Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру

Смайлова   Гүлбаршын 

Диалогтік оқыту жеті модуль негізінде құрылғандықтан, өзара тығыз байланысты. Бір-бірін толықтырып, дамытып отырады. Біз сұрақ қою арқылы оқушыларды ойландыра аламыз. Оқушылар пікір алмасу арқылы бір-бірін түсінеді, талдау жасайды, қайтадан ойланып, өзгенің пікіріне назар аудара отырып өз қателіктерін дұрыстай алады. Міне бізге керегі де сол. Біз мұғалімдер сұрақ қойып оқушыларды ойландыра, әрі басқалардың ойына ой қоса алатындай қабілеттерін жетілдіре отырып, оқушылардың өз ойына және басқалардың ойына сыни көзбен қарай білетін, өзгенің пікірін құрметтей алатын, өз ойын саналы түрде жеткізетіндей қабілеттерін жетілдіруіміз керек. Мен осы жоғарыдағы ғалымдардың айтқан пікірлеріне сүйене отырып құрастырылған жоспарымды мектептегі іс-тәжірибемде қолдандым.                         Мен іс-тәжірибемде, яғни, диалогті оқыту әдісіне аса назар аудара отырып, әр топтың бір – біріне бүгінгі ауa – райы жайлы сұрақтар қоюына бағыт бердім. Дәстүрлі сабақ кезінде бұл сұрақтар мұғалім тарапынан болатын. Жаңа әдіс-тәсілдерді игеру барысында оқушылар өз жауапкершіліктерін өздері сезініп, топтар арасында белсенді жұмыс жүрді.

Мен диалогтік әңгімені одан ары өрбіту үшін, басқа оқушыларды да сабаққа араластыру мақсатында, ал сіздер қалай ойлайсыздар? Өз ойларыңызды айтыңыздаршы? деп қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы топтың басқа мүшелерін де әңгімеге тарта алдым. Топтың басқа мүшелері де жалпы қарға байланысты білетін ойларын, басқа да қандай жауын-шашынның түрлерін білетіндіктерін айтып жатты. Бұл жерде біз диалогты оқыту әдісін қолдана отырып оқушылардың сыни ойлауына итермелеп, мәселені қайта қарап білім алуына қозғаушы күш болып отырмыз. Ал дәстүрлі оқытуда біз сұрақты оқушыларды еш ойландырмай тікелей қоятынбыз, оқушыларды сыни ойлануына мүмкіндік бермей, қысқа жауапқа қанағаттанатынбыз.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Әңгімелесудің үш түрін, оның ішінде оқушылар зерттеушілік әңгіме түрін қолданды. Зерттеушілік әңгіме жүргізу үстінде әркім ақылға қонымды мәліметтер ұсынды, бір-біріне сұрақ қоя  отырып, айтқандарын дәлелдеп, бір-бірінің   идеясының пайдалы жақтары бағаланды. Сабақ барысында диалогтің маңызды роль атқаратынын, Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. (МАН,38б). Бұл тәсіл оқушылардың дұрыс сұрақ қойып, дұрыс жауап беруі, қысқа–нұсқа түсінікті етіп өз ойын еркін тұжырымдап, жеткізе алуын қалыптастырамыз деп ойлаймын.

 

Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде  оқушылардың қаншалықты деңгейде мәтінді оқып, меңгергендіктерін білу мақсатында  «Ақылды доп» әдісін пайдалана отырып,  жазушы шығармашылығы мен кешегі өткен әңгіме бойынша алған білімдерін тексеріп шықтым. Доп лақтыруды,яғни, сұрақ қоюды өзім бастағаныммен әрі қарай оқушыларым жалғастырып әкетті. Сондағы байқағаным –  оқушыларым сұраққа жауап беруге ғана емес, сұрақ қоюға  да шама-шарқынша қалыптасып келе жатқандығын байқадым. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталған соң,   мақсатын аша отырып, оқушыларға осы мақсатқа тағы қандай ой қосар едіңіздер? деп  ойларын тыңдадым.          Диалогтік оқыту  топтамасында барлығында осы жағдаят кездесті деуге болады. «Диалог түрінде зерттеуші өз еңбегінде білім беру оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді. Диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқыларды «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады» делінген. (Александер 2008, МАН,29б)  Оқушыларға әр түрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады деген атақты зерттеуші-ғалымдардың құнды пікірлерін негізге ала отырып, диалогтік оқыту әдісін одан әрі өрбітуді жөн көрдім. Ол үшін оқушылардың диалогқа түсуі арқылы еркін сұхбаттасуы үшін жағдай жасадым, диалог арқылы  сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға ықпал жасадым.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Ұстаздар жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын  кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежедегі объективті нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, сабақты оқуға деген құлшынысы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалауда, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. «Оқыту мен оқудағы» жаңа тәсілдер модуліне жүгіне отырып өз сабақтарымда жеке бағалау парағын, өзін-өзі бағалау және топтарда орындалатын тапсырмаларда бағалау, критериалды бағалау түрлерін пайдаландым.

Қорытындылай келгенде, топтық жұмыс барысында оқушыларда ортақ сұрақ болды, олар берілген тапсырмалар бойынша идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылай отырып, бір-біріне әділ баға беріп, белгілі бір ұжымдық түсінікті қалыптастырды. Диалогтік оқытудың маңыздылығына көзім жетті. Өзімдi рeфлективті практик ретінде ұстана отырып, әркез оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына бағыттай келе, білімнің асқар шыңына серіктес тұлғаның болмысын жасап, бірге жететінімізге сенімдімін.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3-басылым,

Назарбаев Зияткерлік мектебі

ДББҰ, 2012 жыл.

  1. www.cpm.kz Білім беру порталы дереккөздері.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *