«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру нәтижелеріне қойылатын жаңа талаптар»
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының Қазақстанның білім беру жүйесін реформалауға айтарлықтай үлес қосуына мүмкіндік береді.
Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады.
Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екендігін бүкіл әлем мойындауда.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Осы реформалау аясында бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасы да қамтылмақ. Бұл оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу жүргізу және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайға қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады.
Бұл білім беру бағдарламасы мен бағалау модельдері белгіленген деңгейде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі білім беру бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компонентінің – білім беру бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің балалар үшін бірлесіп қалай «еңбек ететінін» толық білуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасы спираль тәріздес құрылымға негізделген. Оқушылар бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы аясында игерілетін негізгі дағдыларға мезгіл-мезгіл қайта оралып отырады. Мысалы, оқу бағдарламаларындағы кейбір оқу мақсаттары оқушылардың шынайы өмірде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды зерттеуін талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене түседі. Проблемаларды шешу тәсілі негізінен дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қамтылған және математика бойынша оқу бағдарламасының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады: проблемаларды шешу қабілеті сандар, алгебра, геометрия, әсіресе математикалық модельдеу бөлімдерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Проблемаларды шешуге арналған жаттығулар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамту арқылы олардың қызығушылығын оятып, оларды жаңалық ашуға және өз тұжырымдарын жасауға ынталандыруы тиіс. Олар оқушылардың дайын стандартты жолдарды пайдаланбай, мәселенің шешімін іздеп, оны өз бетінше табуға ұмтылуды және заңдылықтарды зерделеуін қажет етеді, сол арқылы белсенді оқуына ықпал етеді.
Негізінен мұғалімнің басымдығымен өтетін кейбір сабақтарда оқушылар айтылғанды тыңдап, естігендерін қайта дыбыстау арқылы білім алады. Керісінше, сабақтар қайталауға негізделіп ұйымдастырылатын мектептерде әлеуметтік-мәдени тәсілге басымдық беріледі, сабақ барысында пікірталас пен ұжымдық дәлелдеуге барынша назар аударылады
Осындай сабақтарда оқушылар басқа оқушыларға тұжырымдаманы өз сөзімен түсіндіру үшін бірқатар сұрақтар мен топтық талқылауды пайдалана отырып, проблемаларды шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді. Мұғалімдер оқушылардың берген түсініктемелеріне құрметпен қарайды және оның құнды екенін түсінеді, проблеманы шешудің осындай ерекше тәсілдері басқа оқушыларға мәселені түсінуге көмектесе алатындығын мойындайды. Ұжымдық дәлелдеу – бірлескен тұлғааралық өзара әрекеттесуді өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал.
Терең білім алу мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегімен білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде халықаралық деңгейде мойындалып отыр
Бірінші кезеңде оқушылардың қазіргі кездегі мықты тұстары мен олар кездестіретін қиындықтар анықталады. Бұл көп жағдайда оқушылардың тапсырмаларды қалай орындайтынын бақылау арқылы, яғни ауызша жауаптарын бақылау және жазбаша жұмыстарын тексеру арқылы жүзеге асады. Содан кейін бұл ақпарат әр оқушының үлгерімін жақсартуға көмектесетін жаттығуларды жоспарлау үшін пайдаланылады.
Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді.
Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.(МАН)
Бірінші кезең- қызығушылықты ояту кезеңі. Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, оқушыларды сабаққа психалогиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып,оқушыларды сабаққа тарту.
Екінші кезең- тұсау кесер. Бұл кезеңде оқушыларды жаңа сабаққа дайындау мақсатында сыни тұрғыдан ойлау тапсырмалары көптеп жүреді. Мысалы: «Видео ролик» көрсету арқылы жаңа сабаққа көпір салынды. Сабақтың тақырыбы оқушылармен бірге ашылды.
