Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов

Мамбеталиева Райхан Жумажанова

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов – 22.10.1924 жылы Арал ауданы, Құланды ауылдық кеңесіне қарайтын, Үшкөң деген жерде дүниеге келген жазушы, ҚР халық жазушысы (1985). 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, қан майданның қасіретін бастан өткерген. Мәскеудегі М.Горький атынд.Әдебиет ин-тын бітірген(1956). 1962-64 ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.1992 жылдан халықар. Қазақ ПЕН клубының Президенті,2000 жылдан «Таңшолпан» журналы редакторлар кеңесінің төрағасы. Тұңғыш туындысы «Курляндия» романы (1950)осы жылы ҚР Жазушылар одағының  сыйлығын алды. «Күткен күн» (1958) соғыс тақырыбына арналғады. Нұрпейісовтің «Қан мен тер»  трилогиясы («Ымырт»(1961), «Сергелдең»(1964), «Күйреу»(1970)) 1916-1918 ж. аласапыран кезең мен қазақ халқының әлеуметтік  қайыршылыққа толы күрделі өмірін көркем бейнелеген. Еламанның жігерлі бейнесі арқылы қазақ халқының өршіл қаһармандық рухы шынайы көрсетілген. Оның «Қан мен тер» романы бойынша жазылған инсценировкасы респ.театр репертуарларынан тұрақты орын алды (1974 жылдан). «Соңғы парыз» романдилогиясы (1990)- әлеум.-психол.шығарма. Дилогияда Арал теңізінің апатқа ұшырау хикаясы нақты суреттелген. Шығармада экология, табиғат пен адам арақатынасын толғаған қаламгер оқырмандардың рухани-адамгершілік мұраттарға жетелейді. Нұрпейісовтің «Толғау» атты әдеби-сын мақалалар,эсселер жинағы 1972 ж.қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді, кейін толықтырылып «Жүрегі толы жыр еді» деген атпен басылды. «Край  голубых озер»(«Көгілдір көлдер өлкесі»,1979), «Ақбидай туралы аңыз» (1985), т.б.очерктер жинағы шықты. «Возвышая наши святыни»(«Қасиетіңді қадірле») атты кітабына соңғы уақытта жазған әдеби мақала , очерк,эсселері енген (1996). Ол А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің,Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсонның шығармаларын қазақ тіліне аударды. Нұрпейісовтың туындыларын бірнеше шетел  тілдеріне аударылған. КСРО Мемл. Сыйлығын (1974), Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың «За шесть и достоинство» сыйлығын (2001), Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлығын алған (2003). Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл  Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медалдармен марапатталған.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *