Миф (Математика, информатика, физика) апталығы
Армысыңдар, бүгін жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Викторина сайысы
1-топқа тапсырма
1. Информатика қандай ғылым (ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зерттейтiн жаңа ғылыми пән.)
2. Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата (2-ге негізгі және қосымша)
3. Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін , ол әркез ақтайды (Ж. процессор)
4. Кішкене ғана саусаққа,Ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Ж.Флэшка)
5. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)
2-топқа тапсырма
1. Microsoft фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)
2. Windows сөзінің қазақша бламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)
3. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Ж: Антивирус)
4. Екілік санау жүйесінің сандары (Ж: 0 мен 1 )
5. Негізгі және қосымша құрылғыларды ата (Негізгі құрылғылар: Жүйелік блок, монитор, пернетақта.
Қосымша құрылғылар: Принтер, сканер, колонки, құлаққап)
Компьютердің айналаындағы әзіл-қалжыңдар.
1. Интернетке кіріп алып, қайда баратыныңды білмесең дисперсияға ұшырағаның…..
2. Баласының ұмытқанын көрген әкесі баласына: балам –ау сенің жадын форматталып кеткен ба ?- депті, әлде вирус кіріп кеткен ба ? не қарап тұсын депті.
3. Бір тарақан өлтіру үшін неше программалаушы қажет?. Екеу….. біреуі тарақанды ұстап тұрады, екіншісі оны тышқанмен бастырады.
4. Оқушы программалаушыдан Windows 95, Windows XP, DOS операциялық жүйелерінің айырмасын түсіндірудісұрадыы: программалаушы оған:
— Аэропортқа келдің дейік. Ұшуға дайындалып тұр, ішке кірсең кілем, күшті орындықтар, шамдары жарқырап тұр. Жолаушылар отырған соң , ұшақ аэропортты бір айналады да, қайта қонып жолаушылардың одан шығуын сұрады. Бұл- Windows XP
— Келесі орында тағы бр ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң , ол аэропортты бір айналады да жарылып , жерге құлайды. Бұл- Windows 95
— Ал үшіншісі ұшақтың түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді.Жолаушылар жүктерін ұшаққа тиеп,өздері оны итеріп от алдырып, ішіне секіріп мінген соң , ақырын ұшып барып барар жеріне жетеді. Бұл- DOS деп түсіндіреді.
Ортаға бір топ оқушы шығады. Дөңгеленіп отыра калады. Ішінен біреуі сурылып шығып:
– Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік- дейді.
– Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін, CTRL ALT DEL үнемі жар болып қолдай берсін, ENTER!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718