Геометриялық фигуралар.

Тақырыбы:  «Отан-отбасынан басталады»

Мақсаты: Ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым –қатынасты ұлғайту, олардың өз ұлттық салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналармен балалардың бір-біріне деген түсінушілік көз қарастарын кеңейту.

Түрі : Ата-аналар мен балалардан құралған отбасылық  топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнектілігі: Әр отбасына арналған слайд-шоу,сиқырлы қорапша, асықтар, конверттер т.б.

Ұйымдастыру барысы:

    «Тәрбие басы отбасынан басталады »деген, бүгінгі «Отан- отбасынан басталады» сайысымызды бастайық. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

1-ші

2-ші

3-ші

4-ші

5-ші

Шаттық шеңбері

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта бiз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда анамыз!

Сиқырлы қобдишадан асықтар алынып ондағы нөмерлерге байланысты  сайысқа қатысу ретін анықтау.

 

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасын сайлау.

Сайыстың бағдарламасы:

1 –бөлім:  — Таныстыру
2 –бөлім: —«Бала арманы» үй тапсырмасы(өнер көрсету)

3 –бөлім:   — «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

4–бөлім: —  «Аналарға арналған сайыс» ситуациялық сұрақтар
5 –бөлім:  — «Мен анамның көмекшісімін» атты мастер класс сайысы.

 

1 бөлім —Таныстыру (әр отбасы өздерін таныстырып өтеді)

 

 

Жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.

 

2- бөлім: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,

              Жарқырап жатыр жолыңда — демекші ата-ана мен баланың дайындаған

 «Бала арманы» үй тапсырмасын тамашалайық.

 

Әділ қазы мүшелерінен үй тапсырмасына берген берген бағаларын сұрасақ.

Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәйгеге білімділік — деп, сайысымыздың 3 бөлімі — «Аналарға арналған сайыс» ситуациялық сұрақтар. Конверттердің ішінде  отбасыдағы жағдайларға байланыстыс ситуациялық сұрақтар ұсынылады.

3 –бөлім:   — «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

1.      Ананың көңілі балада, …………………….. (баланың көңілі далада)

2.      Ұяда не көрсең , ………………………………( ұшқандасоныілерсің)

3.      Ананыңсүті – бал, …………………………..( баланыңтілі – бал)

4.      Туғанүйдіңтүтініжылы, ………………………( туғанананыңкүтіміжылы)

5.      Анаңаауырсөзайтпа, ………………………….( артыңаауыржүкартпа)

6.      Бала – бақшадағыгүлің, ———————-(оны тәрбиелеуүлкенғылым)

7.      Құсбалапаныүшін——————————(тұзаққатүседі,)

8.      Анасүтінақтамағанды —————————(ешкімжақтамайды).

9.      Әдепті бала ата-анасынмақтар ————- (әдепсіз бала ата-анасынқақсатар).

VI.Бейнематериалкөрсету

 

4 бөлім — «Мен анамның көмекшісімін» атты масстер классс сайысы.

 

  Жүргізуші:

Қорытынды: Ата-аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.

    Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың төрт бөліміне бағалап шешімдерін айтқанша «Жүректен- жүрекке» шеңберіне тұрайық.

 

Рефлексия.

 

Жүргізуші:
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшейік. Сайысқа қатысқан ата-аналарға алғысымды білдіремін.

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *