Көптілділділік – білім берудің жаңа сатысы
Алдабаева Базаргул Орынбаевна
Қазіргі заманғы қоғам дамуындағы мемлекеттік тілді оқыту мәселесі мектепке дейінгі мекеменің өзектімәселелерінің бірі болып отыр. Балабақшада екітілдікке оқу арқылы баланың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі қарым- қатынас жасау құралы болып отыр.
Қазақ тілін оқыту үш жастан бастап жүргізіледі. Қазақ тілі кабинетінде көрнекі құрал-жабдықтар, балалардың әдеби және әдістемелік кітаптары мол. Балалармен жұмыс барысында қазақ халқының ауыз әдебиет үлгілері көп қолданылады. Тілдік ортада баланың үнемі болуы, екінші тілді жетістікпен игеруіне себеп болады. Барлық іс –әрекеттер ойын түрінде өткізіледі. Мемлекеттік тілді үйренудің қарапайым дағдыларының, тілдік нормаларының қалыптасуына, қазақ халқының мәдениетін, салт- дәстүрі мен әдет- ғұрпын құрметтеуге себеп болады.
Бүгінгі күнгі жаһанда басқа мәдениеттермен диалог немесе қарым- қатынас жасай алатын өскелең ұрпақтәрбиелеу тетігін тиімді түрде қолдана алатын процесті белсенді іздеу айқындалып отыр.
Жас ұрпақты өзара байланыс және өзара тәуелді өмірге дайындау үшін қолданылатын құрал көптілді оқыту болып саналады. Көптілді оқыту көп тіл білетін тұлға қалыптастырудің негізі.
Адамның жаңа қоғамдық қарым қатынаста өзін – өзі қалыптастыру деңгейін жоғарылатуы үшін және өз саласындағы бәсекелестікте, әлеуметтік ұтқырлықта үздік нәтижеге жетуде, көбінесе, осы оқыту түрі қолданылады. Қазіргі заманда адам өмірінің бейнесі бір жүйеге келтірілген, көптеген ұлттықайырмашылықтар ұмытылған, адамдардың өз туған- туыстарымен байланысы жоғалған, өткен ұрпақтан қалған тәжірибелер құнсызданған. Сондықтан педагогтар алдында өте ауқымды міндеттер тұр. Олар:
Халықтардың мәдени әдет ғұрыптарындағы білім мен тәжірибелерінің барлығын қолдану, білім орталықтарында қолайлылық тудыратын адами құндылықтар мен жаһандық мәдениетті пайдалана отырып, тұлғаның әлеуметтік қабілетін қалыптастыру. Анығырақ айтсақ, көп ұлтты және көпмәдениетті ортада өзінің нәтижесі және белсенді сезіне отырып қызмет атқара алатын өзге мәдениетке, бейбітшілік пен келісімді өмір сүре алатын бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін көптілді білім өте қажет.
Жоғарыда айтылғандар бізбен түйінделген әдіскерлік мәселелердің көкейкесті екенін дәлелдейді. Көптілді білім беру мақсатытуған ана тілі мен мәдениеттің қастерлеп алып жүретін, көптілдік әлеміне, көп ұлтты және көп мәдениетті кеңістікке бейімделген көптілді тұлға қалыптастыру. Сондықтан ана тілді қалыптастыру отбасынан және балабақшадан бастау алады. Мұндай құрал бірінші кезекте тіл болып есептеледі. Тілді меңгеру сапасы оның даму сапасынабайланысты. Қазақстан Республикасындағы көптілді білімнің мақсаты мен міндеттерін былайша жинақтауға болады: тіл меңгерген тұлға қалыптастыру және көптілдікке құзырлылық қалыптастыру, тілді өзін- өзі жетілдіру және өзін көрсету құралы ретінде пайдалану. Балалардың мәдениеттануын байыту: туған халқының мәдениетіне сай келетін дүние жүзі және Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетіне бейімдеу.
Қазақстан- көп ұлтты мемлекет.Әртүрлі ұлт өкілдері үлкен бір отбасында өмір сүреді, басқа ұлт өкілдерінің тілдерімен танысады, олардың тілдерін үйренеді.
Қазақстан бүгінгі күні өзінің тілдік мәдени дамуында қиын және қайшылық кезеңін бастан өткізуде.
