Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ерте темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірі, оның табиғат жағдайлары, осы өңірге тән Бесшатыр қорымы мен Есік қорғандары,  жалпы бұл аймақты мекендеген сақтар туралы баяндау.

Дамытушылық: тарих жайлы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік:  белсенді, білімді, шыдамды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу

Сабақтың типі:  Жаңа тақырып

Көрнекілік:  cлайд,суреттер

Сабақтың барысы:  

Ұйымдастыру кезеңі,

• Оқушылармен амандасу

• Оқу құралын тексеріп түгелдеу,жаңалықтар айтып шығу.

Сыныпты топқа бөлу.Тордағы ілулі тұрған сандар бойынша бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру.(тест жұмысы)

Жаңа сабақ

Ж оспары:

       Сақтардың мәдени мұралары

       Бесшатыр қорымы

       «алтын киімді адам»

       . Шірік Рабат қалашығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 км жерде, қазіргі уақытта суы тартылған Жаңадария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Бұл қалашық солтүстіктен оңтүстікке қарай 850х600 м созылған табиғи төбе үстінде орналасқан. Қалашық мықты әскери жүйемен қоршалған. Төбенің төменгі жағында ені 40 м, тереңдігі 4,5 м ор қазылған. Қазіргі уақытта сақталған биіктігі 3 м, табанындағы ені 8-10 м. Ордың ішкі периметрі бойынша да жал орналасқан.

        

       2004-2006 жылдары қалашық территориясында екі жерлеу конструкциясы және диаметрі шамамен 80 м үлкен шеңбер тәріздес құрылыс қазылды.

      Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 61 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеді.
Бесшатыр
Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі ежелгі Бесшатыр тұрғындарының әлеуметтік даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа және кіші обалар. Алынған ғылыми деректер ежелгі сақтардың әлеуметтік топтарға жіктелуі, шаруашылығы, тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни наным-сенімі, архитектуралық жетістіктері, тұтынған қару-жарағы мен құрал-жабдықтары жайлы құнды мәліметтер береді. Таспен жабылған 21 обаның алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Оларды жалпы саны 5-тен 94-ке дейін жететін тастардан тұрғызылған қоршаулар құрайды. Тізбектер кейбір обаны түгел орап жатса, қайсыбірінің тек шығыс немесе оңтүстік-батыс жағын ғана қоршап тұр. Осындай ұзын тізбекті тас қоршаулар Бесшатырдан басқа бірнеше зираттың маңайында да бар. Оның біреуі Бесшатырдан батысқа қарай 10 км жерде. Құрамында 45 жеке қоршау бар бұл тізбек 450 м-ге созылып жатыр. Тізбектердегі көптеген тас плиталардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр сияқты аңдардың суреттері салынған. Үлкен Бесшатыр обасының маңындағы кейбір қоршаудың плиталарына түрлі таңба іспеттес суреттер де түсірілген. Олардың арасында күн рәмізіне жақын тұрған немесе қазақтың “көз” таңбасына ұқсас дөңгелек бейнелер кездеседі. Мұндай тізбектер қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ, діни салт-жоралғылар шерулерін өткізетін ерекше салтанат орны болғанын да көрсетеді.

     Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.[3] Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді

Аквариум әдісі .Екі топ тақырыпты оқиды,жұппен талқылайды.Топпен талқылаған кезде келесі топ сырттан тыңдап тұрады.Әрі қарай сурет бойынша тақырыпты түсіндіріп шығады.

Жаңа сабақты бекіту:

Сынып ортаға шығып тұрады.Әуен ойнайды,әуен тоқтаған кезде қорапша ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру:тақырыпты оқып,соңындағы сұрақтарға жауап беру.

 

Қарабұтақ орта мектебі

Ашық сабақ:

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан

6 класс

Өткізген :Тарих пәнінің мұғалімі Қараулбекова Г.А

2016 ж

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *