«Айгөлек» балабақшасында Монтессори технологиясының қолданылуы
Куатбаева Мадина Кемелбаевна
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бір мақсат, бір мүдде,бір болашақ» атты жолдауында мектепке дейінгі мекемелерге үлкен міндет жүктеді.Ол «кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі балаларға баса назар аударған жөн»,- деген болатын. Ғылымдану заманында,әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мектепке дейінгі педагогтардың алдында тұрған мақсат пен міндеттердің салмағы орасан зор. Осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру барысында ғалым-педагогтардың көптеген әдіс-тәсілдерін қолдануға болады.Біз өз тәжірибемізде Монтессори технологиясын қолдануды жөн санаймын. Монтессори технологиясы мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасауға өте тиімді және қолайлы әдістердің бірі.
Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагок, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген.Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабілетін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты екеніне біртіндеп көз жеткізіп келеміз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отырғаны белгілі.
Жаңа формация педагогы бүгінгі таңда балалардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында жан-жақты жақсы жағдай жасай білуі шарт. Балалардың танымдық қабілетін дамыту үшін төмендегі жайттарды ескеру керек:
-Есте сақтау қабілетін дамыту;
– Зейінін қалыптастыру;
– Қиялдау қабілетін дамыту;
-Ойлау қабілетін дамыту;
-Оқудың қажеттілігін түсіну;
Жалпы, бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,олар өз қателіктерін өздері көріп,соны өздері түзеп отырады.Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.
Монтессори әдісінде оқу қызмет системасы жоқ,балабақша партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.
Біз балабақшамызда өз тәжірибемізде балаларды оқыту мен тәрбие үрдісінде М.Монтессоридің педагогикалық жүйе әдістемесін қолданамыз.
Бұл жүйені қолданудағы басты мақсатымыз:
- баланың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу, ішкі сезімдеріне қарай өз ісін ұйымдастыруына;
- баланың ойын ояту,оны ойлауға үйрету,ойластыру,талдау жасау,қортындылар жасай білуге;
- өз-өзіне қызмет етуге,бір-біріне құрметпен қарауға,өзінен үлкендермен және кішілермен тіл табыса білуге көмектесу,үйрету;
М.Монтессори технологиясында баланың қажеттілігіне көп көңіл бөлінеді.Бала жұмыс істегісі келетін аймақ пен нақты Монтессори-материалды өзі таңдайды.Бала жалғыз немесе басқа балалармен жұмыс істегісі келе ме,оны өзі таңдайды.Монтессори әдісінде жарысқа түсу тіпті жоқ. Осы жүйе бойынша, өз тәжірибемде төмендегідей әдіс- тәсілдермен бөлісуге болады.
Балабақшамыздың ІІ кіші тобында М.Монтессори технологиясының бірнеше материалдарымен ойындарының бірнешеуіне тоқталатын болсақ:
- Рамкамен жұмыс істей отырып,бала қимыл үйлесімін,нәзік маториканы дамытады.Бұл материал баланың өз киімінің түймелерінің әр түрін меңгеру жөніндегі жұмысын оңайлатады,тезірек тәуелсіз,өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Жиытыққа рамка,оған керілген мата және үлкен,орташа,кішкене түймелер керек.Рамкалар жас баланың оңай жұмыс істеуіне арнап жасалған,мысалы,мата рамкада берік керіліп,сонда ол шығып салбырап кетпейді.
- Баулы аяқ киім мен жапсырмалы аяқ киімнің бауы мен жапсырмасын өз бетімен байлап,жапсыра білу.Аяқ киімді таза ұстауды өз бетімен меңгеру.Өз-өзіне қызмет етуге бала үйренеді.Педагог баланы мұқият бақылап отырады. Қажетті кезінде оған көмек береді.Таңдау жасауға көмектеседі.Бақылау әдісі мен қателіктерді түзету әдістерін көрсете алады.Жұмыс кезінде тәртіп сақтау керек.Іс-әрекетті белгілі бір кезекпен істеу,бастаған нәрсені аяғына жеткізу,жұмыс аяқталған соң материалды алғашқы қалпына келтіріп қою керек.
3.Сусымалы заттардың арасынан әртүрлі түстегі, пішіндегі нәрселерді ажыратып тауып алуға үйрету.Бұл материалдан баланың сипап-сезу қабілетін дамытуға көмектеседі.
Монтессори-педагогы ретінде баланың дамуына бағытталған заттық-кеңістіктік орта жасап,сондай-ақ ол ортада тәртіп болуын қадағалап,жаттығулар орындалып болған соң материалдардың өз орнында жиналып тұруына көңіл бөлінеді.Тәртіпті сақтауға балалар да қатысады,осы арқылы олар ұқыптылыққа үйренеді.Монтессори-педагог ата-аналар мен балаларға Монтессори-материалды таныстырады,олармен қалай жұмыс істеуге болатынын айтып береді.Бұл барлығына таныс педагогтың мақсаты болып табылады.Монтессори әдістемесі бойынша мұны презентация деп атайды.
Қорыта келегенде, М.Монтоссоридың педагогикалық әдісін түсінуді былай көрсетемін:
- Монтессори даму үдерісінде қалай «өмірлік импульстар» маңызды болса,солай қоршаған орта әсері маңызды екенін көрсетеді.
- Бала өздігінен өзін тұрғызады,қоршаған ортамен белсенді өзарақатынасы барысында белгілі бір адами функцияларды түзіп,одан әрі жетілдіреді.
- «Адами шығармашылық күшті» игере отырып, бала қос міндетті орындайды-өсу мен өзін-өзі жасау міндеттері.
- Балада балалық табиғатқа тән даму қажеттілігі болады,осыны тәрбие кезінде ескеру керек деп тұжырымдаймын.