Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы балалардың шығармашылығын қабілетін арттыру

Еліміздің жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда Үкіметіміз білім беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына жеткізетін ұл-қыз тәрбиелеуді талап етуде.
Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі.
Мектеп жасына дейінгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айнала қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің жаңа талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрыңғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырылмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейінгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн.
Болашақ ұстаздар мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдеріне бөлінуін жақсы түсініп, дидактикалық принциптерге негіздей отырып, тәжірибеде пайдалануға үйренеді. Мұнда нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезеңдегі бала дамуыныңерекшеліктері мен бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпалын оқып-үйренеді.
Қазіргі кезде жасөспірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өнерінің ықпалы зор екендігін педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп береді.
«Шығармашылық» білім беру саласы танымдық құзіреттілік, танымдық шығармашылық белсенділікке,мектепке дейінгі жастағы балалардың фантазияларымен қиялының дамуына,оларды өз түсініктері,күйзелуі ,сезімдерімен ойларын шығармашылық түрде іске асыруды дамытуға бағытталған.
Бейнелеу сабақтары балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, жеке тұлғаны ұқыптылыққа, дербестікке, еңбексүйгіштікке бейімдейді.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте ұстау, қиял, сезім сияқты тағы басқа психологиялық процестердің дамуына көмектеседі.
Көбінесе бейнелеу оқу қызметі барысында баланың ерекше белсенділігін байқауға болады. Ол, әсіресе танымдық шығармашылығын белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке тұлға өз белсенділігін қоршаған ортамен сезімдік қарым-қатынас, жұмыс процесінде арттыратындығын көруге болады. Ұстаздың ұйымдастыруымен өткізілген іс-әрекетінде танымдық, эстетикалық тәрбие балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады.
1. Дәндерден жасалған коллаж
Дәндерден жасалған заттардың пайдасы
Дәндерден жасалған коллаж түрлері
2. Жармамен сурет салу
Жармамен салудың әдіс-тәсілдері
Жармамен салынған суреттер
3. Шыныда салу
Шыныда салудың жолдары
Шыныдағы теңіз
4. Алақанмен салудың тәсілдері
• Алақанмен салынған суреттер
5. Сулы қағазда сурет салу
6. Сиқырлы балауыз
7. Изолентамен салу
8. Шиыршықтау
9. Таңбалар
Дәндерден жасалған коллаж ұсақ моториканы дамытуға пайдалы.
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде?
Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Педагогтар мақсаты — ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту жаттығуларының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуді үйретуді дәнді – дақылдармен жасалатын тапсырманы орындауда қиындық кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миы құрылымының даму деңгейін көрсетеді
Бейнелеу өнері іс әрекет барысында бірін-бірі толықтыра оқытылу негізі – бейнелеу өнерін басқа пәндермен тығыз пәнаралық байланысты оқыту қажеттілігін де туындатады. Заттан қарап сурет салу барысында бейнелейтін заттардың көлемін талдап,зертттеуде үшбұрыш,төртбұрыш,шаршы,шеңбер немесе цилиндр,куб, конус, шар секілді математикалық ұғымдар, табиғат көріністерін бейнелеуде табиғи құбылыстар, өсімдіктер, жануарлар туралы әңгімелер немесе табиғат сұлулығын, көңіл-күйін, жыл мезгілінің әсемдігін елестететін поэтикалық өлеңдер, музыкалық әуендер тындалуы пәнаралық байланыстың негізі бола алады.
Сөйтіп, бейнелеу өнері жалпы бала бақшадағы балалардың эстетикалық дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің құрамдас бірі ретінде оқытылады.
Әйтсе де балаларға эстетикалық тәрбие беру мен оқытудағы бейнелеу өнерінің рөлі төмендегі көрсетілген талаптарға сай болғанда ғана тиімді болмақ.
1.Бейнелеу өнері қызметінде оқыту мен тәрбие беру мақсат-міндеттерін біртұтас шешу.
2. Балаларды бейнелеу өнеріне оқытуда дидактикалық принциптерді сақтау.
3. Бейнелеу өнері қызметінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.
4. Бейнелеу өнері қызметінде көрнекіліктерді және техникалық құралдарды кеңінен қолдану.
5. Балалардың шығармашылығын,өзі жасаған өнердегі образдарға эмоционалды қөзқарасын, жалпы сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында бейнелеу өнері қызметі барысында ойын, сайыс элементтерін пайдалану.
6.Бейнелеу өнері оқыту бағдарламасының негізі тараулары бойынша оқыту әдісімен үнемі жетілдіру.
7. Бейнелеу өнері қызметінде балалардың жеке басының ерекшіліктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін ескерту.
8. Оқыту мен тәрбие барысында озық іс-тәжірибелерді пайдалану.
Бейнелеу өнерін оқыту мен тәрбие беру барысында озық іс-тәжірибелерді жинақтау,талдау, зерттеу педагогтың өз әдістемелік шеберлігін байытудың бірден-бір жолы. Оқу қызметінің жүйесіне еңгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс – әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Қоршаған ортадан, үлкен өнер туындылырынан сұлулықты көріп қана қоймай,оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды. Бейнелеу өнерінің сезімдік әсерін түсініп, оған қызығушылығы артады. Өзінің және өзгенің жұмысына құрметпен қарап, саналы түрде талдап баға беруге, өнерді өз өмірінің құрамдас бір бөлігі ретінде көруге тәрбиеленеді.
Бейнелеу өнері – мектеп жасына дейнгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл-күйін білдіре алады.
Бейнелеу өнері, ең алдымен, балалардың эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады.
Бейнелеу өнерін үйрету барысында балаларды нұқып қалып сурет салу, саусақтарымен сурет салу, жапырықтардың ізі, түстерді араластыру, кляксография, монотипия, шаммен сурет салу, шаблонография, мыжылған қағазбен сурет салу әдістерімен таныстырдым. Әрбір оқу қызметтерінде түрлі әдісі қолдану барысында балалардың сурет салуға қызығушылықтарын дамытып, өз бетттерімен жұмыс жасауларына мүмкіндік береді.
Жасаған жұмысының әр түрлі бейнесін толығымен шығару. Біздің іс тәжірбиеміз баланың ойлау қабілетін, оның қабілетіне қарай жасау керек. Олар шын ниетпен бояйды. Балалар өздігінен жұмыс жасауға батыл қадам жасайды. Өз жасаған жұмыстарына көңілі толады. Жұмыстарының нәтижесі жақсы болғандығына, үлкендердің көңіл аударғанына қуанады. Күнделікті оқу қызметінде әр түрлі тәсілдерді қолданып,баланың шығармашылығын ояту.
Бүгінгі баяндамамды Мұқан Иманжановтың сөзімен қорытындылаймын: «Бөбектердің әміршісі – сезім. Бұл өте өзгергіш, айнымалы сезім. Бөбек осы лып етпе сезімнің ыңғайымен жүреді. Талпыну мен сезім оны фантазияға берілдіреді. Өйткені түрлі құбылыстарды ұғып білуге оның қабілеті жетпейді. Сондықтан өзінше топшалап, фантазияға беріледі. Бұл оның өзінше күші,ермегі.»

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.