Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Г.С.Калиева,
Н.В.Гоголь атындағы жалпы орта мектебінің
8 «а» сынып жетешісі,
Атырау облысы ,Құрманғазы ауданы
Мақсаты:
-Оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
-Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
-Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу.
Көрнекілігі:Тақырыптық слайд,видеоролик
Түрі: топтық жұмыс
Барысы:
Құрметті оқытушылар бүгінгі «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер. Сынып сағатымызды бастамас бұрын ҚР Гимінін орындауымызға рұқсат етіңіздер.
Бүгін біздің топ үш топқа бөлінген. «Қазақстан», «Нұр Отан» және «Жемқорлыққа қарсы» тобы. Бұл топтар өзара сайысқа түседі.
Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездесетінін көрсетіп отыр.
Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Бар беталысқа қарамастан және басқа салада – үкімет билігі және жеке кәсіпкерлердің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы таратуда – мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заң аса егжей – тегжейлі әзірленген. Шынында да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды дискрециялық өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделерінде және мемлекеттік мүддесіне қарамастан лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін иелене алады.
Ендеше сайысымыздың 1 кезеңіне өтейік.
Ата – ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,

Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр – әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, “corruptio” деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ “corrumpire” түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “…мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Ендеше видеороликке жол берейік. «Жемқорлық-қоғам дерті»
Сайысымыздың 2-ші кезеңіне өтеміз.
Оқушылар дайындаған видероликке кезек береміз. Көрсетілген видеороликті келесі топ түсіндірме жасайды.
-Дегенмен, еліміз тәуелсіз алғалы бері жемқорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы мақсатта көптеген заңдар қабылданған. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
Сайысымыздың 3-ші кезеңіне өтеміз.
5 мақал-мәтел қоямын, соның жалғасын табуларыңыз керек. «Қазақстан » тобына қойылатын мақал-мәтел.
1.лкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
(Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.)
2.Әдепті бала – арлы бала,( әдепсіз бала – сорлы бала. )
3. Балапан ұяда не көрсе,
(Ұшқанда соны алады. )
4.Ағаштан ағаш сәнін алады,
(Адамнан адам тәлім алады.)
5.Тәрбиелі адам (тағаланған атпен тең.)
«Нұр Отан» тобына қойылатын мақалдар.
1.Адалдық — ардың ісі.(Ауырды көтеру-нардың ісі)
2.Адалдық жүрген жерде, (адамдық жүреді.)
3.Ағын су жолын табады, (ақ адам оңын табады)
4.Арамдықты адалдық жеңеді, (жамандықты адамдық жеңеді)
5.Ақыл — жас ұланнан,
(Жүйрік — тай құнаннан.)

«Жемқорлыққа қарсы» тобына қойылатын мақалдар
1.Өз білмегеніңді кісіден сұра,(Үлкен жоқ болса кішіден сұра.)
2.Білім гауһар, бағасы жоқ. (Надандық кесел, дауасы жоқ.)
3.Ақыл – тозбайтын тон,(Білім – таусылмайтын кен.)
4.Оқу – білім бұлағы, (Білім – өмір шырағы.)
5.Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні қаріп.)
Ендеше 4-ші кезеңге көшсек, бұл кезеңде алдарыңызда тұрған қағазға өз топтарыңыздың аттарыңызбен қорғай алатындай шағын газет шығарымыз, сыбайлас жемқорлықты суреттей отырып.
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай , сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Көптеген заң бұзушылықтарға, жергілікті атқарушы орган басшылары тарапынан жол берілетіні байқалады. Олар тарапынан өздерінің қарамағындағы қызметкерлерден болмашы жайтқа бола ауыр алым-салымға жүктеу жайттары жиі кездесіп жатады.
Алайда, осындай заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Осындай олқылықтарға жол беруден аулақ болған жөн.

Ендігі кезекте қорытындылау үшін сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Матекова Жанаргуль Нұрымқызына береміз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай – «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады.Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек».

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *