Рухани-адамгершілік тәрбие беруде Қазақстан Республикасының азаматын дайындауда балабақшаның ролі
Құрбанова Ақжібек
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын,өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын,рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті.Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп,қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,мінез-құлқын,өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық,мейірімділік,жанашырлық,достық,жолдастық сезімдері тәрбиелеуге болады.
«Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті,егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса,ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.Балабақшадағы тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы.Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне,күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.
Қазіргі кезде ата-ананың сұранысы деңгейі биік.Баланы жан-жақты,дені сау,үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды.Кішкентай жастан музыка,би,шет тілдер,спорттық үйірмелерге қатыстырады.Оныңбарлығы,әрине заман талаптарына сай, бірақ ең бастысы рухани адамгершілік тәрбие-тәрбиенің бастамасы екендігін ұмытпағанымыз дұрыс.
Қазіргі бас иіп жақсы айтты деп сүйсініп,жаман айтты деп өкініп жүрген шет елдерден ғылым мен озық технологияларды алмасақ, үлгі-өнеге,жарасымды тәрбие алмайтынымыз анық.Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды.Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі.Ел ертеңі,ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру-бүгінгі күннің басты сұранысы.
Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден бір жолы-өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау.Осыны халықтың педагогика арқылы жүзеге асыруға болады.Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында-ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын,мақсатқа сай тәрбиеленудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады.Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы-деген еді.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын,өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті.Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп,қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын,бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық,мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді:ізгілік бастамасымен тәрбиелеу,балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас / тұрмыстын қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қарапайымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б./Ұжымға тәрбиелеу,балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,әр түрлі ұлт өкілдерін қадір тұту және сыйлау.Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады,немқұрайлылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырыппедагог балдырғанның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.
Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеуде.Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор.Ол балаға рухани лаззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық», деп атап көрсеткен.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады.Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары,қарым-қатынастарында қалыптасады.Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті,қарым-қатынасы,көзқарасымен сипатталады.Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдікңқайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б.Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік.Ол ешқашан ескірмек емес.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру-ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті.Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында,отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс- тіршілігінен,өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.