Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайларында педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы

Байгараева Жанар Калмахановна

Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалған әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі. Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және      өмір          жағдайында  шығармашылық  пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.

«Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз  педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам  мұғалімін  «рухани адамгершілігі жоғары,азаматтық жауапкершілігі мол,белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым,экологиялық білімді,шығармашыл тұлға,өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы,әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік,тұлғалық, коммуникативтік,ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген  құзырлығы жоғары маман» деп сипаттайды.

Сондықтан маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер – мұғалімнің, жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары;

Дарынды, өнерпаз;

Іздемпаз, талапты:

Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

Заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын еліміздегі білім беру процесіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасын бойынша мектеп мұғалімдері өз білімдерін көтеріп, оң өзгерістер көрсетіп келе жатқаны бізге мәлім.

Қандай нәтижеге қол жеткіздік дейтін болсақ: бұрын сабақ барысында мұғалім өзі баяндаушы, өзі бақылаушы, өзі бағалаушы болды. Қазіргі өзгерістер: сабаққа жаңа тұрғыдан мақсат қою мен оқу нәтижелерін анықтау; қойылған мақсатқа жету үшін оқытудың жаңа әдістерін қолдану; оқушы және мұғалім ролін өзгерту.
Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өзін- өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін атқару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен білімділігін, әдіскер шығармашылдығын талап етеді.

Қорытындылай келе, келешек біздің болашағымыз жастардың қолында, сондықтан жастардың келешекті қалай жасайтындығы біздің, мұғалімдердің, қолында, сондықтан біз өмір бойы білім алуға, жастарды өмір бойы білім нәрімен сусындатудан жалықпауымыз керек деп білемін.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.
  2. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004.
  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана .
  4. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *