Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Мен жақсы баламын
№5,9,10 МАД топтарында өзін-өзі тану пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық» , «Әлеуметтік»
Ұйымдастырылған оқуіс –әрекет: «Өзін-өзі тану»
Тақырыбы: ІІІ-тарау. Адамгершілік әліппесі. 21 -сабақ. «Мен жақсы баламын»
Мақсаты: «жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Дамытушылық: Бойларындағы жақсы қасиетті дамыту.
Тәрбиелік: Жақсы ,әдепті,ақылды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : дәптер , хрестоматия , түрлі түсті карандаштар, «өзін-өзі тану әлемінің картасы»
Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, түсіндіру , сұрақ –жауап
Сөздік жұмыс: Қайырымды , мейірімді , сыпайы.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбері.
-Армысыңдар ма, достарым! -Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Бір-бірлеріңе қолдарыңды созып , шын жүректен мынадай сөздермен сәлемдесейік. |
-Сәлеметсің бе? -Мен сенің досыңмын -Сәлеметсің бе ? -Мен сенімен достасқым келеді .
|
Іздену-ұйымдастырушы | Әңгімелесу.
-Балалар өзін-өзі тану әлемінде нені үйренуге болады? -Жақсы бала деп кімді айтуға боады? Әңгімелеу Жақсылық пен жамандық -Қалай ойлайсыңдар. Жақсылықтың бойында қандай қасиеттер басым? -Достарың сендерді алдап кетсе не істер едіңдер? -Ал сендер өздеріңді қандай деп ойлайсыңдар? Дәйек сөз. «Жақсы бала жағадағы құндыз, аспандағы жұлдыз» «Ойын. «Жақсы бала қандай? » Балалар шеңберге тұрып жақсы бала …. қандай екенін айтып ,бір-бірінің алақандарын ұрады Өзіммен-өзім. -Балалар денелеріңді түзу ұстап , бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып , еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап , бақытқа , махаббат пен тыныштыққа толы таза , шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Өзін-өзі тану әлеміне саяхат барысында игі істер істеп жүргендеріңді елестетіңдер. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген мазмұнды суреттер арқылы әңгіме құрастыру
|
Балалардың жауаптары.
-Жақсы бала…… -ұқыпты -сыпайы -мейірімді -өз отбасын жақсы көреді -достарын сыйлайды -табиғатты қорғайды -Отанын сүйеді
– Балалар тапсырманы орындайды.
|
Рефлексті коррекциялаушы | Қорытындылау.
-Балалар бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті достарымыз ,отбасымыз,балабақша,отан,отбасымыз туралы әңгімелестік..Сыйластық,сүйіспеншілік,достық,татулық,қамқорлық,құрмет деген ұғымдармен таныстық.Біз саяхатымызда әлі де көптеген жақсы істер жасауға,тәрбиелі ,ақылды,жақсы бала болуға үйренеміз. Жүректен жүрекке Біздер жақсы баламыз Айтқан тілді аламыз Үлкендерді сыйлаймыз Ойыншықтарды жинаймыз Киімімізді шашпаймыз |
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады |
Білуі керек: Жақсылық пен жамандық деген ұғымын ажыратып білуі керек.
Баланың қолынан келуі: Игі істер туралы әңгімелеп айтып білуі керек.
Тексерілді: Балабақша әдіскері: Аймаганбетова С.К