Адам жанының сұлулығы
Мектеп: А.Құсайынов атындағы ЖОББмектеп бөбекжай кешені
Сабақтың тақырыбы: Адам жанының сұлулығы (15 сабақ)
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: ізгілік, қамқорлық, мейірімділік
Мұғалім: Самадинова Б.Н
Сынып: 5
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ішкі сұлулықты түсіндіре отырып, ізгілік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқушыларды жан сұлулығын жақсартуға, ішкі сұлулықты бағалай білуге баулу арқылы қамқорлық қасиетін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды жан сұлулығына, мейірімділікке тәрбиелеу |
Ресурстар:
Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер, аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері |
Дәйексөз
«Сыртқы сымбат ішкі тереңдікке сай болуы керек» |
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады. |
Әңгімелеу
«Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық» Талдау сұрақтары: · Сыртқы сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер? · Ішкі сұлу дегенді қалай түсінуге болады? · Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар? · Ішкі және сыртқы сұлулық неліктен үйлесімді болуы керек? · Өзің ішкі сұлулығыңды қалайша жақсартып жүрсің? Айтып бер. |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Шығармашылық жұмыс:
1-тапсырма: Мәтінді оқып, сахналап көрсетіңдер. 2-тапсырма: «Мен үшін жаны сұлу адам» тақырыбында эссе жазыңдар. |
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. |
Топпен ән айту
«Ертегі сарай» |
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. | Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: «Қарындаштың бес сапасы» | Күнделіктеріне жазады. |