«Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін…» эссе

                                                                                   Төле би атындағы

                                                                                   №8 гимназияның

                                                                                   өзін-өзі тану пәні мұғалімі

                                                                                   Кулмаганбетова Фарида

                                                                                   Сейткеримовнаның                                                                                                       

 

 

«Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін…»

тақырыбы бойынша эссе

 

 

 

« Мен баланың жас кезінен –ақ әрқашанда сау да әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып өсуін қалаймын.Өзінің кім екендігін , не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын пайымдай білсін.

                                                                Сара Алпысқызы Назарбаева

                                             «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру

                                                                                      бағдарламасының авторы

                                                                           

                                                                                          Білім-өмір шырағы

                                                                                             Халық даналығы

Мен де барлық ұстаздар секілді мұғалім болуға  бала кезімнен қызығатынмын. Ол кезде «мұғалім» ұғымы мен үшін ең қадірлі де қастерлі еді,өйткені мұғалімдерді пір тұтатынбыз. Жоғарғы оқу орнын аяқтап келіп мектепте жұмыс істеп жүргенде өзімді қуанышты сезіндім, өйткені алдымда отырған бала-шағаны елімнің болашағы деп сезініп өзіме ерекше әсер алдым  себебі осы уақыттан бастап мен өзімен үлкен міндет артылғанын түсіндім. Ол міндет -шәкірт бойына жақсы білім нәрі мен тәрбие беру еді.
Мен алғаш рет мектеп кабинетіне кіріп алғаш балалардың бал-бұл жанған жүздерін көріп , шын мәнінде мұғалім екенімді  сезіндім. Мұғалім болып жұмыс істеген  уақытымда түсінгенім мұғалім ол оқытушы ғана емес , ол – бағбан. Әрбір сабақ сайын мен өзіме ерекше бір әсер аламын. Әр оқушы өзінің мұғаліміне еліктейді.Сондықтан жауапкершілігі жоғары болып , қуаныш сыйлай білсе, сол өзінің жақсы қасиеттерімен шәкірттерінің бойына өзіндегі бар жақсы қасиеттерді ұялата алады.Мектеп қай кезде, қай жерде болмасын қасиетті орын және онда санаға ізгілік нұрын себетін ұстазы бар екенін қадірлеп, сыйлап жақсы көреміз сіз мейірімдісіз деген сөзден қуаттанып,олар мен үшін шырақ оның жалыны-менің сүйіспеншілікпен берген рухани білімім! Мен тек қана оларды үйретіп қоймай , өзімде көп нәрсені үйренемін. Балалар маған төзімді, қайырымды болуды, өзімді де өзгелерді де түсіне  білуді үйретті. Бұл мұғалім үшін қаншалықты маңызды екенін жеткізу қиын. Балаларды оқыту және өз жемісін көру – мұғалімнің жұмыс бақытының жартысы ғана, ал балаларды оқыту және өзін оқыту , кез келген сұрақтың жауабын табу , үнемі ізденісте болу , өз жұмысының жаңа қырларын ашу – бұл мұғалім жұмысының нағыз бақыты деп айтуға болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев ” Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың

қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында” деген болатын.
Әрбір баланың бойына сүйіспеншілікпен білім нәрі мен тәрбие беру арқылы біз саналы ұрпақ тәрбиелейміз. Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін. Балалардың әрқайсысының бойында өзіне тән ерекшеліктері болады.Мысалы : бір бала дөрекі, біреуі ұялшақ біреуі тұйық, енді біреуі шектен тыс көп сөйлетін , т.б. Жақсы мұғалім – ол кез келген баланың қабілетінің ” кілтін” таба біледі. Бала- шырақ секілді . Мұғалім сол шырақты жағушы . Ұстаз болу ең қиын да жауапкершілігі көп жұмыс. Соған қарамастан балаларға жақсы білім мен тәрбие беруге тырысамын. Балаларға үйрету арқылы өзімде үйренемін. Ғалымдар судың қасиеттерін зерттегенде , оған жылы сөздер айтқанда кристалдары өзгеріп әдемі болғанын, ал жағымсыз сөздер айтқанда кристалдарының бұзылғандығын дәлелдеген. Оның жанында кеудесінде жаны бар әппақ таза жүректі балаларға тек ізгілікпен сүйіспеншілікпен, жақсылықты, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеу өз қолымызда! 

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады», – деп ұлы ойшыл, данышпан Абай атамыз айтқандай, мектептің тірегі де, жүрегі де мұғалім екені анық. Балалардың әрқайсы мен үшін жанып тұрған шырақ сияқты , оны өшіріп алмауға тырысу керек.Жалпы біз кімнен немесе неден,тәлім-тәрбие,өнеге алса,үйренсе  соларды өздеріне пір тұтып  ұстаз санайды. Ұстаздан көп нәрсе үйренетіндіктен  кез-келген сұраққа дайын болып  үнемі ізденісте болу мен үшін бақыт.

Ұстаз өмірдегі  құбылыстар мен әрекеттерді,құндылықтарды танып білуге,ажырата алуға үйретеді.Ұстаздан алған  адамгершілік білімді бойына сіңіре білген,оны өмірде дұрыс қолдана алған  нағыз шырағы жанған бала  білімді болады.Ұстаз мектепте білім-тәрбие беріп,адамгершілік нұрын төгіп қана қоймай ,жас ұрпаққа өз өнерін,тәжірибесін,білімін үйретеді.Балаларға үйрете жүріп өзім де көп нәрсені үйреніп дамып келемін.Сүйіспеншілікпен берген білім айналаға,достарына,табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, өмірге деген сенімін арттырып,өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.Мен баланың шырағын жағу үшін  мектептемін өйткені рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы , сөзі , ісі бірлікте өмір сүретін , кемел мінезді адам дамыту басты мақсатым.Балалар айналасындағыларды жақсы көруді оймен , сөзбен, іспен көрсете алатынын ұғып , риясыз сүйіспеншілік қуат  екенін түйсініп,адамды жақсы көру  оның өміріне өзгерістер әкелетінін біледі.

Тәрбие,тәлім,білім,ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз.Ата-ана – ұстаз,мұғалім-ұстаз,үлкендер-ұстаз,кітап-ұстаз.Олар балалардың  жақсы адам болып өмір сүруіне ықпал етуші күш болғандықтан  шәкіртсіз ұстаз тұл демекші мен де шәкірттеріме үлгі болуға тырысамын.

Ұстаз – тек оқу,жазу үйретіп,білім беретін мұғалім ғана емес.Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші,қамқор,іздеген сұраққа,бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы,бірге еңбек ететін сенімді дос бола алатындықтан менің бойымда  үйренетін асыл қасиеттер мол болу үшін жаңалыққа жаны құмар жанмын.

-Ұстаздың еңбегі зор.Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап,оның болашақта өз орнын табуына көмектесіп қана қоймай аянбай еңбек етеді.Иә,шәкірттерімнің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі,үлкен жетістіктерге жетуі – мен үшін үлкен қуаныш.

Үздіксіз жинақталған білім адамды даналыққа жеткізеді.Білімді адам әрбір жағдаятты,мәселені ойланып барып,біліміне сүйенуі негізінде шеше алады.Өмірдегі көп қиындықтарды,кедергілерді біліммен жеңеді.Сондықтан да әрбір адам білімге құштар болу керек.Оқу арқылы адам  бойыда білім жинақталады.Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады.Шырақ барлық уақытта да айналаға нұрлы сәулесін шашып тұрады.Мен де  балалар да білімді болса өмірде шырақ сияқты жарқырайды.Сондықтан да халық «оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы» деп айтқан даналық сөз бекер емес деп ойлаймын.Табиғат бізге сүйіспеншілік берді.Сол сүйіспеншілігімізді кішкентай мектеп балаларымен бөліскім келді. «Өзін-өзі тану пәні  мұғалімі  болып балаға сүйіспеншілігімді бере отырып көмектесуге,сол жасаған адал еңбегіме рахаттанамын.Сүйіспеншіліктен  баланың шырағы жанып сұлулана түседі.Соны бала мен ұстаз ретінде  көре біліп,естіп,сезіне біліп кішкентай нәрседен ұлы нәрсе шығарып кішкентай балалар ұлы адамдар деп қабылдаймын.Мен балаларға қанат бітіре отырып жандандыруға ұмтыламын.

 Өз аналары тәрізді бойына ізгі өнеге дәнін себуші,өмірлік шырағын жағушы бала болашағына жарқын жол сілтеуші және баланың шырағын жағушымын.Осы мақсатыма жету үшін ауыр салмағы бар ұстаз атына лайықты болу –ұстаздық  міндетім деп санаймын..Аянбай еңбек  ету,талмай іздену,шәкіртімді шабыттандыру менің өмірлік ұстанымым.Жұдырықтай ғана жүрегім сүіспеншілікке толы,бағыт беруші.Сондықтан әр баланың жүрегіндегі сүйіспеншілікті оятып өмірлік шам шырағын жағып ,жарқын болашағына жол сілтеу үшін мектепте жүргеніме,көздерінде қуаныш күлкісін көргенімде бойымды қуаныш сезімі билейді.Кемел елдің шамшырағын жағар,бойында адамгершілік қасиеттер тұнып тұрса менің мектепте өткен әр минутым зая кетпегені деп білемін.

Шалва Амонашвили өзінің іс тәжірибесінде жүрексіз берілген білім адамды қанағаттандырмайды,керісінше жүгін ауырлатады дегендей жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді,жүрек арқылы жарыққа жол ашамыз.

Жүректен өтіп берілген сабақтар өмір сабақтарына сананы кеңейту сабақтары боп саналмақ.

 Ш.А.Амонашвилидің «Как любить детей» деген кітабы педагогтың өмірінен алынған.Біріншіден сүю үшін шырағын жағу үшін біздер балаларды қаз қалпында ақылдыны да,жалқауды да бөліп жармай   бірдей сүю керекпіз.Оның үстіне біз мұғалім жанып тұрған шырақ сияқты балаларға шырағымызды алаламай,тең үлестіруіміз керек.

Мейірім, мен,сүйіспеншілік шуағымызды шашып тұрып ізгілікпен тәрбиелеуміз керек.Екіншіден біздер оларға түсіністікпен қарау – кішкентай адамды тәрбиелеудің тамаша шеберлігін игеру,ұстаз балаға жүрек жылуын,ізгі ниетін арқылы жоғары рухани адамгершіліктің үлгісін көрсету.

Үшіншіден,біз оптимист болуымыз керек.Баланың жүрегі мен жанына жылылық ұялату,оның жеке қасиеттерін ашу арқылы шырағын жағу және білімін кеңейтуге жағдай жасау.

Төртіншіден қатты ашуланған кезде ақылға жеңдіріп өзін тежей отырып,жылы сөздер айтып жақсы, қарым-қатынас жасай білу мұғалімге деген құрметін көбейтеді.

Өйткені балалардың руханилығы ашылады.Балалар жүрекпен тыңдайды және жақсы көреді.Мектепте мен де балалармен бірге мейірімді,сенімді,ақ ниетті болуды үйренемін және мұғалімдік дүниетанымын кеңейе түседі.

Осындай кіп-кішкентай балапандарға ізгілік ұстаз боп қанат бітіріп рухани күш екенін сезіндіріп,уақытысында көңіл бөліп,қуаттандырып,жүрегі нұрға толы,жан-жағына шуақ шашатын шырағын жағып адамгершілігі мол адам тәрбиелеп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін.

Ұстазының сүйіспеншілігіне бөленген бала да өзін бақытты сезінеді.Балаға үйретуден бұрын сүю маңызды екенін тәжірибемде байқадым.Қорытындылай келе ұлы педгог «Егер баланы сүймесеңіз,мектепке бармайды дегендей сүйіспеншіліксіз жасаған кез-келген әркет жақсы нәтиже бермейді.Басты парызымыз шынайы сүйіспеншілікпен,білім шырағын жағып болашағымызды жарқырата берейік.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *