Педагог қызметкерлерге арналған жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу,категорияларды ұлттық біліктілік тест арқылы беру және орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу, яғни жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар даярлау сияқты бірқатар міндеттерді орындау керектігін атап өткен болатын.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы педагог қызметкерлерді аттестаттау үшін тест тапсырмаларының базасын қалыптастырып, жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеуі өткізуді жоспарлап отыр.

Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест тапсырмалары мынадай формада құрастырылды: барлық тапсырмалар саны екі блокқа бөлініп, бірінші блокқа – пәндік білім тапсырмалары, екінші блокқа – оқыту әдістемесі бойынша тапсырмалар енді.

Пәндік білім тапсырмалары – терең академиялық білімін, сондай-ақ практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмаларды қолдану жоспарлануда:

  • бір дұрыс жауапты таңдау,
  • бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау,
  • бір ғана жағдаят аясында адамның академиялық және әдістемелік әлеуетін білуге мүмкіндік беретін бір дұрыс жауабы таңдалатын жағдаяттық (мәнмәтіндік) тапсырмалар.

Тестілеудің бұл түрі педагог қызметкерлердің білім деңгейін әділ бағалауға мүмкіндік береді.

Тест құрылымы. Ұлттық біліктілік тест 100 тест тапсырмасынан құралатын болады:

  • пәндік білім бойынша 70 тапсырма,
  • оқыту әдістемесі бойынша – 30 тапсырма.

Тапсырмалар мазмұны мен формаларының әртүрлілігі оқу материалдарын жаттап алу және болжап белгілеу жағдайларын болдырмай, педагог қызметкерлердің нақты білімі мен қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеудің жалпы уақыты –3 сағат 20 минут (200 минут), ал математика, физика, химия, информатика пәндері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлер үшін – 3 сағат 50 минут (230 минут).

Тест құрылымы

Блок

Тапсырмалар саны

Тапсырманың формасы

Бағалаудың нысаны

Уақыт(минут)

Пәндік білім

70

50

Бір дұрыс жауапты таңдау

Терең академиялық білімі

100

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Академиялық білім тұрақтылығы және барынша толық бағалау

20

10 (2 жағдаяттық (мәнмәтіндік) тапсырманың әрқайсысына 5 тапсырмадан)

Бір дұрыс жауабы таңдалатын жағдаяттық (мәнмәтіндік) тапсырмалар

Пәнді академиялық білімге, икемділік пен дағдыларға негізделген практикалық түсінігі жағынан бағалау

20

Оқыту әдістемесі

30

30

Бір дұрыс жауапты таңдау

Базалық пәндер бойынша жалпы академиялық білімі

60

 

Балдардың шектік деңгейін анықтау

 

Категориялар

Блок

Пәндер бойынша балдар

Біліктілік сынағынан өту

(пайызы)

Біліктілік сынағынан өту

(балы)

Педагог-модератор

Пәндік білім

80

50%

40

Оқыту әдістемесі

30

50%

15

Педагог-сарапшы

Пәндік білім

80

60%

48

Оқыту әдістемесі

30

60%

18

Педагог-зерттеуші

Пәндік білім

80

70%

56

Оқыту әдістемесі

30

70%

21

Педагог-шебер

Пәндік білім

80

80%

64

Оқыту әдістемесі

30

80%

24

  

Бағалау:

Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасынан:

– барлық дұрыс жауаптар үшін – 2 балл,

– бір қате жіберілген жағдайда – 1 балл,

– екі және одан көп қате жауаптар үшін – 0 балл беріледі.

Максималды балл – 110 балл.

© http://www.testcenter.kz

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. Гүлжанар Оспан:

    тесттен өтуіңе сәттілік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *