Бала мінезіндегі қайшылықтардың пайда болу себептері және оларды шешу жолдары

Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольды пайдалану, ұрлық сияқты іс әрекеттері жылдан жылға күрт өсуде. Осыған байланысты қоғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып,педагогикалық ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатса да, девианттылық мәселесі әлі де күн тәртібіне түспей келеді. Мектептегі оқушылар арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты   түсініспеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде оқушылар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі

Баланың жеке қасиеттерінің,психологиялық дұрыс дамып кетуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата аналардың саналы көзқарасы және осы принциптердегі негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтежиелі жұмысты қажет етеді. Мысалы, бұл тұрғыда Әль Фарабидің айтқан пікірі бар: «Баланың жасы өскен сайын,оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаныда өсіп отырады. Мұның бәрі тіршілік қажетінен туындайды.Мәселен, балада ең алдымен өсіп өну қуаты пайда болады.бұл оның өмірінде рөл атқарады.Ана құрсағында ақ тән түйсігі,біртіндеп  дәм,иіс айыратын түйсіктер,заттың түсін,пішінін түйсіне алу қалыптасады. Жан қуат тары өмір барысында,оқу тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше,әрекеттенуі,өз бетінше белсенділігі ерекше маңызды.Адамның адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды.Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады»

Бастауыш мектеп кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қаасиеттерді тек “мен” деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай,тиісті мөлшерге қалай бағынады, мінезі , ерік жігері қандай,ашуланғыш немесе сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай? – осы жөнінде де алып қарауға болады.Мінез құлқы қиын оқушылар көбіне агрессиялы болып келеді. Ал, агрессиялы бала кез келген уақытта қиындық туғызуға бейім. Агрессия қайдан шығады? Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланың тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі стреске ұшыратады да, ал стресті өз бетінше жеңе алмаған  бала агрессиялы болуға әкеліп соқтырады.Тәртіп бұзу осыдан шығады.

Мінез құлқы қиын бастауыш мектеп оқушылары мектеп мотивациясының төменгі деңгейі мен оқу әрекетіне құлықсыз қатысуымен сипатталады.

4 сыныпқа  қарай мектеп мотивациясының төмендеу тенденциясы байқалады.

Тәртіп бұзушылық салдарының негізгі сипаты сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушылар тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл мінез көбіне бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен де болады.Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық, ата-ана бірлігінің жоқ болуына да,мектеп өміріне де байланысты.

Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет.

Сонда балада жағымды «Мен» бейнесі қалыптасады,өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай бейне кез келген баланың жақсы жағдайға, нәтежиеге жетуіне,  дұрыс дамуына мүмкіндік береді.

Өсіп келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады.Осы бір көп түрлі қасиеттердің жағымды,жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады.Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, шынайы адалдық, жақсы жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмытушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазашылдық, тағы сол сияқты қасиеттер жатады.Бала бойында байқалатын қасиеттерге  өзіне өзі сын көзбен қарап , мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғару, ойлаған мақсатын орындап шығуы үшін шыдамы мен іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен балада ұштасса қайрымды,байсалды, мағыналы сөзді, батыл мінезді болып қалыптасады. Баланың дамып, нақтыланып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің де маңызы зор.

Бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар.

Психологиялық педогогикалық әдебиеттерге сүйенсек, тәрбиелеудің негізгі екі арнадан тұратынын көреміз. Бірінші,мақшсаттың  орындалатынына бала көзін жеткізу, екінші жақсы әдеп ғұрыпқа дағдыландыру.Осы екі жолды қатар бір бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе, бала мінезі саналық жолға бағытталады. Сынып жетекшінің ролі

Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін,сынып жетекшісі жақсы және әлсіз жақтарын біліп қоймай, оның оқитын, тұратын жерін, кімдермен қарым қатынас жасайтынын білу қажет. Әртүрлі әдіс тәсілдер туралы ата аналармен тығыз байланыста болу керек әңгімелесу, ата аналар жиналысы, анкеталық сұрақтар қою, ата аналардың психологиялық, педагогикалық білімдердің деңгейімен танысу. Оқушының ары қарай жетілуі бағдарламасын қастан бұрын, мұғалім оған әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы өзіндік бақылыау немесе өзіндік талдасауға көмектеседі. Бұл мақсаттарда мына тақырыптарға әңгіме жүргізуге болады. «Сіз қарым қатынас жасай аласыз ба?», «Жалқаулықпен қалай күресуге болады?», өнегелік тақырыпта диспут, дискуссиялар,тұлғалық дамуын анықтауда  «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мені түсіну үшін не істеу керек?», «Өзіңді таны және жетілдір!» т.б.

Оқушылардың мінез құлқында оқушылардың пайда болу себептерін анықтау барысында «Отбасы суреті», «Адамды сал» проективті әдісін, әңгімелесу,т.б.

әдістерді қолдануға болады.

Мінез құлқы қиын балалардың жеке басының дамуында өзіндік бағалау үлкен рөл атқарады.

Ежелден мәлім қағида адам бойындағы адал қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алатын орны ерекше.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *