Мұғалім құзыреттілігінің — білім беру жүйесіндегі сапалық көрсеткіштері

Алменова Қарлығаш

Құзыреттілік  – адамның кәсіби талаптарға сай жеке сипат дәрежесі даралылығы мен кәсіби тұлғалық бейнесінің тұрақтануы.

А. К. Маркова.

«Қазақстан Республикасының 2011 -2020  жылдарға арналған дамытудың  мемлекеттік бағдарламасында» орта білім берудің мақсаты алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, адамгершілік  тұрғыдан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты жүйесі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген оқытушылар алдына шығатыны белгілі    Заман талабына сай оқу үлгілерінің қалыптасуы, білімді жаңа технологияны меңгерген ұрпақты қажет ететіні сөзсіз. Осындай бағыттардың бірі мұғалім құзыреттілігінің дамуымен  оның қажеттілігі және тәрбиелік мәнінің қалыптасуы болып отыр.

Жұмыстың басты айдары болып отырған  теориялық идеяларға сүйене отырып, мұғалім құзіреттілігінің дамуымен мәнін ашу және құзіреттілік ұғымына мағлұмат беру болса : құзыреттілік – алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын толық технологияны меңгерген  тұлғаның интегративті қасиеттерінің  жиынтығын қалыптастыру .

Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.

 

Білім беру негізінде  қалыптасқан  үлкен еңбек, ол құзіреттілік :

  • жауапкершілікті сезіну
  • Белгілі бір мәселені шешуге қатысу
  • Технологияларды түсіну, меңгеру, қолдану
  • Еңбекке дұрыс қарым — қатынас
  • Кәсібінде үнемі ізденіс таныту

Біліктіліктің негізі :

  1. Оқып үйрену :
  • Белгілі бір тәжірибені пайдалана білу;

—          Өз білімін өзара байланыстыра  ұйымдастыру;

  • Өзінің жеке оқыту бағдарламаларын құра білу;
  • өзін дамытумен дербес айналысу
  1. Іздеу:
  • Әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру ;
  • ақпараттармен  жұмыс ;
  • құжаттармен жұмыс жасай білу ;
  • жоғары деңгейдегі кәсіптілікпен жұмыс істеу;
  • жоғары сапалы қызметпен қамту

 

Құзіреттіліктің негізгі шарттары :

  1. Әдістемелік құзіреттілік – дидактикалық әдістер мен тәсілдерді білу, оқыту процесінде білімдермен іскерліктерді меңгертуүшін қолдана білу іскерлігі.
  2. Зерттеушілік құзіреттілік- оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрлымы мен мазмұны туралы жаңа білімдерді жасау.
  3. Басқарушылық құзіреттілік- өз қызметімен оқушы қызметін басқару тәсілдерімен қарулану.
  4. Ақпараттық құзіреттілік- қазіргі ақпараттық технологиялармен қарулану, алынған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу.
  5. Коммуникативтік  құзіреттілік- әртүрлі ситуациялардағы қарым- қатнасты бағалай білу.
  6. Білімділік құзіреттілік- өзінің кәсібилілігін үздіксіз жетілдіру қабілеті, жеке қоғамдық өмірде дамып отыру.
  7. Экологиялық құзіреттілік- өзінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Оны прайдалана білу.
  8. Тәрбиелік құзіреттілік- өзінің тәрбиелілігін ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру, ұлттық тәрбиеде кеңінен қолдану.

 

Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:

  1. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет

жүйесін құру.

  1. Өз қызметінде бағдарланған  міндеттерді шешуді тұрақты

түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру .

Құзыреттіліктің  даму бағыттары мен қажеттілігін және тәрбиелік мәнін қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі және оны оқушымен арақатынасында қолдана білу қабілетін анықтау . Мұғалім құзіреттілігінің  қалыптасуына мұғалімнің кәсіби білім сапасының көрсеткіштерінің әсер етуі. Сонымен бірге ең бастысы, заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжрибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, мәдени – рухани құндылықтарға жан дүниесі бай, саналы, тәрбиелі азамат қалыптастыру — әр ұстаздың басты міндеті болу керек.

 

Құзыреттіліктің  негізгі белгілері мыналар:

  • Тұлға аралық және еңбектегі байланыс мәдениеті;
  • Қызметтің экономикалық әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;
  • Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;
  • Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;
  • Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі;
  • Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Ресей жазушысы  Н.Ш. Королева кәсіби құзыреттіліктің  3 негізгі құрамдас бөлігін атап көрсетеді:

Бірінші – адамның осы жұмысқа қарым-қатынасы, оның еңбекке бағыты, еңбекке деген қызығушылығы, жігері.

Екінші  — кәсіпке деген қабілеті (туа біткен қабілеті, бейімділігі).

Үшінші – кәсіби қызметі үшін қажетті білімді меңгеру.

Мұғалім  құзыреттілігінің  — білім беру жұйесіндегі сапалық           көрсеткіштері

Мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен  қамтамасыз ету, оларды отандық, ұяттың және әлемдегі мәдениет арналарын сусындату — басты міндет болып отыр.  Өйткені егеменді елдің ертеңі —  оқу – білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді.

Кәсіби білікті мұғалімнің бойынан:

  • ақпараттық – мазмұндылық;
  • әлеуметтік – тұлғалық; рухани – адамгершілік;
  • операциялық – процессуалдық құзырлылықтар кездеседі.

Педагогтың шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласы:

«теориялық білім + тәжрибе рефлекциясы = даму».

Ең бастысы, заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжрибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, мәдени – рухани құндылықтарға жан дүниесі бай, саналы, тәрбиелі азамат қалыптастыру — әр ұстаздың басты міндеті болу керек.

Мұғалімнің кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылады: оған пәндік білім мазмұны ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдылар мен біліктер де енеді. Мұның бәрі тұтаса келе, педагогтың тұлғасын дамытады, қалыптастырады, ол өзін — өзі дамыту мен өзін — өзі жүзеге асыру тәсілдерін игереді.

Мұғалімнің кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі шарттары төмендегідей:

  1. «Ұйымдастырушы-басқарушылық (оқу жоспары,тоқсандық кестелер,кесте жасау,құзыреттілік деңгейін анықтау китерийлерін әзірлеу,білімдік үрдісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету).
  2. Оқу-әдістемелік (сабақтардың мазмұны таңдау,түрлі курстарды кіріктіру,жетекші идеяларды айқындап алу).
  3. Технологиялық (бақылау-бағалау,оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыру,құзыреттлікке енетін біліктердің тобын анықтау,инновациялық технологияларды қолдану).
  4. Психология-педагогикалық (оқушылардың даму диагностикасын іске асыру,оқу уәжін ынталандыру жүйесі,оқушыларды бірлесе басқаруға тарту)».

Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігінің  құрлымы ол игерген педагогикалық біліктер арқылы ашылды, ал біліктер педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған және теориялық блімге негізделген,үздіксіз дамитын әрекеттердің тұтастығы арқылы ашылады.

Мұғалім құзыреттілігінің сапалық көрсеткіштеріндегі құндылықтар:

 

  1. Білім филасофиясы әр оқушының бойына даралық қасиетті білу.
  2. Білім пирамидасы деңгейінде оқушыға білімнің жеке тұлғаға бағытталғанын қамтамассыз ету.
  3. Білім тұжырымдамасы деңгейінде білім, білік, дағдымен қоса, тұлға қабілетін ескеру.
  4. Білім стандарты әр оқушының өз бетімен әрекет жасауына жағдай тудыру.
  5. Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі деңгейінде мұғалім мен оқушы арасындағы, қарым – қатынасты субьект-субьектілік деңгейде ұйымдастыру.
  6. Дидактикалық үрдістегі негізгі құндылық педагогикалық технология.

Білім беру барысында мұғаліммен оқушы арасындағы қатнасты реттейтін және оны қалыптастыратын компаненттердің болуы әбден мүмкін . Ал оның қызметі құзырлылықтың қалыптасуына әсер етеді. Бұл компоненттер құзырлылықтың қарым- қатынасқа түсуі нәтижесінде жүргізіледі.

Құзырлықтың компоненттері мен түрлері:

1.Әлеуметтік көзқарас.

2.Тәжірбие.

3.Интелект.

4.Интеллектілік.

5.Проблеманың шешімін табу құзіреттілігі.

6.Камуникативтік құзіреттілік.

7.Ақпараттылық құзіреттілік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Устемиров К. Шаметов Н.Р. Васильев И.Б.  Профессиональная педагогика. Алматы 2005.- 432 с.
  2. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал.-М., 1994
  3. Ғ.М.Кертаева. «Рахат» мектебі: жаңа ғасырға – жаңа мектеп. Павлодар, 2005. – 297 б.
  4. Ақпараттық телекоммуникациялық оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. — 2005. — №4. — Б.182-189.
  5. Оқыту теориясынан дәрістер. — Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. — №345, 27.10.2005 ж.
  6. Білікті маман даярлау – басты мақсат // Бастауыш мектеп. —  2006. — №7. — Б.11-13
  7. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұгымдары. //Алматы-2007.
  8. Қазақстан мектебі. «Нәтижеге бағытталған білім беруде жеке тұлға қалыптастырудағы мұғалім ролі» тақырыбындағы педагогикалық оқу материалдары. Өскемен, 2006.

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Қазақстан мектебі – «Педагогтың кәсіби – тұлғалық құзыреттілігі » тақырыбындағы оқу материалы. // Алматы № 2 2010 ж. 42-43 бб
  3. Қазақстан мектебі – «Құзіреттіліктің маңызы мен мәні » тақырыбындағы педагогикалық оқу материалы // Алматы № 2 2009 ж.55-57 бб.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *