Сыныптағы оқушы ахуалын анықтау

Тунғатова Анар Жолдыбаевна

Сынып жетекшілермен әр оқушының хал – ахуалының анықталуы, отбасы жағдайының қыр – сырлары оқушының танымдық, эмоционалдық, әлеуметтік топтардағы орны жайлы, түсіністікті қажет ететін тақырыптар арасында сұхбат   ,LESSON STUDY  бойынша  іс – әрекетті жоспарланды.

Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардың мектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіc.

Жеке тұлға қалыптастыруда оқу үдерісінің мәні тек білімде емес, оның тәрбие алар ортасы, олардың эмоционалдық ахуалын білу маңызды . Мұғалім өзі сабақ беретін сыныптың кез-келген оқушы жайлы білуі, жекелеген оқушыларды ынталандыру жолында жұмыстар қарастырылмайды.

Мектепте пән бірлестіктері жұмыс істегенмен ,мүдделі серіктес ұйымдардың мұғалімдерімен  кәсіби қоғамдастық құрылмаған. Мұғалімдер тұтастай алғанда оқу үдерісінің мәнін,жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын,олардың эмоцианалдық ахуалын және сыныптан тыс өмірін терең түсіне алмайды.

Мұғалімдердің ғылыми жұмыстары, жақсы нәтижелері қарастырылмайды.Талдау тек ашық сабақтарда,семинарда берілген сабақтарда жүреді.Күнделікті білім беру барысында кетіп жатқан кемшіліктер,жаңалықтар, жаңа әдіс-тәсілдер ескерілмей, ең бастысы баланың білім алуы ескерілмей, мұғалімнің  жоспар бойынша  сабақ беруі, барлық элементтерінің орындалуы, сабақ өткен соң кемшілігін бетіне басып айтулары маңыздырақ болып келді. Мұғалімді  ізденімпаз, жаңалыққа жаны құмар , өз ісіне берілген тұлға деп қарау көп жерлерде ұмытылып кететін сияқты. Менің  осы курстан үйреніп, білгенім әр мұғалімнің айтқан пікірі құнды, осы қағидат мектепте әркез ескерілсе мұғалімнің өзіне деген  сенімі артар еді деп ойлаймын.

Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін не істеймін?

Бірінші, осы әдіс-тәсілдердің енуіне қолдау көрсете алатын шығармашылық топ құру;

Екінші,ата-аналардан,оқушылардан ,мұғалімдерден  алынған сауалнамалардың талдауларынан шығарылған  тұжырымды ескеріп, коучинг-сессиялардың жоспарын құру;

Үшіншіден,тәлімгер-коучтармен сұхбат жүргізу.

Төртінші, аралық бақылауды енгізу,

Бесінші, Коучинг-сессияларды жүргізу үшін басымдықтарды анықтау болды.

Алтыншы, сыншыл достың көмегімен кейбір бағыттар қайта қаралып, қайта жоспарланды.

Жетінші, тәлімгерлік пен тәлім алушының жұмыстарын жоспарлау

Сегізінші, ата – анамен  мектеп арасындағы, мұғаліммен оқушы арасындағы жылы қарым – қатынас орнатуды жоспарлау

Мектептегі тәжірибе кезіндегі анықталған жағдайларға байланысты мен жұмыс істеп отырған мектепке  өзгеріс енгізу  үшін жоғарыдағы талдау жасалған оқу үдерістеріне байланысты мынадай  іс-шараларды жоспарладым. Мектепті дамыту жоспарына:

мұғалімдерге  көптеген оқыту стратегиялары,түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндігін,топтық жұмыстардың тиімділігін  және топтық жұмыстағы жетіспейтін  ынтымақтастық, арттыруға көмек беретін нақты әдіс- тәсілдерді қолдануға бағыт беретін ,біліп – үйренетін,тәжірибе алмасатын коучинг, семинарлар ұйымдастыруды енгіздім.

Оқытудың 7 модулін  сабақта ұтымды  қолдану жолдары да коучинг-сессияларда қаралды.Мектептің бастапқы деңгейін бақылау мақсатында мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушыларлан , сауалнама алу, іс-әрекетті зерттеу жұмыстары, кәсіби қоғамдастық құру,«Тізбектелген сабақтар топтамасы» тақырыбына коучинг-сессия жоспарланды.

Жалпы коучинг-сессиялардың мақсаты әріптестеріміз арасында енгізіліп жатқан оқытудың жаңа әдіс -тәсілдерін қолданысқа енгізу.Оқушының тиянақты білім алуын,қызығушылығын, білімге белсенділігін арттырудың жолдарынан таба білуде көмек көрсету.Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

Берген сабақтарымыздан кейінгі кері байланыстар, «оқушы үні» арқылы мұғалім өз сабағының ұтымды жағын көріп,  анықтай алды.(Қосымша,) Оқушы болса жақсы жаңалықты тез бойына сіңіргіш, ізденімпаз тұлға.Сондықтан да оқушылар ұстаздарынан сабақ беру кезіндегі өзгерісті күтеді.    Мектептегі тәжірибе кезіндегі анықталған жағдайларға байланысты мен жұмыс істеп отырған мектепке  өзгеріс енгізу  үшін жоғарыдағы талдау жасалған оқу үдерістеріне байланысты мынадай  іс-шараларды жоспарладым.

Мектепті дамыту жоспарына:

Нұсқаулықта берілген сілтемеде көрсетілгендей мұғалімдерге  көптеген оқыту стратегиялары,түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндігін,топтық жұмыстардың тиімділігін арттыруға көмек беретін,нақты әдіс- тәсілдерді қолдануға бағыт беретін ,білім үйренетін,тәжірибе алмасатын коучинг-семинарлар ұйымдастыруды енгіздім.

Ондай болса,мектептің дамыту жоспарының басымдылығы менің одан әрі атқаратын жұмысымның нәтижесі ретінде көрінеді.

«Мектепті дамыту бағдарламасының»негізгі міндеті-мектеп ұжымын оны дамытудың мақсатына жаппай жұмылдыру және үйлестіру.Мектепті дамыту бағдарламасын жасаудың маңызды бір міндеті осы білім беру мекемесі үшін 3-5жыл бойы мәнді болып табылатын тақырып таңдау. Мектептің дамыту жоспары міндетті түрде білім сапасын арттыруға бағытталатыны сөзсіз.Сондықтан да жоспарды нақты қажетті мәселеге сүйене отырып жасаған жөн. Кез келген адам белгілі бір әрекетті орындаса, бір жетістікке жетуді мұрат тұтады.Біздің де мұратымыз – оқытуды басқару мен көшбасшылық мәселелерін көтеру. Сыныптардағы оқытуды басқару,мұғалімдерді оқытуды басқаруды , онан мектепте оқытуды басқару мен кәсіби /желілік/ қоғамдастықты ұйымдастыруды дұрыс  іске асырып,оқуды, оқуды бағалау және оқыту үшін бағалауды,қалай оқу керектігін , рефлексия жасап,өз ісіне сын тұрғысынан қарап,бағалай алуды мұғалімдер тәжірибесіне енгізе алуымыз керек.

S-Мектепті дамыту жоспарында негізінен   атқарылатын негізгі жұмыстардың қалай атқарылатыны арнайы кестеге салынып,нақты әрекеттерге құрылды.

M-Жоспар мақсатқа жетуге бағытталғандықтан белгілі   бір табыс критерийлерімен өлшенеді.

A-Жоспар біздің қазіргі ресурстарымызды есепке ала отырып қол жетімді жасалды.

R-Біз үшін мақсатқа қол жеткізу өте маңызды.

T-Алты апта уақыт ішінде іске асыруға мүмкін  әрекеттер ғана уақыт өлшемімен жоспарланды.

Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады.Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады.Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет,мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде,бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек.

Мұғалімдердің басым көпшілігі, өздерінің білімі мен кәсіби шеберлігі туралы үнемі ойланыста болады,алайда оны талдап рефлекция жасамай жатады.Әр адам өзінің жүргізген істеріне талдау жасай отырып,екінші бір адаммен ой бөлісу.

Мұғалімдерге өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін өз іс-тәжірибесін сыни бағалауы өте қажет. Мұғалім педагогикалық шығармашылықта әрбір өзінің істеген жұмысына есеп беріп отыруы қажет. Тіпті өзінің күнделікті сабағының өзін талдап, анализ жасап отырған абзал. Ұстаз әрқашан да өз еңбегінің сыншысы болған дұрыс.

Білім беру  ісіне  деген талаптың өзгеруіне байланысты  педагогикалық  қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіру ісі де жаңа әдістерді талап етіп отырғаны ақиқат.ХХІ ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, сондықтан  осы білімді оқушылар өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан да өз мектебімдегі  даму жоспарды іске асырудың мақсаты енгізіліп жатқан өзгерістердің қарқынын анықтап, жұмыс барысында кездесетін проблемалар бойынша дұрыс шешім қабылдауда алған білімдерін қолдану болып табылады. Жоспарлау барлық мүдделі адамдардың: мұғалімдер мен ата – аналардың, тәуелсіз қадағалаушылар мен әкімшіліктің, мүдделі тұлғалардың және ең негізгі оқушылардың күші  біріктірілуінен білім беру саласында аса тиімді болып табылады.Келешекті әзірлеу мен сәйкес келмейтін болжамдарға қарсылық көрсетуде міндетті түрде шынайы қызығушылық болу қажет деп ойлаймын.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *