Кәсіби маман даярлауда педагогикалық-психологиялық құзіреттіліктің функциясын жетілдіре отырып инновациялық технологияларды тәжірибе арқылы іске асыру
Керімбекова Қарлығаш Өмірзаққызы
Елімізде инновациялық экономика құру үшін мектепте және орта арнаулы оқу орындарында кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгерген, кәсіби қызметті және бәсекеге қабілетті мамандар жұмыс істеуі тиіс. Жастардың кәсіби дайындығының сапасын жетілдіру мәселесі қазіргі кезде білім берудің жаңа инновациялық жүйесі, экономикалық және қоғамдық модернизацияға сәйкес келуі қажет. Студеттердің кәсіби бағыттылығы қазіргі заман талаптарына сай жоғарғы оқу орындарындағы өзекті мәселелердің біріболып табылады. Кәсіби бағыттылықтың қалыптасыуы болашақ маманға сапалы білім беру мақсаттарын жүзеге асырудың бірден бір жолы психологиялық тренингтер негізіндегі білім алушылардың кәсіби бағыттылығы мәселесін зерттеу. Студенттердің кәсіби бағыттылығың қалыптасу ерекшелігі заман талабына сай жүзеге асады. Жалпы студентердің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы оқу үрдісінің ұйымдастырылу деңгейіне оқытушының іскерлігіне, студенттердің ғылыми жұмысын ұйымдастырылуына тәуелді. Кәсіптік жетілу үшін, оқу курсындағы пәннің маңыздылығы, оған деген қызығуы, оны меңгерудегі қиындық, оқыту сапасы мен қанағаттану деңгейі жоғары оқу орындағы маңызды көрсеткіштердің бірі. Ал оқу үрдісінде қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер кәсіби жетілудің бірде-бір құралы. Сондай-ақ оқыту үрдісін белсендірудің тәсілі ретінде психологиялық тренингтердің де маңызы зор.
Білім беру технологияларында психологиялық тренингтерді пайдаланудың тиімділігі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты екендігі белгілі. Бүгінгі таңда педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салады қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, мұғалімның кәсіби мәнді салаларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, педагогикалық іс-әрекеттің дидактикалық негіздерін айқындау оқу үрдісінің тиімділігін арттыру мәселелері Қазақстандық көрнекі ғалымдардың Б.Р.Айтмамбетов, Б.Әбдікәрімұлы, А.Е.Әбілқасымова, Б.А.Әлмұхамбетов еңбектерінде қарастырылып, ерекше ғылыми құндылыққа ие болып отыр.
Кәсіби бағыттылықтың қалыптасуына субьективті факторға ерекше мән берген Д.Сьюпердің көзқарасы бойынша, кәсіби бағыттылықты ең алдымен тұлғаның бағыттылығы деген Л.И.Божовичтің, кәсіби бағыттылық таңдап алынған мамандыққа байланысты деген А.А.Бодалевтің, Г.А.Журавлеваның, В.Т.Лисовский, В.И.Поляруждың зерттеулері қарастырылады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауды. Технологиялық прогресспен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау – мұның бәрі мұғалімнің біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Көп жылдар бойы білім беру жүйелерінің дамуфакторларымен анықталып келеді. Мұның өзі осы дамуының қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуетті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола алады.
Қазіргі таңда оқытудың сапасын арттыру мақсаты мен оқу үрдісін жетілдіру үшін мұғалімнің инновациялық білім беру технологияларын белсенді пайдалануына ерекше мән берілуде. Білім беру саласында мамандарды даярлауда қазіргі ұйымдастырылуының негізінде жүйелі білім берумен қатар , оқу материалын ұғынуда қиындықтар тудыратын жағдайдың негізгі себебі, біздің оймызша, білім беру үрдісі негізгі оқу пәндерін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми ұсыныстарға негізделмейтіндігінде, ал оның өзі білім берудің барлық деңгейлерінде оқу білім беру үрдісінің өрістеуіне кері әсер етеді. Кез-келген пән бойынша оқу бағдарламаларын жасаушыларды жандандырудың логикалық-психологиялық негіздерін жаңаша етіп іздестіру мәселесі қойылады.
Қазіргі уақытта біліктілікті көтеру кадрларды қайта дайындау жүйесінің дамуы Республиканың әлеуметтік саласын ары қарай жаңартудың ең бір басты бағыттарына жатады.
Л.С.Выготский қазіргі кездегі оқыту үрдісінің маңызды қағидаларының бірін атап көрсетті. «Оқыту дамудың соңында жүрмейді, керсінше оны жетелейді». Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов зерттеулерді дамыта оқыту қағидасының психологиялық негіздерін қалады. Л.В.Занковтың дамыта оқыту эксперименталды жүйесі бірнеше қағидаларға, қиындылықтың жоғарғы деңгейінде оқыту қағидасы, теориялық білімдердің жетекшілік қағидасы, білімалушы өз оқуын ұғыну, студенттердің дамуын қалыптастыру қағидаларына негізделген. Л.В.Занковтың жүйесінің негізгі ерекшелігі оқытудың жоғарғы қиындық деңгейінде өткізілуі.
Л.С.Выготский, Д,В.Элькониннің еңбектерінің теориялық тұрғысында В.В.Давыдов дәстүрлі оқытуға қарама-қарсы жүйені қарастырып, жалпыдан жекеге, дерексізден нақтылығына, жүйеліден даралыққа бағытталған жаңа оқыту жүйесін ұсынады. Осындай оқыту барысында қалыптасқан баланың ойлауы – теориялық, ал оқытудың өзі – дамыта оқыту деп аталынады. С.Л,Рубинштейн көрсеткендей «бала дамып, тәрбиеленіп және оқымайды, тірбиеленіп және оқи отырып дамиды». Ол дегенміз тәрбиелеу мен оқыту дамыту үрдісінде іске асырылады. Баланың жеке даралық іс-әрекетінде қалыптасады.
Жоғары мектеп кәсіптік іс-әрекетке психологиялық даярлығын қалыптастыруда, адамда қоғамның алғатартқан міндеттерін табысты түрде шешуде мүмкіндік беретін психологиялық іс-әрекеттердің нақты формаларын қалыптастырады. Жоғарғы оқу орындарында мамандарды даярлау үрдісін зерттей отырып, кәсіптік оқудың бұл формасынын негізгі міндеті – маманның іс-әрекетінің небір түрлі мен типтерін психологиялық изоморфты әрекет өрісінде жинақтайтын кәсіптік сананың мақсатты түрде өалыптасуына мүмкіндік береді деген ой түйеміз.
В.В.Давыдов, А.НЛеонтьев, Н.Ф.Талызина, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, Қазақстандық ғалымдар – М.М.Мұқанов, С.М.Жақыпов, Х.Т.Шерьязданова т.б зерттеулері көрсеткендей, жоғарғы мектептегі оқу үрдісі – мақсат-мотивтерден ақпаратты қабылдаудын басталып, күрделі шығармашылық үрдістерді іске асырумен аяқталады.
Жоғары оқу орындарында студенттерге заман талабына сай психологиялық білім берудің мазмұны мен формасы жалпы психологиялық дайындықтың үздіксіздігі мен сабақтастығын білдіретін өмір талабы, болашақ мамандарға кәсіби білім беріп, олардың мамандығын шыңдауды қамтамасыз етуде кәсіптік пәндерді оқыту мен меңгеру практикасы педагогикалық жоғары оқу орындарында психологиялық тренингтер арқылы даярлықпен бірге эксперименттік зерттеулермен тығыз ұштастырыла отырып жүргізіледі.
Кейбір зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда кәсіби жетілу құрлымына қажеттілік, мотив, бағдар, құндылық бағдары, қызығулар, дүниетаным, идеал, сенім-нанымды жатқызуға болады.
Т.А.Платонова жетілуге құмарту мен қалау, қызығу, бейімделік, идеал, дүниетаным, сенімдерді жатқызады. Ол бойынша қажеттіліктер, қызығулар, мұраттар жеке адам бағыттылығының түрлі жақтары бола отырып, оның іс-әрекетінің мотивациясы ретінде қалыптасады, деп көрсетеді.
Кәсіби бағыттылық пен кәсіби жетілу ғылыми тұрғыдан өткен ғасырдың ортасынан басталады. Кәсіби бағыттылық теориясының негізін салушы Ф.Парсонс ол былай дейді: «Теорияның негізінде үш факторды бөлу жатады: мамандыққа үміткердің психологиялық жеке тұллғалық ерекшеліктерін зерделеу; мамандыққа қойылатын талаптарды зерделеу; кәсіптің талаптарына адамның ерекшеліктерінің сәйкес келуіне негізделетін алғашқы екі факторды салыстыру». Аталған теория кәсіби бағдарлау әдістеріне әсер етті.
Студенттің оқу іс-әрекетінің мотивациялық-бағдары оның тұлғасының психологиялық құрылымы ретінде және оқу іс-әрекеті барысындағы түрткілері мен тығыз байланысып, оның оқу іс-әрекетінің белсенділігін реттеп отырады. Мұнда жеке адамның кәсіби жетілуі оның мамандықты игеру барысындағы белсенділігінің негізгі бөлігін құрайтыны сөзсіз.
Студенттің оқу іс-әрекеті ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды игеруге бағытталған бірқатар маңызды ерекшеліктерімен сипатталады. Студенттің оқу іс-әрекетінің бұл ерекшеліктері тек қана іскерлік дағдыларын ғана емес, сонымен қатар белгілі бір мамандықты игеру, оған кәсіби жетілу мен кәсіби шеберлігі арқылы әлеуметтік ортадан өз орнын табуға деген ұмытылыспен тығыз ұштасады. Бұл студенттің оқу іс-әрекеті мотивтерінің қоғамдық мәні: оқудың кәсіби маңыздылығы, жаңа білім, іскерлік , дағдыларды игеру мотвтерін бейнелейді.
Нақты студенттің тұлғасымен қатар оның оқу іс-әрекетінің сипаттамаларын талдау, студенттің белгілі бір мамандықты игеру арқылыи қоғамдық белсенділікке жетуінің жолдарын анықтауға болады. Студенттің іс-әрекетінің түрткілерін саналы түрде сезіну жағдайларын талдау арқылы іс-әрекеттің бағдарлау құрамын анықтауға мүмкіндік береді.
Осы орайда Л.И.Анцыферованың «психиканы іс-әркеттің интегралды бөлігі: сезім, ниет, қалау ретінде ғана емес, адамның қабылдау, ұғым, түсінігін іс-әрекеттің бастапқы методологиядық негізі ретінде түсіну қажет»- деген анықтамасының маңызы зор болып табылады.