«Тіл мәселесі»

«Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт»деген аталы сөз бар. Кім айтса да, тауып айтқан. Бүгінгі қоғамда кейбір қазақ тілін білмей қазақпын деп жүрген, қаны қазақ болса да, тілі орыс қандастарымыз көптеп кездеседі. Елдің өсіп-өркендеуіне септігі тиер, жастар соларға қарап бет түзейтін азаматтардың бірқатары – облыс, аудан, ауыл әкімдері болса, бүгінгі кейбір əкім  тілдері шұбатылып, шұбарланып, ойын анық, түсінікті жеткізе алмай жатқанда, қарның ашады. Бұларды көріп күлерімізді не жыларымызды білмей қаламыз. Бұл аталған жандардың Елбасымыздың салиқалы саясатын қалай қазақ xалқына жеткізіп, қалай басқарып отырғандарына таңым бар. Мүмкін айтарсыздар, орыс тілінде түсінікті жеткізіп отыр емес пе деп. Ия, дұрыс айтасыз. Менің айтпағым да – осы. Ойланыңызшы, бір басшының қол астында бір облыстың белді, беделді, қолында мөрі бар, мансабы бар қаншама құзырлы органдар бар. Оны саусақпен санасаң, олардың шегіне жетпейсің. Олардың өздерінің айналасын да қаншама қызметкерлер шоғырланған. Енді солар қазақ тілін де дайындап берген мəтінді қиналып, екі сөздің басын әзер қосып, бір нәрсе айтқандай болады. Оны тыңдаған адам не түсінеді? Сөзінің мән-мағынасына мән бере ме, әлде қиналып шыққан дыбыс екпінін тыңдап іштей мысқылдап күле ме?Осылай қиналып, сөз сабақтаған адам өткізетін барлық жиындарды қазақ тілінде өткізеді десе, кім сенеді. Сонда өзі қазақ тілін білмесе, қазақ тіліне жаны ашып дамытатынына не ғайбыл. Сондай-ақ, «Ана тілің – қайнаған қаның, қиналған жаның, толғантқан көнілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы. Оның дәні де мәні де болу керек» деген Сұлтанмаxмұт Торайғыров бабамыздың қазыналы мұрасын қашан жүзеге асырмақ. Өздеріне өз тілін үйрену үшін қанша уақыт қажет олар; үйренуге әркет істеп жүр ме екен; елді басқара ма, әлде қазақ тілін үйрене ме – бұның бәрі мен үшін жұмбақ. Бір түсінбейтінім – заңнамамызда «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деген, осы міндетті сол азаматтарымыз орындап, шұбарланған тіл олқылығын жөндеуге өздері бастап мұрындық болмаса, заң кім үшін сонда? «Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніне болайын,»- дейді xалық. Ондай бастықсымақтар өздері үлгі бола алмаса, онда тілі күрмелген басшы қазаққа керек пе? Сондай тілмен отан сүю турасын да əңгіме айтса, кім ереді, кімнің жүрегіне жетіп,  әсерленбек.  Кезінде ата-бабаларымыз «Балық басынан шіриді» деп осы нысандағы басшыларға негіздеп айтқан. Шынында, барлық нәрсені түзетуді жоғары жақтан бастағанда, қазақ тілінің күйі мүлдем басқа болар ма еді? Десек те, жақсылықтың ерте-кеші жоқ, бүгін бастаса да, бәрін түзеуге мүмкіндік бар. Сөзімнің түйіні реттінде, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегім келеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.