Жоғары, төмен.
Сабақтың мақсаты:
- Айналадағы заттардың орналасуын жоғары, төмен түсіндіру.
- Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, кеңістікті қабылдауын дамыту, сөздік қорын дамыту.
- Ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге, өз ойларын жеткізе білуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Көрнекі-құралдар: үлестірмелі құралдар, суреттер, ойыншықтар, тақта, бор.
I апта
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
«Күлімде ,күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат! Берекелі бүгіндей Бейбіт болсын болашақ!»
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .
III. Жаңа сабақ. Кеңістікті бағдарлай алу туралы түсініктерін қалыптастыру. Заттардың кеңістікте үстінде және астында орналасу орнын анықтау, ажырата білуге үйрету. Суреттер көрсету. Суретке қарап заттардың орналасуын ( жоғарыда, төменде) көрсетіп айтып беру.
Сондай-ақ сыныпта шкафтың жоғарғы, төменгі жақтарында қандай заттар, қалай орналасқаны туралы сұрақ-жауап арқылы жүргізіледі. Мысалы: – Жыл мезгілдері туралы буклет қай жерде орналасқан ? – Буклет шкафтың жоғарғы жағында орналасқан.
-Ермексаз қай жерде орналасқан ?-Ермексаз төмендегі шкафтың астыңғы сөресінде орналасқан.
IY.Сергіту сәті: Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Бір орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын,
Жоғары,төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Тапсырма: Геометриялық фигураларды орын орнына қойып, қалай орналасқанын көрсетіп, айтып беру.
II апта
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, балалардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Деніміз сау болсын!
« Жоғарыда-төменде» жаттығуы. Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген декоративтік таблица.
Таблицаның әр жеріне ілмек тігіледі. Беті жабық қорапта жұлдызшаның, самолеттің, құстың, инеліктің, балықтың, түрлі аңдардың картоннан немесе фанерадан ойылып алынған фигуралары қойылады.
Жаттығудың мазмұны.
Бала қораптан қолын салып, фигураның біреуін алады. Алған фигурасын атайды да, оның орнын анықтап, декоративтік таблицаға бекітеді. Мысалы: бала самолетті таблицаның жоғарғы жағына – аспанға, ал балықты – төменгі жағына судың ішіне іледі. Бұған қоса ол: самолет жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде – су ішінде жүзеді” дейді.
Бұл жаттығу “жоғарыда – төменде”, “биік – аласа” ұғымдарын пысықтауға жәрдемдеседі. Балалар нәрселерді олардың табиғи жағдайымен салыстыра білуді үйренеді. Сонымен қатар, жаттығу байқағыштықты, зейінді, қиялды дамытады.
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.
IY.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық.
Альбоммен жұмыс: Суреттерді су бояумен , түрлі-түсті қарындаштармен бояу.
III апта
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Шаттық шеңбер: Ойыншықпенен денеміз,
Шынығамыз өсеміз.
Жылдан жылға бір жылға,
Үлкен болып өсеміз.
«Тез ойла» ойын.
Мақсаты: 1.Балаларға суреттерді көрсетіп салыстыру, жоғарыда, төменде деген түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.
Көрнекілік: ойыншықтар, суреттер.
Барысы: Мұғалім балаға суреттерді көрсетіп жоғарыда, төменде қандай заттар, ойыншықтар тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
IY.Сергіту сәті: Шапалақта қолыңды,
Жай- жай – жай! Міне, былай!
Шапалақта қолыңды,
Тез – тез – тез! Тез – тез –тез!
Алға қарай адымда,
Жай – жай – жай! Міне, былай!
Жолыңнан еш жаңылма,
Тез -тез – тез! Тез – тез – тез!
Тақтамен жұмыс: Бұлт, күн, үй, шөптер, тал, қызғалдақты киіз үйдің сол жағына, көбелекті жоғары, күннің көзін оң жаққа, шөптерді төмен жаққа орналастырамыз, т.б. қағаздан қырқылған суреттерді магнитпен тақтаға жапсыру.
IY апта
- Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Шаттық шеңбер Қол алысып, қәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
Біздің күлкіміз көңілді ( қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты ( қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, ( қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, Мейірім, Бақытты! ( қолдарын екі жаққа созады)
IY.Сергіту сәті: Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып
Көкке қолды созамыз.
« Алыптар мен ергежейлілер»
Бұл орманда алыптар (балалар қолдарын жоғары көтеріп аяқтарының ұшымен жүреді) мен ергежейлілер (балалар жүрелеп отырады) өмір сүріпті.Содан соң қимылдарды мұғалімнің айтуымен жылдам-жай жасайды.
Сурет бойынша әңгімелесу. Оқушылар суреттерге қарап мұғаліммен бірге суреттеп айтып береді. Суреттерді бояу. Пазл.
- Бекіту.
Сұрақ-жауап,ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.
- Қорытынды.
Жоғарыда, төменде деген ұғымдармен танысып, сурет бойынша суреттеп айтып, көрсетіп беруді үйрендік.
VII. Бағалау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.