Үшінші кезең- мағынаны ашу. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар-болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара оқыту, т.б. Осы тәсілдерді қолдану кезеңінде ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.Топтарға тапсырма беріліп, жаңа тақырыпты жеке жұмыс, топтық жұмыс арқыл талқыланады.
Төртінші кезең– «рефлексия» -ой толғаныс білім алудың қорытындылау кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білмдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр.
Білім беру мазмұнын жаңарту арқылы оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың жаңа әдістері мен түрлерін білу,жинақтаған іс-тәжірибе негізінде жаңа заман талабына сай берілетін ақпараттарды пайдалана отыра,оқушының білімге деген құлшынысын арттырып, өздігінен ізденуге бағыт беретін әдіс-тәсілдердің жаңа формаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану.
Қазіргі кездегі қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын ( мұғалімдер, мектеп оқушылары )және өзінің басқарушы ішкі жүйесі ( әкімшілік, педагогикалық ұжым ) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады.Инновацияның қажеттігі сыртқы себептермен де анықталады,ол мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге , дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдық жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты.Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды.
Сонымен, біз оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту үшін ,оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру үшін не істеуіміз керек ?
Білімді тұлға шығару сабақ сапасынан. Сабақ дегеніміз-оқытуды ұйымдастырудың басты формасы.Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана қоймай ,мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді,оқушы рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр түрлі болады.Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, бірлік одақта қызмет істейді.
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау керек.Оқушылар оқу әрекеті барысында жаңа техникаға жақын болып, оны пайдалана білулері керек.Бастауыш класс оқушысының құлшынысы мен белсенділігі өте жоғары болғандықтан, пәндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету. Тақырып мазмұнына байланысты сабақ үрдісін басқару мен түрлендіріп өткізуге назар аудару. Неге? Неліктен? деген проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушыларды ізденіске бағыттап,дәлелдетіп.өз ойын жинақтауға бағыттау.Оқушыны қорытынды жасауға өзгеше бір тың пікір айтуға жетелеу,ой қайшылығын тудырып, дұрыс ой қорытуға дағдыландыруға көп көңіл бөлу.
Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін ұлттық сабақтастыра тәрбиелеу-қазіргі күннің ең өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің бүгінгі мақсатымыз-әрбір оқушуға түбегейлі білім мен мәдениетінің негіздерін беру және сондай-ақ олардың жан-жақты талабына сай тәрбие мен білім беруде оқыту мазмұнын жаңа тұрғыда ұйымдастыра білу.Өскелең ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу халықтың салт-дәстүрімен, сана-сезімімен тығыз байланыста жүргізілетін болса, оның нәтижесі соғұрлым жемісті болатынына тәжірибемізде көзіміз жетіп отыр.
Біздің міндетіміз-оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.
«Қазақстан Республикасының білім беру мекемелері үштілділік саясатын қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін 1сыныптан оқыту арқылы енгізу». туралы шешім қабылданды. Əрбір оқушы өзінің жағдайын, білімін ары қарай жетілдіру үшін не істеу керектігін білуі керек. Мұғалімнің араласуымен оқушылар өз бетінше оқи алуы үшін қолдау ала алады.
«Оқушылар оқу барысында ақпаратты табу, құрастыру жəне қолдану арқылы, өзара əрекеттестік жəне ақпаратпен, идеяларымен алмасу арқылы, өзінің жұмысын бағалау жəне жетілдіру арқылы, сондай-ақ құрал-жабдықтар мен құрылғылардың кең ауқымын пайдалану арқылы АКТ қолдану дағдыларын дамытады».
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді.
Қорытындылай келгенде, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
• сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;
• оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;
• оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;
• топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;
• оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;
• оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру;
• оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;
• оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою;
• оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру;
• жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;
оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру.
Менің мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым-оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын,ұстаздық білімділікпен қоса ізденпаздықты, дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптеген құндылықтарды талап ететін маман иесі.
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Елеусизова З.К.
2017-2018 оқу жылы