Реттік санау санның заттардың кеністікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру.
Білім беру саласы |
«Таным». |
Бөлімі |
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру |
Тобы |
Ортаңғы топ |
Тақырыбы: |
Реттік санау санның заттардың кеністікте орналасуына қатысы жоқтығы туралы білімдерін бекіту. Таныс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыру. |
Құзіреттілікке жеткізетін – Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат міндеттері: |
|
А) ақпатараттық құзіреттілік |
Реттік санауды үйрету, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету;математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету. |
Ә) коммуникативтік құзіреттілік |
Математикалық жұмыстарды шешу жолдарын, әртүрлі заттардың ұқсас белгілерін табу және оларды сол белгіліері арқылы біріктіруге салыстыру іскерліктерін қалыптастыру. |
Б) проблема шешу құзіреттілігі |
Санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын түсіну, заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету, заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табу. |
Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекеттің түрі |
аралас |
Пәнаралық байланыс |
Көркем әдебиет |
Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар мен әдіс-тәсілдер |
Дамыта оқыту, топтық жұмыс Көрсету әдісі: түсіндіру, таныстыру, ауызша әдіс: сұрақ-жауап, практикалық әдіс: дидактикалық ойын, Көрнекі құралдар:көлктер суреті,цифрлар карточкасы,геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер. |
Оқыту құралдары: |
Цифрлар карточкасы, заттық суреттер |
Қоғалытүбек НЖББМ «Еркетай» шағын орталығы. «Балдырған» ортаңғы аралас тобы.
Габдешова Алтынгул Ержановна
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің технологиялық картасы
Іс-әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балаларды іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларды тыныштандырып, назарын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне аудару. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне қарап күлімдеуді өтінеді. Бала,бала баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.
«Жұмбақтын шешуін тап» ойыны. Тәрбиеші балаларға екі,үш, төрт, беске байланысты жұмбақтар жасырады: Екі аяғымоны Кезек-кезек тебеді, Тепкен сайын Алысқа желеді. Тәрбиеші сұрақ қояды: -Жұмбақтарды шешуге қандай сандар көмектесті? |
Балалар күлімдеп қуана тәрбиешімен бірге қимыл қозғалыспен шаттық шенберін жасайды.
Бала, бала баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамызда қаламыз.
Балалар жұмбақтын шешуін табады. Жұмбақтын шешуі: Велосипед.
Екі,үш,төрт,бес. |
|
1-тапсырма Тәрбиеші балаларға тапсырма береді: -Балалар,гаражға кіріп бара жатқан көліктерді бояндар.Біріншісі қызыл түспен, екіншісін сарымен, үшіншісін жасылмен. -Гаражға барлығы неше машина кірді? Тәрбиеші гараждан шыққан кезде соңғы машинаның бірінші,ал бірінші машинаның соңғы болатынын айтады. Тәрбиеші гараждан шығып келе жатқан көліктерді бояуға тапсырма береді. -Жасыл машина гараждан нешінші болып шықты? -Ал қызыл ше? -Екінші қатардағы сары машина нешінші? -Бірінші қатардағы қызыл машина ше? -Бірінші қатардағы жасыл машина нешінші? Сергіту минуты. Оңға бір қадам. Солға бір қадам, Айналып бейлейміз. Алға бір қадам, Артқа бір қадам Айналып билейміз |
Балалар көліктерді бояйды.
Гаражға үш машина кірді. Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап берерді.
Бірінші . Үшінші. Екінші. Бірінші.
Үшінші. Баладар жаттығу жасайды: Оңға бір қадым, Солға бір қадым Айналады. Алға бір қадам, Артқа бір қадым Айналады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
2-тапсырма Тірбиеші сұрақ қойып,тапсырма береді: -Үшбұрышта неше дөңгелек бар? -Дөңгелекте неше шаршы бар? -Шаршымен дөңгелектегі фигуралардың саны туралы не айтар едіңдер? -Үшбұрыштағы, дөңгелектегі фигуралар санына сәйкес келетін цифрды бастырып жазыңдар. 3-тапсырма. Тәрбиеші балалардың назарын үшінші тапсырмаға аударады: -Бесік арбада қанша фигура болса, шаршыларға сонша геометрялық фигураның суретін салындар. -Неше фигура салдындар? 4-тапсырма. Балаларға машиналардың суретін көрсетеді: -Балалар, суретші машиналардың суретін салды. Бірақ басқа затқа алаңдаймын деп кейбір бөліктерін салуды ұмытып кетіпті. Жоғарыда тұрған машинаны мұқият қарап шығып, төмендегі машиналарға жетпей тұрған бөлшектерді салып шығайық. |
Бес дөңгелек бар. Бес шаршы бар. Әртүрлі орналасқаны қарамастан дөңгелекпен шаршының саны тең.
Арба үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыштардан құралған. Балалар фигуралардың суретін салады. 3 үшбұрыш, 2 дөңгелек, 2 тіктөртбұрыш.
Балалар машиналардың жетпей тұрған жерлерін салып шығады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Тәрбиеші сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларды мадақтайды. |
Балалар өз жұмыстарын тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
Балалардың біліуі:5 цифрын; реттік санауды; санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын біледі.
Балалардың меңгеруі:санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын меңгереді.
Балалардың жасай алуы: «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап береді, таныс заттарды геометрялық фигураларды салыстыра алады.