Оны Қазақстан Республикасының тілдер жөніндегі саяси тұжырымдамасы бағасын берген тіл жөніндегі қалыптасқан жағдай айқындайды. Тілдер жөніндегі саясат облысындағы барлық құжаттардың басты көзқарасы бірнеше тілді меңгеру қажеттілігін көрсетіп отырғанын айту керек. 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту Концепциясынан «Туған тілді, мемлекеттік тілді, орыс және шет тілін меңгеру адамның ой-өрісін кеңейтеді, жан – жақты дамуына әсер етеді және жаһанды танудың ауқымын кеңейтуді қалыптастырады». Қазақстанның білім беру жүйесінің бір жағында отандық ең таңдаулы білім беру әдістері мен ғұрыптары тұрса, екінші жағында мақсаты мемлекеттік тілді, ана тілін және шет тілін меңгеру болып саналатын білім беру, олардың лингвистикалық ойларын дамыту тұруы керек. Бізде қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып есептелсе, орыс тілі- халықтардың өзара байланыс тілі болып есептеледі. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдардан бастап балаларда үш тілді меңгеру жүзеге асырылуда.
«Халқы 3 тілді пайдаланатын Қазақстан өзін әлемге жоғары білімді екенін көрсетуі керек, – деп айқындап айтты Президент, бұл қазақ тілі – мемлекеттік, орыс тілі- ұлтаралық қарым- қатынас тілі және ағылшын тілі- дүниежүзілік экономикаға нәтижелі шоғырлану тілі».
Қазақстандықтар үшін бұл үш түрлі көзқарас ерешке, себебі ол қазіргі уақыт талабына Президенттің берген жауабы болып саналады. Бұл дүние жүзінің белсенді түрде шоғырлануына байланысты қоғамның өмір талабына шешімі іспеттес.
Дүниежүзілік қоғамда Қазақстанның шоғырлануы бүгінгі күні қарапайым шындықты мойындатып отыр: жоғары дәрежеде дамыған тілдерді меңгеру арқылы жаңа білім ала алатын адамдарға есігін ашады. Біздің мемлекетіміздің Президентінің бастамасымен көптілді білім алу жөнінде тұжырымдаманы іске асыруға кірісті, себебі тек көптілді білім ғана Қазақстанның бәсекеге қабілетті болу тұғырын орнықты етеді.
Егеменді Қазақстанның даму жылдары екітілдік және көптілдік қоғамда қазақ тілінің құкығы мен беделін түсірген жоқ, керісінше оның дамуына қажетті жағдайлар жасады.
Бұл мемлекетіміздің президенті Н.А.Назарбаевтың терең ойлаған тілдер туралы саясатына және қазақ халқының тарихы мен тілін, мәдениетін, әдет – ғұрпын сақтап отырған білікті ұлт зиялыларың іскерлікпен жүргізіп отырған еңбектерінің жемісі. Біздің ғасыр- технология ғасыры, қазіргі заманауи адам міндетті түрде үштілді меңгеруі керек. Бұл- өмір талабы.
«Кім шеттілін білмесе, ол өз тілінде білмейді»- деген Гете. Қазіргі кезде балабақша жасындағы балаларда үш тілді меңгеру жүзеге асырылуда. Басқа ұлт балалары өз тілдерімен қатар қазақ тілін және шет тіліндегі сөздерді жас ерекшеліктеріне сай жеңіл түрде меңгеруде. Сонымен, көпұлтты және көпмәдениетті ортада өзін нәтижелі, белсенді сезіне отырып, басқалардың мәдениетіне түсіністікпен және сыйлау сезімімен қарайтын, бейбітішілік пен келісімде өмір сүре алатын, жеке көз қарасы айқын, бәсекеге қабілетті балаларды қалыптастырып, өсіру үшін көптілді білім алуды қамтамасыз ету керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Абсатмаров Р.Б., Садыков Т.С.Студенттердің халықаралық мәдени қарым- қатынасын тәрбиелеу. – Алматы, 1999.
- Үлкен кеңестік энциклопедия:Тілбілімі, 1998.
- Назарбаев Н.А. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан. № 33(25278). — 2007. — 1 марта
- Назарбаев Н.А.Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Бүкілхалықтық еңбек қоғамына жиырма қадам// Қазақстандық ақиқат. — 2012. — № 218-219. — 10 июля.