«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Маханова Алия
Рухани жаңғыру – бұл дегеніміз ұлтымыздың барлық ұлттық салт- дәстүрлерін, мемлекеттік тілімізбен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген ұғымға дәл келетін тәрізді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Болашаққа бағдар ;Рухани жаңғыру » деп аталатын мақаласын оқып ,түгел таныстым. Осы мақаладағы ең кереметі ел Президенті Қазақстан үшін қайта жаңарудың айрықша маңызды екі үрдісі саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, бәріміз бір жағадан –бас, бір жеңнен қол шығарып , ұлт болу жолында біздің сананы қалай өзгертетіні жайлы айттып қана қоймай ,өзінің керемет көзқарастарымен бөлісті.
« Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білуі қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса , ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі плюстерін қиынынан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды»- деп Елбасымыз жаңғырудың ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталған болатын.
Көшбасшымыздың рухани жаңғыруға, ғылым мен білімге, руханиятқа мән беруі – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалған жұмыс. Н.Ә.Назарбаев « Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, жаңғырудың алты бағытын белгілейді:
1.Басекеге қабілеттілік.
- Прагматизм.
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау.
4.Білімнің салтанат құруы.
5.Қазақстаннын революциялық емес,эволюциялық дамуы.
- Сананың ашықтығы.
Қазақстан көшбасшысы айтқан бағыттардың барлығы дерлік ,яғни біздің болашагымызға тікелей байланысты . Себебі:
Тәуелсіздігіміздің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам жасай білуі , жоғарғы технологияларды меңгеруі, озық стратегияларымен жарықтануы ,халықаралық жобаларды алға қарай жылжытуға керек екенін ұғындым. Біз яғни жас ұрпақ сол бағытқа қарай жұмыс жасауға тиіспіз.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718