ЖОО түсушілер назарына!
Тестілеу нәтижелері көрсетілген (ҰБТ, КТ) сертификат жоғалып, бүлініп қалған жағдайда құжатты қалпына келтіру үшін Ұлттық тестілеу орталығына өтініш беріледі. Директор атына жазылған өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Жоғалған затты қалпына келтіру үшін жоғалған затты тіркеу орнынан (бюро) анықтама;
- Республикалық газетке жарияланған баспаханалық номері мен сериясы көрсетілген жоғалған құжаттың жарамсыздығы туралы хабарландыру.
Өтініш келіп түскен күннен бастап үш күн ішінде қарастырылады. Қажетті жағдайда жоғалу және бүлініп қалу растығына тексеру жүргізіледі. Өтінішті қарастыру нәтижесі бойынша құжатты беру немесе бас тарту туралы шешім қабылданып, жазбаша түрде өтініш иесіне хабарланады.
Сертификатта грамматикалық қате кеткен және ламинатталған жағдайда директор атына жазылған өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Cертификат түпнұсқасы.
© http://www.testcenter.kz
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718