Отбасы тәрбиесіндегі өзекті мәселе
Отбасындағы бала мен ата-ана қарым-қатынасы келешек өмірдің айнасы. Баланы жас кезінен еркін сөйлейтін, жігерлі, тиянақты, ақылды болып өсуін ата-ана басты міндетім деп тәрбиелесе , оның нәтежиесі- үлен абырой. Л.С.Макаренко айтқандай, ” біздің балалар – біздің қарт шағымыз. Жағымды тәрбие- бұл біздің бақытты қарт шағымыз, жағымсыз тәрбие-бұл біздің болашақтағы қайғымыз, көз – жасымыз, біздің басқа адамдар және бүкіл ел алдындағы күнәміз”. Сондықтан баланың әр қимылын сөзін, ойын, киген киіміне дейін қадағалап отыру керек.
Балалардың өрескел қылықтары мен мінездері болашақтағы жағымсыз себептерге жолығуына әкеп соқтыратынын әрбір ата-ана ескертіп отыруы керек. Бала мен ата-ана арасындағы байланыс дұрыс қалыптасып, оны саналы, жағымды істерге бағыттайды. Кейбір ата-аналар баланың қатесін түзеймін деп, қатты тәртіппен ұстап, оның арты өкінішті істерге апаратынын білмей де қалады. Осының салдарынан бала қорғансыз , тітіркенішті, кінәлі күйге түседі.
Баланың мінез- құлқын немесе адаммен қарым – қатынасын өзгерту үшін жеке тұлғаның құрылымын егжей-тегжейлі білгенде ғана оның істері түсінікті болады.
Жеке тұлғаның ( әсіресе баланың) ішкі құрылымы – көңіл – күй және қарым – қатынас сезімдері – жағымсыз жағдайларды тез қабылдап, туа біткен зақымдарға әсер етеді.
Жылауықтық, ренжегіштік дауыс көтеріп сөйлеу, ата-ананың көзқарасы, ыммен қорқытуы-тұйық мінезді баланың жүйкесіне әсер етіп, оның ерте бұзылуына себеп болады. Егер бала анасынан бір сәтке көз жазса, ол оның уақытша немесе ұзақ уақыт көңіл-күй сезімдеріне жара түскендей болады. Бұл оның қыңыр, тікбақай, үлкендердің талаптарынан бас тартып, сезімдік өрістерінің зақымдануына ұшыратады. Алға қарай баланың мінез-құлқы жас ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Айналасындағы адамдарға кері әсер ету салдарынан ( өтірік айту, шылым шегу, төбелес, ызаландыру), көңіл-күй және сезімдік өрістері біркелкі болмайды.
Ересектердің бала көзінше айқайласуы, олардың дау-жанжалы, әрбір жағымсыз жағдайлап баланың сезімдік өрістеріне зақым келтіреді. Сезімтал балаларды қорқынышты фильмдер, үлкен жануарлар немесе мултьфильмдегі эпизодттар да жүйкесіне әсер етеді.
Ересек адамдар осы жәйттрады ескере отырып , баланың шынайы сезімдік өрістерінің дамуын болашақта өкінбейтіндей дәрежеде қалыптастыру керек. Жеке тұлғаның тағы бір құрылымы- саналық өріс. Баланың санасы , шамамен үш жастан бастап , ал мектеп щағында тез даму қалыптасады.
Кейде адам санасы балалық шақтың белгілі бір кезеңінде дамуы мүмкін. Бұл көбіне , ересектердің балаға әсерінен болады. Егер баланы таныстардың көзінше оның жетістіктерін, істерінің нәтежиесін асыра мадақтаса, бала өзін жоғары бағалап шынайылықты ескермейді. Мұндай балалар өзін еңбекке қинағысы келмей , қиындыққа төзгіш балаларға қарағанда мақтағанды керек етіп тұрады. Олар қыңыр қылықты , ескертпе сөздерге құлақ түргісі келмейтін, ата-ана тәрбиесіне қанық емес балалар.
Ата-ана баланы мазасыздандырумен немесе тым аяушылық жасап, оны жағымсыз істерге апарады. Сондықтан оған сабарлылықпен, оның жан дүниесіне асқан ұқыптылықпен көңіл бөлінген жөн.
Отбасы -үлгі -өнеге бастауы
Кенжегул Нуржановна Бисембина
әлеуметтік педагог
С.Жиенбаев атындағы орта мектебі,
Оймауыт ауылы, Байғанин ауданы,
Ақтөбе облысы
Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазіргі қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қоғам талабы-заман талабы ,ойткені “әр адам -өз заманының баласы”. Сол себептен адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. Қай заманда да тәрбие жөнінде талай ойшыл педагогтар адам бойындағы теріс қылықтар мен жаман мінез-құлықтар әлеуметтік құрлыстың кемшіліктерінен туады …. халықтың экономикалық тұрмыс жағдайларын,тіршілік -күйін өзгерту керек, адамның өзі де өзгереді,-деп тұжырымдаған.Сондықтан “Туа жаман жоқ ,жүре жаман бар”,”Заман түзелсе, жаман түзеледі”,-деп халық педагогикасы тәрбиенің заманға, қоғамға оның материалдық ,рухани байлығына тәуелді екенін дөп басып жеткізген.
Жас адамды есті,саналы,сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарынын бірден бір парызы. Өйткені “Ес түзелмей,ел түзелмейді” олай болса ,егеменді еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу -тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты-баланың жасын,жеке ерекшелігін,психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.Аталған нысанаға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
-Отбасында баланың өсіп жетілуіне ,денсаулығына қамқорлық жасау,нығайту,бекіту.Тазалық дағдыларын қалыптастыру.
-Еңбексүйгіштікке,еңбекті қажетсінуге баулу,баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру ,үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын үйрету.
-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын,тіл табысып түсінісуін,бірін-бірі тыңдап ,ата-ананы, туған туыстарын,жасы үлкендерді сыйлап,құрмет тұтуға үйрету.
– Оқудың ,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдет -дағдыларын қалыптастыру.
-Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.
-Әдебиетке ,өнерге,мәдениетке,ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
-Баланың ақылына,күшіне,біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету. Бақылау ,тексеру, бағалау.
-Тәртіптілікке ,ұқыптылыққа ,жауапкершілікке бауулу.
-Өзін-өзі тәрбиелеуге,дербестікке, шығармашылыққа бауулу.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса,”Баланың бас ұстазы-ата-ана”. Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын,тағылым-талғамға,әдептілікке баулиды. Себебі отбасы -таным бесігі,отбасы-өркениет ошағы,отбасы-үлгі-өнеге бастауы.Ата-ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі ,адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы,дұрыс қарым-қатынасы арқылы балаға үлгі. “Әкеден ақыл, анадан мейірім “алады. Отбасында “Әке -асқар тау,ана бауырындағы-бұлақ,бала-жағасындағы құрақ” болып есептеледі,ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының әдепті ,арлы азамат болып қалыптасуын армандайды.
Ата-ана отбасының жылылығымен ынтымағын, бірлігі мен тыныштығын ,қамқорлыққа ,мейірімділікке, сүйіспеншілікке негіздеп құрып, сақтап, жанұя мүшелерінің көтеріңкі көңіл -күйде болуын қамтамасыз етіп отыруы керек. Ата-ана отбасында өздерінің күнделікті жұмысы, тындырған ісі туралы бала -шағасының алдында айтып , әңгіме-дүкен құрады. Әкесінің жетістігіне балалары да бірге қуанысады. Бұл мақтаныш сезімін тудырады. Бірте-бірте ұл-қыздарыда өз жаалықтарын ортаға салып айта бастайды. Осылайша жанұя мүшелерінің бір-біріне деген сенімі,сүйіспеншілігі,достық қатынастары нығая түседі. “Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі” -деп тегін айтылмаған. Ата-ана баланың материалдық және рухани қажеттерін қанағаттандырып , талап -тілегімен ,пікірімен санасып отырса ,олардың арасындағы қарым -қатынас сыйластыққа, сенімге негізделеді де ата-анасын жақсы көру ,құрметтеу сезімін дамыта түседі. Ата-ана баламен пікірлескенде бейпіл ,бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді,жылы,ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбиеде табысқа жетеді, өйткені “Жақсы сөз жан семіртеді”
Сонымен , отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие өзара тығыз бірлікте тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ .