Киіз үй. Сымтемірден киіз үй құрастыру
Мақсаты: Оқушыларға сымтемірден киіз үй құрастыруды үйрету;
Ой-өрісін,қол икемін дамыту;
Салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік
Көрнекілігі: киіз үй макеті.
Қажетті материалдар мен құралдар: сызғыш, қарындаш, тістеуік, жуандығы 2-3 мм болатын сымтемірлер.
Барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.
II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі.
Киіз үйдің шаңырағын жасау үшін жуандығы 2-3 мм,ұзындығы 50 мм сымтемірді шеңбер пішініне келтіріп, майыстырамыз. Суретте көрсетілген өлшемдер бойынша шаңырақтың күлдіреуіштерін жасаймыз. Ол үшін қалыңдығы 2 мм болатын алты сымтемірді шеңберге дөңестеу етіп бекітеміз. Күлдіреуіштердің бір-бірінен арақашықтығы 5 мм болуы тиіс. Киіз үйдің керегесін жасау үшін сымтемірден диаметрі 100 мм болатын екі шеңбер құрастырамыз. Дайын болған кереге бөліктерін бір-біріне биіктігі 40 мм сымтемірмен бекітіп, құрастырамыз. Одан кейін киіз үй есігінің орнын белгілейміз. Ол үшін екі сымтемірді бір-бірінен 20 мм арақашықтықта бекітеміз. Одан кейін керегелерді байлаймыз. Олардың бір-бірінен арақашықтығы 5-7 мм шамасында болуы керек. Керегелердің табанымен арасындағы бұрыш 45 градусқа тең. Енді киіз үйдің уықтарын бекітеміз. Шаңырақ пен керегенің аралығы 40 мм болуы керек. Сергіту сәті
IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектей оқыту.
2.Сұрақ-жауап
3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады? Киіз үйді тағы қандай материалдан құрастыруға болады?
VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718