Жылдамдықты табуға берілген есептер

Жылдамдықты табуға берілген есептер
Математика 4 сынып
Мемо әдісі арқылы еске түсіру
60∙ 80=
90 ∙90=
70 ∙400=
70∙40=
70 ∙70=
90∙ 900=
200∙ 80=
700 ∙50=
30 ∙600=
60∙ 900=
300 ∙90=
800 ∙70=

Жасырын сөзді тап ойыны.
Сандарды кему ретімен жаз
д —————- а ——– ж ———– ы ———- м ———- қ —— л ——– д — Ы
120 м — 149км — 2720 км — 920км — 70 км — 90м — 600 км — 150км — 98м
Ой сергіту
1. Велосипедші 3 сағатта 20 км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүрді?
2. 7м/с жылдамдықпен жүгірген спортшы 14 секундта неше метр жүгіріп өтеді?
3. Ит 15м/с жылдамдықпен жүгіреді. 8 секундта неше метр қашықтықты жүгіріп өтеді.
4. Автобус 68км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақытта қанша километр қашықтықты жүреді.
5. Саяхатшы 10минутта 92 м/м жылдамдықпен неше метр жол жүреді?
6. Спорт машинасымен жарысушы тас жолда 78км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Ол 2 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді?
7. Велосипедші 2 сағатта 45 км/сағ жылдамдықпен неше километр жүреді?
8. Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта неше километр жүреді?

Сергіту сәті
Автокөлік 320 км жолды 4 сағатта жүріп өтті. Автокөлік қандай жылдамдықпен қозғалды?
Жаяу жүргінші 520 метр жолды 8 минутта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді?

Топпен жұмыс. Постер қорғау Жылдамдық» тобы: Үйден кітапханаға дейінгі арақашықтық 1800м. Осы арақашықтықты оқушы 30 минутта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді?

«Уақыт» тобы: Жүк машинасы 200 км жолды 4 сағатта жүріп өтті. Оның қандай жылдамдықпен жүргенін тап.

«Қашықтық» тобы: Мотоциклші 120км арақашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді?

«Кім алғыр?» ойыны джигсо әдісімен тексеру
Шарты: кестеден математикалық термин сөздер шығару
Сандарда әр разрядтың неше бірлігі бар екенін айту

Логикалық тапсырма
Үш дос – Алмас, Қанат және Серіктің әрқайсысының сұр, қара және сары мысығы бар. Алмас пен Қанаттың мысықтарының түстері қара емес. Алмастың мысығының түсі сұр емес. Балалардың әрқайсысының мысығының түсін тап.

«Иә – жоқ» математикалық диктанты
«Жылдамдық» тобы
1. Екі жағы шектелген түзу сызық сәуле.
2. Қанша созса да, ешқашан қиылыспайтын параллель түзулер.
3. 2 класс бұл миллиондар класы
4. Ауданын табу үшін ұзындығына енін көбейтеміз.
5. 10 бірлік мың=100 000
6. Жылдамдықты табу үшін V= S: t формуласын қолданамыз.
«Уақыт» тобы
1. Жылдамдықты табу үшін қашықтыққа уақытты көбейтеміз.
2. Уақыттың өлшем бірлігі сағат.
3. 3 класс бұл мыңдар класы
4. Тіктөртбұрыштың қарама – қарсы қабырғалары бір – біріне тең.
5. 20 ондық мың= 20 000
6. Жылдамдық – уақыт бірлігінде жүріп өткен қашықтық
«Қашықтық» тобы
1. Қиылысу кезінде тік бұрыш құрайтын перпендикуляр түзулер.
2. 1 км де 10 000 метр бар.
3. 1 класс бұл мыңдар класы
4. Квадраттың барлық қабырғасы тең.
5. 30 жүздік мың= 300 000
6. Жылдамдық V әрпімен белгіленеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *