Ормандағы оқиға
Талбаева Гульназ Сансызбаевна
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып,түсіндіру.негізгі идеясын ашуға түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін,шығармашылық жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Сөздік қорын молайту. Жүйелі байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Ағаштардың адамға тигізер пайдасын түсіндіре отырып , оқушыларды табиғатты қорғауға ,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс, ой қозғау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, Қ Жармағамбетов суреті
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Оқушылар орындарынан тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Бағдарлау-мотивациялық кезең
- Өлең мазмұнын әңгімелету.
- «Құстар біздің досымыз» тақырыбындағы шығарманы оқыту.
- Қарлығаш туралы өлеңдерін оқыту.
- Мәтін мазмұны бойынша салған суреттерін қорғау.
- Ой қозғау.Орман көрінісі.
Экологиялық бағытта өсімдіктердің лас ауаны жұтып,таза ауа беретіндігі ағаштар құрылыс материалдар болатындығы,әр-түрлі жиһаздар жасалатындығы, қағаз жасалатытындығы туралы түсінік беру.
Сондықтан орманды қорғау , таза ұстау, жас бұталарды кеспеу ,үйлерінің жанына ағаш отырғызу керектігі жөнінде ұғым қалыптастыру
- Сұрақтардан жауап алу.
- Қандай ағаштардың түрлерін білетіндерін оқушылардан сұрап, оларды топтастырдық.
- Картамен жұмыс
Картадан Қазақстанның орманды жерлерін анықтау.
Қайың –Қазақстанның солтүстік шығыс өңірінде
Қарағаш-солтүстік, солтүстік шығыс өңірлерінде өсетіндігі
Сексеуіл-Сырдария,Іле,Шу өзендерінің төменгі бойында тоғай болып өсетіндігі
Тобылғы-Тянь Шань , солтүстік шығыс оңтүстікте өсетіндігі
Шырша –Жоңғар Алатауы, Солтүстік Тянь-Шаньда өсетіндігі туралы түсінік беру.
- Қайнекей Жармағамбетов туралы мәлімет.
Мәтін мазмұнын т үсіндіру .
Оқулықпен жұмыс.
а/ тізбектетіп оқыту.
ә/ рөлге бөліп оқыту
- Топпен жұмыс.
1-топ: Кейіпкерлерге мінездеме беру
2-топ Ағаш суреттерін салу
3-топ Оқиғаның шиеленісу себебін анықтау
4-топ Мәтін мазмұнын ашатын мақал айту
Ой-толғау.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы
Адам көңіл-күйі бейнелейтін бетпердені мәтін кейіпкерлеріне сәйкестендіру.
Қарағаш-қабағын түйіп тұр.
Сексеуіл-жылап тұр
Тобылғы-күліп тұрады.
Қорытынды.
Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу.
Бағалау.