Қазақстан Республикасы Орта білім беру мазмұнын жаңартудағы қолдау мектептері туралы ЕРЕЖЕСІ

  • Жалпы ережелер
  •  
    • Осы Қазақстан Республикасы Орта білім беру мазмұнын жаңартудағы қолдау мектептері туралы Ережесі Педагогикалық шеберлік орталығы ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен Кембридж  университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп жасаған Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдардың басшыларының біліктілігін арттыру және деңгейлік бағдарлама аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру Бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама) (ары қарай – Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылдың  27 шілдесіндегі «Білім беру туралы» Заңының №319-ІІІ, Қазақстан Республикасының 2011 жылдың  19 қаңтарындағы  «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Фонды»  мәртебесі туралы» Заңының №394-IV, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылдың 17 мамырындағы №499 қаулысымен бекітілген ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызметінің типтік ережелеріне, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 04.01.2013 жылғы  №1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша Нұсқаулыққа, ЖМ «Педагогикалық шеберлік орталығы» (ары қарай – Орталық) 2011 жылдың 23 тамызындағы № 41060-1901-М-е Жарғысына, Орталықтың ішкі құжаттарына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалған.
    • Ереже Жетекші мектептердің мақсатын, міндетін, іс-әрекетінің негізін және мазмұнын анықтайды.
    • Осы Ережеде келесі негізгі түсініктер қолданылады:
    • Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын меңгерілген кәсіби білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды кәсіби оқытудың формасы;
    • Курстар – Орталық пен Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп жасаған және ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» бекіткен бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы;
    • Тыңдаушылар – облыстық білім беру органдары және ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» уәкілдік етіп құрылған және бекіткен  тізімге сәйкес курсқа жіберілгендерді, оның ішінде курстан өтуге басқа аймақтан (ауданнан) келгендерді   Орталық директорының бұйрығымен қабылдаған педагогикалық кадрлар;
    • Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған тренер – Орталық пен Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп жасаған деңгейлік бағдарламалар бойынша тренерлерді оқыту курсынан өткен және сәйкесінше деңгей бағдарламасы бойынша Кембридж Халықаралық емтихандық кеңесінің сертификатын алған педагогикалық қызметкер;
    • Жалпы білім беретін ұйымдардың басшыларының біліктілігін арттыру Бағдарлама бойынша сертификатталған тренер – Орталық пен Кембридж  университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп жасаған Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін ұйымдардың басшыларының біліктілігін арттыру Бағдарлама бойынша тренерлерді оқыту курсынан өткен және Кембридж Халықаралық емтихандық кеңесінің сертификатын алған педагогикалық қызметкер;
    • Орта білім беруге жаңа мазмұн ендіру бойынша Жетекші Мектеп –кәсіби желілік қоғамдастық құруда көшбасшылық функцияларды іске асыратын ұжым, кәсіби желіні ұйымдастырушы ретінде бекітілген аймақ мектебі.
    1. Жетекші Мектеп мақсаттары мен міндеттері
      • Жетекші мектеп қызметінің мақсаты Бағдарламаны іске асырудың сапасын арттыру болып табылады.
      • Жетекші мектеп міндеттері:
    • Білім беру мазмұнын жаңарту процесін мониторинг жасау;
    • Оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдерді тәжірибеде ендіру барысын мониторинг жасау;
    • Сәйкесінше бағдарлама бойынша оқудан өткен педагогикалық қызметкерлер құрған желілік әдістемелік құрылым дамуына және кәсіби желілік қоғамдастық дамуына көмектесуге мониторинг жасау;
    • Сәйкесінше бағдарлама бойынша оқудан өткен педагогикалық қызметкерлерді курстан кейінгі қолдау мен сүйемелдеуді жүзеге асыру;
    • Оқыту мен оқуды ары қарай модернизациялауға арналған қажетті тәжірибенің инновациялық ресурстарын жинақтау және тарату процесіне көмектесу.
    1. Жетекші Мектеп қызметінің ұйымдастырушылық негіздері
      • Жетекші мектеп құрудың бастамашылары ПШО және оның филиалдары болып табылады;
      • Аймақтарда Жетекші мектеп құрудың негізі білім беру ұйымдары көрсетілген ПШО хаты, облыстық білім беру жергілікті орындаушы органдарының бұйрығының негізі ретінде анықталған болып табылады;
      • Аймақтардағы білім беру ұйымдарының тізімін филиалдардың ұсынымының негізінде ПШО анықтайды;
      • Филиалдар штатта сәйкесінше бағдарлама бойынша оқудан өткен педагогикалық қызметкерлері бар мектептерді негізгі білім беру ұйымдары және Жетекші мектеп ретінде бекітуге анықтайды.
    2. Жетекші Мектеп қызметінің мазмұны
      • Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Бағдарламаны іске асыру тәжірибесін меңгеруге арналған жағдай жасау;
      • Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін меңгеруге, оны жалпы білім беретін мектептердің жұмысындағы тәжірибеге бейімдеуге арналған жағдай жасау;
      • Барлық сәйкесінше бағдарлама бойынша оқудан өткен педагогикалық қызметкерлерінің ынтымақтастық ортасын, ынтымақтастықты қамтамасыз етуге және оқудан өтпегендердің олардың идеяларын меңгеруге кіріктіруге жағдай жасау;
      • Педагогикалық қызметкерлерді үнемі желілік топ негізінде қалыптастыру және ұйымдасқан түрде қолдау, барлық озық, ілгері педагогикалық бастамаларды қолдау;
      • Жақсы әдістемелік ресурс базасын қалыптастыру және оларды таратуға арналған жағдай жасау.
    3. Жетекші Мектептің ұйымдастырылу құрылымы
      • Жетекші Мектептің қызметін жүзеге асыруға арналған келесі ұйымдастырылу құрылымы анықталған:
    • ПШО аймақтық филиалындағы координациялық орталық, оның құрамына Жетекші Мектеп жұмыстарын тікелей жетекшілік ететін, желі көшбасшылары ретінде филиал тренерлерінің тобы кіреді;
    • Жетекші Мектеп – кәсіби желіні ұйымдастырушы және кәсіби желілік қоғамдастық құруда көшбасшылық функцияларын іске асыратын ұжым ретіндегі аймақ мектебінің тобы. Жетекші Мектеп  ішінде- әр түрлі бағытта (бастауыш мектеп, пәндік топтар, проблемалы топтар, зерттеу топтары және жалғ.), бастамаларынан облыстық басқа мектептерімен желілік байланыс туатын бұл топ немесе педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық тобының жиынтығы;
      • Жетекші Мектеп саны пропорционалды қатынастан 1 Жетекші Мектепке 10 серіктес мектеп болып анықталады;
      • Серіктес мектептер – желілік топқа кіретін, біріккен тірек Мектептерден ұйымдасқан аймақ мектептерінің тобы;
      • Жетекші Мектеп қолданушылары- Жетекші Мектеп жұмысына нақты қатысатын барлық педагогикалық қызметкерлер;
    1. Жетекші Мектеп функциялары
      • Координациялық орталық:
    • Жетекші мектеп жұмысын құру және жүйесін дамыту кезінде ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
    • Мектеп көшбасшыларына-басшыларына және мұғалімдеріне жүйелі әдістемелік және кеңес берушілік (кезекті түрде жергілікті жерге бару, сонымен бірге үздіксіз онлайн режимде) қолдау көрсетеді;
    • Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогикалық қызметкерлерімен тірек мектептері және Жетекші Мектептер арасында өзара әрекет жүйесін құруға делдалдық көмек көрсетеді;
    • Жұмысқа экспертиза жүргізеді, іріктейді және жақсы нәтижені және қызықты тәжірибені басуға көмек көрсетеді;
    • Сәйкесінше бағдарлама бойынша оқудан өткен мұғалімдердің басты идеяларды іске асыруды нақты тәжірибеде бейімдеу процесінің мониторинг зерттеуін жүргізеді.
      • Жетекші Мектеп:
    • Бағдарламаның бір немесе бірнеше бағыттары бойынша педагогикалық қызметкерлердің желілік қоғамдастық құруға бастама жасайды;
    • Координациялық орталық делдалдығымен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және оның тірек мектептерінің педагогикалық қызметкерлерімен қарым-қатынасты және тәжірибемен алмасуды, осы мектептердің  педагогтарының озық тәжірибесін серіктестерге таратуды жүзеге асырады.
    • Желілік іс-шараларды жоспарлайды, ұйымдастырады, нәтижелерді (семинарларды, іс-әрекеттегі зерттеуді, Lesson Study әдісін, шеберлік сабақтарын, конференцияларды және жалғ.) талдайды;
    • Таңдаған бағыт бойынша тірек және серіктес мектептердің педагогикалық қызметкерлерінің жақсы ресурстарын жинақтайды, ресурс базасын (медиатеканы, порталды, ресурс кітапханасын) қалыптастырады, басқа бағыттар бойынша педагогикалық қызметкерлермен өзара желілік ынтымақтастыққа арналған жағдай жасау;
    • Форумда, тамыз кеңесінде, конференцияда таңдаған бағыты бойынша таныстырылым жұмыстарын жүргізеді, БАҚ жұмыс тәжірибелерін жариялайды.
    • Серіктес мектептерінің жұмысқа кірігуіне көмектеседі.
      • Серіктес мектептер:
    • Сәйкесінше бағдарлама бойынша оқудан өткен педагогикалық қызметкерлердің және қалған педагогикалық қызметкерлерді қатыстырып тәжірибе алмасуы арқылы тірек мектептердің іс-шараларын ұйымдастыруға, жүргізуге, талдауға қатысады;
    • Жетекші Мектептің желілік көшбасшылығы арқылы таратылған Жетекші Мектептердің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогикалық қызметкерлерінің тәжірибесін белсенді зерттейді;
    • Сәйкесінше бағдарлама бойынша оқудан өткен Серіктес мектептердің педагогикалық қызметкерлері Жетекші Мектептің ақпараттық-әдістемелік базасын қалыптастыруға қатысады, озық тәжірибені таратуға көмектеседі.
      • Жетекші Мектеп қолданушылары:
    • Жетекші Мектеп ұйымдастырған іс-шараларға үнемі қатысады;
    • Жетекші Мектептің сайты, блогы, ресурс порталы арқылы ақпараттық- әдістемелік алмасуды ұдайы түрде жүзеге асырады;
    • Жетекші Мектеп, ПШО сертификатталған тренерлері ынтымақтастыққа шақырған Жетекші Мектептің тәжірибелі мұғалімдері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері жүргізетін семинарларға, шеберлік сыныптарына, кеңес беру сессияларына қатысады.
    1. Жетекші Мектеп басшылығы
      • Басшылық принциптері:
    • Бағдарлама идеяларына сәйкестігі;
    • Алқалылық (бір топ адамның бірлесіп іс басқаруы);
    • Ынтымақтастық;
    • Ақпарат ашықтығы және айқындығы;
    • Бастамашылдық;
    • Автономиялы және дербес;
      • Жетекші мектептің жауапты басшысының функциялары:
    • Жетекші мектеп жұмыстарының жеке бағыттарын жасақтауға арналған мұғалімдердің тобын құруға бастама жасайды, Мектеп моделін және жүйесін жасауға белсенді қатысады;
    • Топ жұмысына кірігуде мұғалімдерді ынталандырады;
    • Жетекші Мектеп жұмысының сұрақтарын алқалылық жоспарлауды және ынтымақтастық талқылауды ұйымдастырады:
    • Форумда, жиналыстарда, таныстырылымдарда Жетекші Мектепті көрсетеді.

    www.cpm.kz  Педагогикалық шеберлік орталығы

       ]]>

     

    Cізге ұнауы мүмкін...

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *