, солармен қатар айдаһар, жеті басты жылан, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан патшасы, басы алтын киәк жатады.
Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады. Мысалы, «алты айлық жерді алты аттайтын тұлпар», өзі ұшатын кілем, көреген батыр, саққұлақ, желаяқ адам-адамның ұлы армандарын білдіреді.
Адам аяғы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған.
Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, жануарлар туралы болып бөлінеді.Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі ғажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі.
Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы, озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа, сюжеттері бір бағытта болып келеді. Тұрмыс-салт ертегілерде қойшы малшы, бақташылардың тұрмысы суреттеледі. Бұл ертегілерің өзіне тән
Қазақ халық ертегілерінің ерекшелігі — өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады. Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және арыстан», «Қоянның зары», «Күшік пен мысық» т.б. ертегілер жатады
Қазақ халық ертегілері жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қазақ халық ертегілерін пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.
Адамның балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр. Кейде өмірде қиын жағдайлар кездесіп жатады. Не істеу керек? Қандай дұрыс шешім қабылдау керек? Осы сұрақтарға жауап табу үшін ертегі бізге асығады.
Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынына сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.
Қазақ кейіпкерлері батылдық, батырлық, мейірімділік секілді адами қасиеттерімен ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар жақсылық зұлымдықтан үстем шығады. Жағымды кейіпкерлер арасында батырлар да, қарапайым адамдар да, және әйелдер бейнесі де бар.
Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін, ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың жасына лайықты, ертегі, жұмбақ жаңылтпаш, әңгіме естіп өсуі – олардың сөздік қорының молаюына, ақыл-ойының жетілуіне дыбыстарды дұрыс айту мәдениетіне әсер етеді. Өйткені, бала ертедегі жақсы кейіпкерге еліктеп батыр, шыдамды, ақылды, кеңпейіл болғысы келеді. Балалардың ең сүйіп тыңдайтын дүниесі – ертегі қайталап айту арқылы баланың сөздік қоры дамиды. Бұрынғы уақытта балалар көбінесе ата-әже бауырында өскен. Олар үлкендердің ертегі, әңгімесін тыңдап, зейін қойып өскен. Ол балалар үлкенге құрмет, кішіге мейірімді, ілтипатты болған. Қазір көбінесе теледидар немесе компьютер алдында отырады да кино, көпсериялы мультфильмдер көреді.
Ертегілер мазмұны қызықт болса ғана тыңдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстыру /балабақша/ мектепалды даярлық топтарындағы ұстаздардың міндеті. Көптеген ертегі, әңгімені осы жерден естиді, мазмұнын үй ішіне, жолдасына, ата-анасына қайталап айтуға тырысады.
Ертегі мазмұнына сәйкес кейіпкерлерге яғни рөлдерге бөліп драматизациялау, саусақ театры, көлеңке театры, қуыршақ театры балалардың асыға күтетін нәрсесі. Ертегі кейіпкерлеріне сай дауыс ырғағымен айтуға үйренеді, қимыл-әрекетін келтіреді және жүреді.
Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.
«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.
Ал “Мақта қыз бен мысық” және “Қотыр торғай” оқиғалары еңбекпен тікелей байланысты. Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -“Орманға қар не үшін керек” деген ертегіні алуға болады.Оны оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап алып қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға; оны аялап қорғауға үгіттейді.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі – шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес, күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы: «Аяз би», «Тазша бала», «Ұр тоқпақ», «Атымтай Жомарт» т.б ертегілер жатады.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып, оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен, дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.
Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүние жүзі балалары «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.
Қазақ халық ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді.
Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Бала тұлғасының интеллектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңістігінің басты міндеттері болып табылады. Қиял-біздің өміріміздің бір қыры. Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса, ғажайып өнер туындылыры, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді. Балалардың дамуы үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек. Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншақтық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;
1.Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.
2.Суретпен жұмыс. Бір ертегідегі барлық кейіпкерлер бейнеленген суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу қызметінде материалды түсіндіру -үнтаспа, бейнетаспа, суреттер, көрнекілікті пайдалану, әңгімелесу арқылы жүзеге асады
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер – ана,туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Мектепке дейінгі жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тыңдаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек.
Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық, мерген, мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Өйткені, оның жаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор – айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы –ертегі.
Ертегі – ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. “Ұшқыр кілем”,”Адам жеңбек Айыртас батыр” т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі – хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп.
Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соның тыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ.
Ұйымдастырылған оқу қызметі үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.
Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс – тіршіліктері суреттеледі.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі заман талабына сай үздіксіз дамып келеді. Сондықтанда мектепке дейінгі білім мекемелерінде былтырғы жылы Жаңартылған Стандарт бойынша «Коммунникация» саласына драма ұйымдастырылған оқу қызметі енгізілді. Ол арқылы балалардың көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыруға және шығарма желісін сахналау арқылы балалардың белсенділігін, тілін дамытуға болатынын көрсетті. Мектеп жасына дейінгі балалар ертегіні түсініп қана қоймай, оны рөлдерге бөлініп, ертегі қойылымдарын сахналауды үйреніп келеді. Балалар образға кіріп, оны сомдау кезінде өздерін сахнада тұрған кішкентай әртіс ретінде сезініп, бала көңілі шаттыққа толатынын байқап жүрмін. «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметі әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, әр баланың көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Қазақ өнер жұлдыздарының бірі театр майталманы Ш. Айманов «Театр- адамдарды туыстық қарым-қатынасқа тәрбиелейтін орта, сахна өнері-тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деп айтқандай, балалар кішкентай кезінен сахнаны көріп, өздері түрлі ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы сахнаны танып біліп қана қоймай, образға кіріп ойнау арқылы сахна құдіретін сезінетінін өзім бақылап жүрмін. Осы драма сабақтары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілі дамып, сөздік қорлары толығады, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады, дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады, театр өнеріне деген қызығушылықтары артатынын күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінен байқап жүрмін. Біз шағын орталықта драма ұйымдастырылған оқу қызметінде ертегілерді, музыкалық қойылымдарды топтың тәрбиеленушілері арқылы сахналаймыз. Мұндағы мақсатымыз: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту болып табылады.Сол арқылы балалардың тіл байлығын арттырып, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамытып, балаларды адамгершілікке тәрбиелейміз. Ертегілерді пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамытамыз, сонымен бірге көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттырып, ертегіні тыңдай білуге ,есте сақтауға, түсінуге, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білуге үйретеміз. Балабақшадағы балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, ертегі қойылым, жалпы сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын арттырамыз. Ертегі қойылымдарын сахналауға үйрету кезеңдерінде балалардың ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда баланың жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін театрландырылған қойылымдар мен театрландырылған ойындардың пайдасы зор екенін тәжірибеден көріп отырмыз. Қай бала болмасын, әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Сондықтанда әр баланың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына театрландырылған ойындар арқылы да жетілдіруге болады.
Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата – анасының,тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуғатырысады.
Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт – дәстүр, мақал мәтелдер, ертегілер,жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Демек,жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетініңүлгілерініңалатын орын ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі «ертегілер».Балаға бесік жыры қандай маңызды болса,ертегі де дәл солай маңызды.Бүлдіршіндер өте әсершіл келеді. Естіген ертегі мазмұнын есте сақтап, әділдікке сену, біреуге жақсылықжасау, көмектесу сияқты қасиеттерге ие.
Балаға күнделікті жылы дауыспен айтқан ертегі, жұмбақ,жаңылтпаш, күлдіргі әңгімелер сәбидің жан дүниесіне әсер етіп, ізгі қасиеттерін дамытып, ақыл – ойын жетілдіреді. Ертегі арқылы еңбекке, шыншыл болуға, туған жерін сүюге, батыр да батыл болуға тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды,зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Ертегі жаңа өскін балауса буынның сана – сезімін оятып, ақыл – есін дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді.
Тақырыптар керек