Дүниетану пәнін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Наурзбекова Майра
І. Кіріспе
1.1. Инновациялық әдіс – тәсілдер – заман талабы
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Дүниетану пәнін оқытуда инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
2.2. Оқушылардың өз – өздерін оқыту арқылы білім беруге
ықпал жасау, өз беттерімен, топпен жұмыс жасауға үйрету
ІІІ. Қорытынды
3.1. Инновациялық әдіс – тәсілдерге негізделген сабақтар
нәтижесі
«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімділігі жойылады»
К. Д. Ушинский
ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Қазіргі таңда біздің еліміздің алдына қойған мақсаты- бәсекеге қабілетті дамыған елдер қатарына қосылу. «Ал осы елдер қатарына қосылу үшін не істеуіміз керек?»-деген сұрақ туындайды. Әрине білім сапасын арттырып, ұстаздардың білім беру саласындағы жаңа технология элементтерін жылдам игеруін қамтамасыз ету керек. Оқушыға тиянақты білім беру де жаңа технология элементтерін қолдану шәкірттердің қызығушылықтарын оятып, ойлау қабілетін дамытуға зор әсерін тигізеді.
Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Білім беру үрдісін замана талабына сай жақсартудың тағы бір жолы-инновация яғни, білім алу жолындағы жаңалықтарды үйрету, қабылдау, бағалау және қолдану үрдісін басқару. Бұл білім беру мазмұнына, әдісіне, формасына ұйымдастыруға және басқаруға қатысты. «Инновациялық»- сөзі ағылшынның «жаңалық ендіру» деген сөз. Инновациялық үрдістің өмірге, енуіне қоғамдағы әлеуметтік сұраныстар мен білім жүйесіндегі білім беру саясатының нәтижесі себеп болады. Инновациялық білім –іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін.
Дүниетану пәнін оқытудағы басты мақсаттар – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, олардың диалектикалық – материалистік көзқарастарын қалыптастыру мен политехникалық білімін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру, оқушылардың табиғатқа және техникалық әлемге қызығушылығын арттыру болып табылады.
Оқушыларының ой толғанысы мен ойлау қабілетінің бүкіл оқу жылының, оқу аптасының немесе күнінің барысында, тіпті сабақ үстінде де сан құбылып отыратынын әр ұстаздың білуі қажет. Оқушының зейіні, ойлау қабілеті өз деңгейінде болу үшін оқытудың әңгімелік, көрнекілік және практикалық әдістерін үнемі өзгертіп отыру керек. [1,2] Өткізген сабақтарымда инновациялық әдіс – тәсілдерді қамтып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында дүниетану пәні бойынша «Өсімдіктер» тарауына сабақ жоспарын жасадым.
Дүниетану пәні бойынша сабақ жоспар
Тақырыбы: Шөптекті өсімдіктердің мүшелері
Мақсаты: шөптекті өсімдіктердің мүшелері жайлы мағлұмат алады.
Міндеті:
– шөптекті өсімдікке қандай өсімдіктер кіретіндіктерін, олар қандай мүшелерден тұратындығын оқып, үйренеді
– жалпы өсімдіктердің тіршілігі туралы біліп, адам өміріне олардың қаншалықты қажет екендігін оқушылар өздері айтып, айтқандарын дәлелдеуге үйренеді.
– табиғатты аялауға,топта жұмыс істегенде бір-бірлерін сыйлауға, сөздерін бөлмеуге тәрбиеленеді.
Әдіс – тәсілдер: «Ой қозғау», «Сұхбат алу», сұрақ-бізден, жауап – сізден, ойтолғаныс, серпілген сауал әдістері
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, Power Point
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру:
- Оқушылармен амандасып, түгендеу
- «Көңіл күйімізді көтерейік» – тренинг
IІ. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»
Күн қуатынан және топырақтан қоректеніп, өсімдік өседі, гүлдейді, жеміс тұқым береді. Өсімдік болмаса, тірі организмдер өзіне керекті қоректі таба алмайды. Орман, шалғын, дала өсімдіктері жануарлардың тіршілік ететін ортасы. Адам өмірінде жасыл өсімдіктің маңызы өте үлкен. Қолайлы жерлерге өсімдікті отырғызып, күтетін себебі, олар ауаны тазартады, шуды азайтады, шаңдарды бойына жұтады.
ІІ. Мағынаны тану Тақырыппен, сабақтың мақсатымен таныстырып өттім.
Сұрақ – бізден, жауап – сізден:
Өсімдік тіршілік ету үшін не қажет ?
Барлық өсімдіктер тіршілік етеді. Қоректенеді, тыныс алады, жарықты, жылуды, суды керек етеді. Осы жағдайлар болса, өсімдік жақсы өседі.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
«Сұхбат алу» әдісі. Мұғалім мен оқушы арасында диалог орнайды.
Оқушылар мәтінді жекелеп, дауыстап оқиды.
Берілген тапсырмаларға жауап алынады.
Ү. Дәптермен жұмыс
Күннің жадысы мен бүгінгі сабақтың тақырыбы жазу Өсімдіктер – қоректенеді, тыныс алады, жарықты, жылуды, суды керек етеді.
ҮІ. Сергіту сәті: «Көңілді күн»
ҮІІ. Ой толғаныс
І топ: Бұта мен шөпті өзара салыстыр
ІІ топ: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағждайларды атаңдар
ІІІ топ: Өсімдік мүшелерін сурет бойынша ата
ҮІІІ. Серпілген сауал
Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?
Өсімдіктің қандай түрлері бар?
Өсімдік өсуі үшін не қажет?
ІХ. Оқушыларды формативті бағалап, жауаптарына қарай жиынтық бағалау
5-кесте
Формативті бағалаудан жиынтық бағалауға
Мадақтама | Ұпай саны | Бағасы |
Жарайсыңдар! | 7 – 8 | 5 |
Құттықтаймыз! | 5 – 6 | 4 |
Әлдеде талаптан! | 3 – 4 | 3 |
Дайындалу керек! | 1 – 2 |
Х. Үйге тапсырма: Түсініп оқып келу, шығармашылық тапсырма 38-бет
Нәтиже. Оқушылардың өсімдік туралы алғашқы түсініктері қалыптасып, өсімдік топтарын бөліп көрсете білді. Өсімдік қажеттілігін анықтап, дәлелдеп, мысал келтірді. Өсімдіксіз өмірдің қаншалықты маңызды екені туралы түсінді.
Сабақты талдау (жаңа тақырып бойынша түрлі тапсырмалар беріліп, білімдерін тексеру арқылы пәнге деген көзқарасын, түсінігін байқап, түсінбеген сұрақтарына қайта түсіндіру жұмыстары жүргізілді)
Мектепте сапалы оқу бағытын айқындайтын жолдардың бірі – дүниетану пәнін модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориалық және тәжірибиелік жағынан дәлелденуде. Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекітіп, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» – айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерін, түрлі әдістерін орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамытуға ықпал етеді.
Тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің көбеюінің тек қана тұқымнан емес, басқа да көбею түрлерімен таныстыру.
Міндеті:
- Оқушыларды тақырыпты өздігінен оқып, түйін сөзді таба білуге машықтанды.
- Өсімдіктердің тамырсабақ, мұртшасы арқылы көбейетіндігін білді.
- Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетін білді және олардың қандай пайдасы бар екендігі туралы білім алды.
Көрнекілігі: суреттер, кесте, сөзжұмбақ, картоп, пияз
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, баяндау, көрнекілік, сұрақ – жауап
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасып, түгендеу
2. Психологиялық ахуал орнату
ІІ. Үй тапсырмасы:
Он сұрақ
- Табиғат сәні (өсімдік);
2. Ағаш түрі (тал)
3. Бұта түрі (қараған)
4. Шөп түрі (бетеге)
5. Жапырақтағы жасыл бояу (хлорофил)
6. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ қабат (топырақ)
7. Ерте көктемде себілетін өсімдік тұқымдарын ата - Өсімдіктің топырақ арасында болатын мүшесін ата
- Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды ата
- Жер астында өсетін тағы қандай өсімдіктерді білесіңдер?
(Сәбіз, қызылша т, б)
ІІІ. Мағынаны тану
– Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Өсімдіктердің көбеюі»
Электронды оқулықпен жұмыс
Көбею–тұқымнан–пиязшықтан–түйнектен-сабақтан
дәнді да- — пияз —- картоп –таушымылдық
қыл, гүл — сарымсақ— жералмұрт – інжугүл
дер —- қызғалдақ — теңбілгүл – құртқашаш
ІҮ. Топтастыру
Тақтада құрғақ жемістер мен шырынды жемістерді бір жаққа топтастыру.
Құрғақ жемістер: бидай, тары, бұршақ, жаңғақ, жүгері, күнбағыс.
Шырынды жеміс: қияр, қызанақ, қара жидек, қызылша, алма, бүлдірген.
Ү. Оқулықпен жұмыс
Оқушы мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларға жауап береді
а) Оқулықтың 46 беттегі тамырсабақ арқылы көбейетін өсімдіктер түрлерін атау (жауқазын, бақша пиязы, қазжау)
Тәжірибе жасау
ә) Картопты алып көзшелерін санайық, ендеше осы әр көзшеден жаңа өсімдік береді екен (кесіп көрсету).
б) Пиязды алып қарау, сыртындағы құрғақ қабыршағы және ішінде бірнеше шырынды қабаты бар (кесіп көрсету).
ҮІ. «Білгенге маржан» сахналық көрініс
Қараторғай:
– Әй мешкейлер! Сендер жарбиып жата бергенге мәзсіңдер! Ештеңе көріп, ештеңе естімейсіңдер. Ал мен болсам, жарық дүниенің жартысын шарлап келдім. Бармаған жерім жоқ: Үндістанды, Африкада, Жерорта теңізінде де болдым.
Картоп:- Сол сөз болып па? Сенен басқалар жер көрмеп пе? Мысалы менің туған жерім – Оңтүстік Америка. Бұдан 500 жыл бұрын испандықтар Оңтүстік Америкаға келіпті. Олар тамақ іздеп жүріп, мені тауып алады, саңырауқұлаққа ұқсайды екен, өзі өте дәмді деп «тартуфоли» деп атап, бір қапшықты толтырып Испанияға ала келеді, одан Италияға, содан Францияға жеттік. Ал Россияға Петр І патшаның тұсында келдік. Сөйтіп, қараторғайым, мен де саяхатшыдай жер жүзін шарладым және тағы да бір қасиетім: бойымда крахмалым бар.
Пияз:– Біле білсеңдер, ертеде әскерлер мені тұмар қылып мойнына таққан, көп қабыршақтарым талай қиындықтардан қорғауға тиіс деп ойлаған. Ертеде Римде бізді әскерлердің тамағына қосып берген. Өйткені олардың күші артады деп ойлаған. Сол кезден бастап бізді дәрі есебінде көптеген ауруларды емдеуге қолданған, әсіресе суық тигенде мені көбірек жесеңдер ауырмайсыңдар.
ҮІІ. Ой толғаныс
І топ: Тамырсабақ суретін салу
ІІ – топ: Түйнек арқылы көбею түрін салу
ІІІ – топ: Пиязшық арқылы көбею түрін салу
ҮІІІ. Лездеме
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақта не туралы білім алдық?
Өсімдіктер қалай көбейеді?
ІХ. Үйге тапсырма: 1. «Тамырсабақ, түйнек, пиязшық» арқылы көбейетін өсімдіктерді атау 2. Мәтінді оқу, мазмұндау.
Х. Сабаққа қатысқан балалардың жауабын бағалау.
Нәтиже: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, түсініктері қалыптасады, өз беттерімен жұптасып, жеке жұмыстар орындай отырып шешім қабылдап, қорытынды жасай алатын болады.
Сабақты талдау: (жаңа тақырып бойынша түрлі сұрақтар қою отырып, білімдерін тексеру арқылы пәнге деген көзқарасын, түсінігін байқау, түсінбеген сұрақтарын қайта түсіндіру үшін оқушыны қосымша сабаққа шақыру)
Бұл сабақтардың мақсаты – оқушылардың өсімдік туралы білім қалыптастыра отырып, олардың қасиеттерін білу. Тәжірибелер арқылы өсімдіктердің қажеттіліктерін бөліп тізіп айту, мысал келтіру. Оқушылардың өздерін-өзі оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, өз беттерімен, топпен жұмыс жасауға үйрету, іскерлік пен дағдыны жетілдіруді сабағымның міндеті етіп алдым. Сабағымның негізгі идеясы: Жаңа ақпарат бере отырып, оқушылар өсімдіктің қасиетін бөліп көрсетеді және оның көбею жолдары туралы білім алып, , мысал келтіреді, өсімдіксіз өмірдің қаншалықты маңызды екені туралы түсінеді деген нәтиже күттім.
Осы сабақтарда инновациялық әдіс – тәсілдерді тиімді пайдаланып, сабақ өз мақсатына жетті. Осы тиімді әдіс – тәсілдердің негізгі идеясына тоқталар болсам, оқудағы жаңа тәсілдер ретінде диалогтық оқытуды және қалай оқыту керектігін үйретуді қарастырады; оқытуда АКТ-ны пайдалану оқушыға білім беруде интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды, интернет материалдарын тиімді қолдана білуді және жаңа материалдан көрнекі таныстырылымдар дайындай білу, сонымен қатар сол арқылы шебер сөйлей білу дағдысының мұғалімде қалыптасуының қажеттігін қарастырады.
Үй тапсырмасын ауызша баяндатпай, 3- топқа миға шабуыл (кестемен жұмыс), он сұрақ әдістерін ұйымдастырдым. Кестемен жұмыс барысында өсімдік түрлері: ағаш, бұта, шөп туралы білім алып, бала білімін тексеретін сұрақтар болды. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстарын қорғады.
І топ: Бұта мен шөпті өзара салыстыр
ІІ топ: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағждайларды атаңдар
ІІІ топ: Өсімдік мүшелерін сурет бойынша ата – деген тақырыптарда оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар «кезбе тілші» және лездеме әдістері арқылы өсімдік туралы білімдері анықталды.
Жаңа тақырыпты түсіну үшін бейнематериалмен және электронды оқулықпен жұмыс жүргіздім. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Өсімдік – тіршілік нәрі» атты бейнеролик көрсетіп, ашық сұрақтар беріп отырсам, ресурспен «Өсімдік – табиғат бөлігі» атты жұмыстар жүргіздім. Сабақтардың әр бөлімінде электронды оқулық арқылы өсімдіктердің көбеюін тәжірибе барысында анықталып, қосымша мәліметтер беріліп отырды. Мысалы: Бұдан 500 жыл бұрын испандықтар Оңтүстік Америкаға келіпті. Олар тамақ іздеп жүріп, мені тауып алады, саңырауқұлаққа ұқсайды екен, өзі өте дәмді деп «тартуфоли» деп атап, бір қапшықты толтырып Испанияға ала келеді, одан Италияға, содан Францияға жеттік. Ал Россияға Петр І патшаның тұсында келдік. Сөйтіп, қараторғайым, мен де саяхатшыдай жер жүзін шарладым және тағы да бір қасиетім:бойымда крахмалым бар.
Оқулықпен жұмыс барысында оқушыларға бағыт-бағдар бердім де, оқулықтағы материалды бір шолып шығу үшін азғана уақыт бердім. «Сұхбат алу» әдісі бойынша мәтінді іштей оқып, тақырыпқа байланысты екі оқушы диалог құрады, оқулықтағы мәтін де берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жауап алынады. Оқушылар мәтінді бір-біріне қайта түсіндіріп, көмектерін көрсетіп те жатты. Демек, топта жұмыс жасау ұйымшылдыққа, жолдастыққа тәрбиелейді екен. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
-оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
-басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
-оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі ;
-мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі». [5,84].
Сабақты қорытындылау барысында үнемі топтық жұмыс жасалып отырды. Екінші сабағымда әр топқа топтық тапсырмалар берілді:
І топ: Қандай жемістерді қыстап қалатын құстар азық етеді?
ІІ топ: Өз жерімізде өсетін 1-2 жемістің суретін салып, пайдасы туралы әңгімелеу
ІІІ топ: Өсімдік тұқымын қай мезгілде жинайды? Қалай дайындап, сақтайды?
Ал үшінші сабағымда «Ойтолғаныс» стратегиясы арқылы жаңа сабақты қорытындылау мақсатында постер қорғату, 3- топқа төрт түрлі тапсырма беріледі:
І топ: Тамырсабақ суретін салу
ІІ – топ: Түйнек арқылы көбею түрін салу
ІІІ – топ: Пиязшық арқылы көбею түрін салу
Бұл тапсырма да оқушылардың сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Өтілген материалға шолу жасалып, ой қозғалды. Оқушылар сабақты бекіту мақсатында «Серпілген сауал», «Лездеме» әдістеріне белсене, таласа-тармаса қатысты. Қате жауаптар бірден «Жоқ! Дұрыс емес!» деп қайтарылып тасталмай, балаға ойлануға мұрсат берілді. Мағынаны тану бөлімінде «ал, бүгінгі сабақ мынандай» демей, сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, ұғындырылды. Ең бастысы дәстүрлі сабақтарда кездеспейтін «Бағалау критерийімен» таныстырылды. Оған оқушылардың қосатын түзетулері мен өзгерістері «бар-жоқ» екені анықталды.
Сонымен бұл сабақ бойынша оқушы өз бетімен ізденуге үйренді. Әркімнің өзіндік пікірі бар екенін ұқты және сол пікірге құрметпен қарауға, өзгені түсінуге, сөзін бөлмеуге, бір-біріне шыдамдылықпен қарауға үйренді. Постер қорғағанда қатесіз, әдемі жазуға тырысты. Сабақтың әр кезеңіне өз үлестерін қосуға үйренді. Дейтұрғанмен сабақ барысында қиындықтар кездесті. Ашық сұрақтар кезінде оқушылар өз ойларын тиянақты жеткізе алмады. Сыни тұрғыдан ойлауы мардымсыз жағдайда болды. Болашақта оқушыларға берілетін әрбір тапсырманың сыни тұрғыдан қамтылуын ескеремін. Алайда, сабағымның оқушыларға ұнағаны, жаңа әдіс-тәсілдердің өз нәтижесі боларын білдірді. Олар алдағы сабақтарда барлығының жақсы болатындығына сенімдері мол екенін байқатқан, яғни үйренуге құлшыныс оянған.
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген осы сабағымнан дәстүрлі сабақтардың көптеген кемшіліктерін байқадым. Балаға берілген дайын білім оқушының сыни түрғыда ойлау деңгейін еш көтермейді екен. Өйткені өзі ізденіп, жауабын таппағасын алған білім есінде қалмайды. Және оны құрбыларымен бірлесе оқуға мүмкіндік болмағандықтан да, сыныптастар арасында ынтымақтастық ахуал да төмен болып келеді. Сындарлы сабақтар өткізуде аңғарғаным, біреуді үйрете отырып, оқушының өзі де жақсы білім ала алады . Менің осы сабағымда оқушылар бір-бірін оқыту арқылы жаңа білімдерін қалыптастырды . [6,96].
Топтық жұмыс арқылы оқушыларымның бойында сыныпта сөйлесу, сөйлеу дағдысы қалыптасты. Ұйымшылдыққа тәрбиеленді. Инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану барысында, сабақ өз мақсатына жетеді деп ойлаймын.
Алда да кәсіби қызметімде сабақтарды оқушыларды сыни ойлауға үйрете, білім беретіндей дәрежеде өткізе беру міндетім. Осылай өткізілген сабақтар ғана баланың сыни ойлауын дамытуға, сөйлей білуге үйретуге көмектеседі. Сабақта жіберілген кемшіліктерді алдағы сабақтарымда ескеріп нәтиже шығара білсем, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білсем, сонымен бірге сынып ерекшелігіне орай жұмыстар ұйымдастыра білсем сабақтарым нәтижелі болып, оқушыны еркін ойлап, шешім қабылдауға үйретемін деп есептеймін.
Білім беру жүйесіне осы өзгерістерді енгізу үшін ұстаздың алатын орны ерекше. Оқушылар әлі дағдыланбағандықтан, бұл әдіске үйреніп кету олар үшін де, мен үшін де алғашқыда қиынырақ болды. Бұл қиындықты жеңу үшін мен бар күшімді салдым. Осылайша оқушыларға бағыт – бағдар беру арқылы оларды осы жобаның әдіс – тәсілдеріне бейімдедім. Оқушылардың бойындағы оң өзгерістерді өз көзіммен көрдім. Оқушы осындай нәтижеге жетсе, бұл ұстаздың еңбегі деп білемін, яғни мен осы тәжірибеде өз бойымдағы ұйымдастырушылық, білім беудегі көшбасшылық қабілетімді шыңдай түстім.
Сонымен дүниетану пәнін оқыту барысында инновациялық әдіс – тәсілдермен алмастыру кезінде нәтижелі жақсы көрсеткіштер көбейетініне көз жетеді:
білім сапасы жақсарады;
оқушы өзін психологиялық жағынан еркін ұстайды;
оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс жүзеге асады;
оқушы білімі күнделікті бағаланады;
оқушылардың тіл коммуникативтігі артады;
оқушының логикалық ойлау қабілеті артады;
пәнге қызығушылығы артады;
ұжымшылдық қасиеті артады;
оқушылар бірін-бірі бағалайды;
Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушыларымның ынтасын, іс-әрекеттерінің белсенді болып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақтарымда жеті модульді ықпалдастыра отырып өткізе бермекпін.
Алдағы уақытта да жұмысымды осы бағытта жалғастырсам, шығар қорытындының оң нәтижелі болары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Пидкасистый П.И Хайдаров Ж.С «Технологии игры в обучении и
развитии» М. 1996, 268 бет
2.«www 45 minut.kz», «Ustas.kz», «Bilimdiler.kz» сайттарынан материалдары
3.«Бастауыш мектеп» журналдары 2010 ж №4, 5; 2012 ж №7,
2014 ж №10, 11, 12
4.Бұзаубақова Қ.Ж «Жаңа педагогикалық технология» Тараз,
ТарМУ, 2003
- Мерсеитова.С. «Оқыту ізденіс үстінде және ізденіс оқыту ретінде»