Кокушева Азиза Серикбаевна
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының студенті,тобы СП 23 1 к
Арбабаева Арай Толеуовна
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.
Аңдатпа
Мақалада музыкатерапияның арнайы педагогикадағы түзетушілік рөлі мен оның ерекше білім беруді қажет ететін балалардың психофизиологиялық дамуына әсері зерттеледі. Автор музыкалық ырғақ пен жиіліктің сенсорлық интеграцияны жақсартудағы маңызын аша отырып, Томатис әдісі мен Қазақстандағы оңалту орталықтарының («Самға», «Амалия») тәжірибесіне ғылыми талдау жасайды. Жұмыста музыкатерапияның эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастырудағы және коммуникативтік дағдыларды дамытудағы тиімділігі негізделген.
Кілт сөздер: музыкатерапия, арнайы педагогика, Томатис әдісі, инклюзия, коррекция, сенсорлық даму.
Статистика бойынша, соңғы бес жылда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 15%-ға өсті,соған байланысты корррекциялық әдістерді қарастыру өзекті болып келеді.Яғни бұл санаттағы балаларды қолдау және түзету үшін жаңа, тиімді және кешенді әдістерді іздеу керектігін көрсетеді..Көптеген адамдар музыка тыңдайды, тіпті көбісі бұл істі тым жақсы көреді.Мағанда музыка тындаған ұнайды, осы тақырыпты алған себебім ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға музыканы тыңдау тек қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы өткізілуін қамтамасыз ету,яғни осы тақырыпты аша отыра музыкатерапияның арнайы педагогикадағы рөлін зерттеймін.
Соңғы онмынжылдықта баланың жеке ерекшеліктеріне бағытталған түзету тәсілдері белсенді дамуда ,соның бірі музыкатерапия ерекше орын алады.Жалпы музыка адамның сенсорлық жүйесіне,эмоциясын реттеуге ,когнитивті белсенділікке және қарым қатынас дағдыларына әсерін зерттеген көптеген ғылымдар бұл әдістің балалардағы әртүрлі даму бұзылыстарын түзетуде тиімді екенін дәлелдеген [1]Осыған байланысты музыкатерапия арнайы педагогтер үшін баламен байланыс орнатудың қолжетімді әрі табиғи құралға айналды.
Мақаланың мақсаты-музыкатерапияның психофизиологиялық негіздерін зерттей отырып, оның ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың эмоционалдық, когнитивтік және коммуникативтік бұзылыстарын түзетудегі тиімді әдіс ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Музыкалық дыбыстардың сенсорлық жүйеге әсері:музыканың құрылымы – ырғақ, темп, динамика, тон болып бөлінеді.Баланың есту анализаторын ғана емес, оның сенсомоторлық даму жүйесін де белсендіреді. Дыбыстардың белгілі бір жиілігі мидың әртүрлі аймақтарын қоздырады. Жоғары жиілікті дыбыстар зейін мен ақпаратты қабылдауды күшейтеді, ал төмен жиіліктер тыныштандыратын әсер береді [2]. Бұл қасиет эмоционалдық тұрақсыздық, гипербелсенділік немесе мазасыздық байқалатын балалармен жұмыс барысында маңызды.
Менің оқып-түйгенім бойынша, музыкатерапия — бұл жай ғана көңіл көтеру емес. Бұл клиникалық және ғылыми тұрғыдан негізделген арнайы тәсіл.Басты идея – музыканың дыбыс, ырғақ, әуен және гармония сияқты элементтерін емдеу, түзету (коррекция) және тіпті алдын алу мақсатында жүйелі түрде қолдану.Бұл әдісті міндетті түрде арнайы дайындықтан өткен маман (мысалы арнайы педагог) жүргізеді. Оның міндеті – баланың физикалық, эмоционалдық күйін, когнитивтік қабілетін және әлеуметтік қарым-қатынас қажеттіліктерін ескере отырып, мақсатты жұмыс жасау.Менің ойымша, музыкатерапияның құндылығы оның осындай кешенді және ғылыми сипатында жатыр.
Кішкене музыка терапияның даму тарихына келетін болсақ:Музыка терапия ежелгі замандардан бері қолданылып келеді. Мысалы, ежелгі Египетте және Грецияда музыка арқылы психикалық жағдайды реттеу тәжірибелері болған.ХХ ғасырда музыка терапия ғылым ретінде дамыды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін музыкатерапия жараланған солдаттардың психикалық қалпына келуінде қолданылған.Қазіргі кезде арнайы педагогикада музыка терапия балалардың эмоциялық, когнитивтік және әлеуметтік дамуын қолдау үшін пайдаланылады.
«Музыка адамға тек көңіл-күй сыйлап қана қоймай, психикалық процестерді реттейді»(Э. Берн, 1960).
Музыкатерапияның психофизиологиялық әсер ету механизмдері:музыка ми мен дененің функционалдық байланысын күшейтеді.Мысалы:ритм мен әуен жүрек соғуы мен тыныс алу жүйесіне әсер етеді,мидың сол және оң жарты шарлары белсенділігін арттырады эмоцияны реттейтін лимбикалық жүйені ынталандырады.Музыка стрессті төмендетеді, релаксацияға көмектеседі және көңіл-күйді көтереді.Томатис әдісі немесе арнайы музыкалық стимуляция арқылы сенсорлық жүйе жақсарады.[3]
Томатис әдісі – бұл арнайы педагогикада кеңінен қолданылатын музыкатерапияның бір түрі. Ол есту жүйесін белсендіру арқылы когнитивтік және тілдік функцияларды дамытуға бағытталған нейросенсорлық тренинг.Әдістің ғылыми негізі есту мен сөйлеу арасындағы биологиялық байланысқа («Томатис эффектісі») сүйенеді.Ол жоғары жиілікті дыбыстарды, арнайы фильтрленген ана дауысын қолдану арқылы есту қабілетін қайта баптап, дыбыстық ақпаратты мидың өңдеу сапасын арттырады.Тиімділігін айта кетсем сөйлеудің жалпы дамымауы, сенсорлық интеграцияның бұзылуы, аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) белгілері бар балалар үшін тиімді екені халықаралық зерттеулерде көрсетілген.Бұл тәсіл баланың миында «тыңдау» әрекетін қайта ұйымдастырады және дыбыстық ақпаратты өңдеу сапасын арттырады.
Музыкатерапияның арнайы педагогикалық әдіс ретіндегі негізгі артықшылықтары:
Эмоциялық тұрақтылық: жүйке жүйесін жұмсақ реттейді, мазасыздықты төмендетеді.
Коммуникацияны жеңілдету: музыка – вербальды емес қарым-қатынас құралы. Бұл сөйлеу тілі дамымаған балалар үшін ерекше маңызды.
Сөйлеу дамуын қолдау: ритм мен интонация арқылы сөйлеу тілінің артикуляциялық және просодикалық негізін қалыптастырады.
Мультимодальды стимуляция: бір мезгілде есту, көру, қимыл-қозғалыс (моторика) сезімдерін қамтиды (сенсорлық интеграция).[4]
Кез келген әдіс сияқты, музыкатерапияның да өзіндік шектеулері бар:
Гиперсезімталдық: дыбысқа жоғары сезімталдығы (гиперакузия) бар балаларға дыбыс деңгейі мен жиілігін өте мұқият таңдау қажет.
Мамандық Қажеттілігі: Әдіс тиімді болуы үшін маманның (арнайы педагог немесе логопед) музыкатерапия саласында кәсіби дайындығы қажет.
Кешенді Қолдану: Музыкатерапия жеке қолданылмайды, ол міндетті түрде жалпы түзету-дамыту бағдарламасының, мысалы, логопедиялық ритмика, еңбек терапиясы және дефектологиялық сабақтардың бөлігі болуы тиіс.
Сабақ құрылымындағы қолдану формалары:музыкатерапияны арнайы педагогикалық және түзету‑дамыту мекемелерінде (коррекциялық орталықтар, инклюзивті сыныптар, логопедиялық кабинеттер) сабақ ретінде енгізгенде, оның құрылымы бірізді, мақсатты және жоспарлы болуы тиіс. Әдетте мұндай сабақтар былай ұйымдастырылады:
Кіріспелік бөлік — балалармен сәлемдесу, қысқа «дыбыс жылыту» жаттығулары: тыныс алу жаттығулары, жеңіл ырғақпен қол шапалақтау, дене‑қимылмен ырғаққа жауап беру. Бұл бөлім баланың зейінін жинақтап, сенсорлық күйін сабырға келтіреді.
Негізгі бөлік — музыкалық белсенділік немесе тыңдау:белсенді формат: балаларға перкуссиялық аспаптар (барабан, маракас, ксилофон және т.б.) беріледі, олар ырғақты қайталап, қарапайым әуендер орындайды; вокал немесе ән айту жаттығулары; музыкалық — қозғалыс үйлесімі (мысалы, ырғаққа қарай қимылдау, би, пластикалық импровизация).Рецептивті формат: тыныш тыңдау, арнайы таңдалған музыка (мелодиялық, баяу, релаксациялық) — музыка, тыныс, релаксация жаттығулары, визуалды‑сенсорлық релаксация.[5]
Қорытынды бөлік — сабақты аяқтау: сенсорлық релаксация, тыныс алу жаттығы, балалармен «не сездің, қалай болды» деген қысқа рефлексия (сөз арқылы немесе қимылмен). Кейде бұл бөлімде тыныш фондық музыка немесе табиғат дыбыстары қолданылады.
Осындай құрылым сабақтың жүйелі өтуін қамтамасыз етеді және музыкатерапияның мақсатты әсерін арттырады. Бұл тәсіл музыка сабағынан гөрі, коррекциялық — терапиялық ерекшелігі бар интервенция ретінде қарастырылады.
Музыкатерапия екі негізгі форматта жүргізілуі мүмкін — топтық және жеке. Екеуінің артықшылықтары мен шектеулері бар, сондықтан бағдарлама баланың қажеттілігіне, диагнозына және мақсаттарына қарай таңдалуы тиіс.Топтық бағдарламалар:әлеуметтік өзара әрекеттесу, коммуникация, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Музыка арқылы балалар бірге ырғаққа жауап береді, сергіткіш ойындар ойнайды, бір‑бірімен синхрондалады. Мұндай формат инклюзивті сыныптар мен топтық коррекция үшін тиімді.Топтағы балалар бір‑бірінен үлгі алады, музыкалық белсенділікке қатысу арқылы эмоционалдық байланыс, сенсорлық орта қалыптасады.Сонымен қатар, топтық сабақ кезінде әртүрлі музыкалық аспаптармен, дауыспен, қимылмен жұмыстар ұйымдастыруға болады — бұл музыкалық, сенсорлық-моторлық, әлеуметтік дағдыларды кешенді дамытуды қамтамасыз етеді. Мұндай тәсіл арнайы жиналған әдістемелік құралдарда қарастырылған. Жеке бағдарламалар:балаға жеке назар аудару мүмкіндігі бар, оның сенсорлық сезімталдығы, эмоционалдық жағдайы, даму деңгейі ескеріледі.Мысалы, АСБ, сенсорлық интеграция мәселелері немесе сөйлеу тілінің тежелісі бар балалармен жұмыс істегенде жеке сабақтар тиімді болуы мүмкін: терапевтік ырғақтар, музыкалық — қозғалыстық жаттығулар, тыныс пен дауысты дамыту жаттығулары.Жеке форматта сабақтың қарқыны, музыка түрі, аспаптар, дыбыс деңгейі балаға бейімделеді — бұл терапияның қауіпсіздігін және оң әсерін арттырады.Жеке интервенция арқылы терапевтік мақсаттар (сөйлеуді, моториканы, зейінді, эмоционалдық реттеуді дамыту) нақты, жоспарлы түрде жүзеге асады.Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, арнайы қажеттілігі бар балалар үшін жеке немесе шағын топтарда музыкатерапия әдістерін қолдану әлеуеті жоғары.[2]
Музыкатерапияның сапалы және тұрақты нәтижесін қамтамасыз ету үшін, терапиялық бағдарламаны жүзеге асырғаннан кейін өзгерістерді өлшейтін нақты критерийлер мен мониторинг жүйесі болуы керек. Мынадай көрсеткіштер жиі қолданылады:Психо-эмоциялық параметрлер: баланың эмоционалдық күйі, мазасыздық деңгейі, көңіл‑күй тұрақтылығы. Сабақтан кейінгі рефлексия, бақылау (мұғалімнің, дефектологтың, ата-ананың жазбалары), анкета, сұхбат арқылы бағаланады.Әлеуметтік-қатынас және коммуникативтік дағдылар: топпен араласу, өз ойын білдіру, өзара іс-қимыл, ынтымақтастық, тілді қолдану деңгейі. Топтық сабақтардан кейінгі мінез-құлық, қарым-қатынас өзгерістері, ата-ананың және мамандардың бақылауы.Моторлық және сенсорлық дамудың өзгерісі: ритмге жауап беру қабілеті, қимылдардың үйлесімділігі, теңгерім, координация. Аспаптармен жұмыс, қозғалыс‑ырғақ жаттығулары кезінде бақылау.Зейін, қабылдау және когнитивтік дағдылар: музыка тыңдау кезінде концентрация, дыбыстарды ажырату, есте сақтау, ырғақты қайталау және музыкалық тапсырмаларды орындау. Тесттер, бақылау жаттығулары, сабақ барысында бақылау.Тұрақтылық пен өмір сапасына әсері: апталық/айлық циклден кейінгі әлеуметтік интеграция, мектептегі, отбасыдағы қатынас, эмоционалдық жай — ата-анамен, педагогтармен сұхбат.Мониторинг жүргізудің жүйелі болуы — терапияның нәтижелі болуын, қай бағытта өзгеріс болғанын немесе қай жерде түзету керек екенін анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, критерийлер мен бақылау әдістері алдын ала анықталып, бағдарлама басында жазылуы маңызды — осылай ғана музыкатерапия терапиялық емес, ғылыми негізделген коррекциялық құрал бола алады. Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарында (Самға,Амалия)музыкатерапия енгізіп, балаларды әлеуметтік‑педагогикалық оңалту мен интеграциялауға бағытталған тәжірибелер бар. Мысалы, орталықтарда музыкатерапия, еңбек терапиясы, логоритмика және вокалдық терапия әдістері үйлестіріліп, балалардың физикалық, психоэмоциялық және әлеуметтік дағдылары бірлесіп дамытып жатыр,менде практика кезінде тәжірибе алдым.[4]Мұндай тәжірибеде жеке қажеттілігі бар балаларға жеке немесе шағын топтық бағдарламалар ұсынылады, музыкаға бейімделген, дыбыстық сезімталдық пен сенсорлық реакция ескерілген. Бұл стратегия балаларды оңалтумен бірге — олардың қоғамға, сынып ортасына, жалпы әлеуметтік ортаға интеграциялануын қамтамасыз етеді.Және де эмоциялық тұрақтылығын дамытып,сөйдеу тілін шығарады және көтеріңкі көңі күй сыйлайды. Қорытындылай келе менің бұл зерттеу жұмысым музыкатерапияның арнайы педагогика жүйесіндегі рөлін жан-жақты қарастыруды мақсат етті. Қазіргі таңда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санының айтарлықтай өсуі (соңғы бес жылда шамамен 15%-ға өсуі) ескеріле келе, бұл санаттағы балаларды қолдау үшін жаңа, тиімді және кешенді коррекциялық әдістерді іздеудің өзектілігін түсіндім. Музыканың бізге тек көңіл-күй сыйлап қана қоймай, психикалық процестерді реттейтін күшті құрал екенін зерттеу барысында анықтадым. Зерттеу барысында, музыканың құрылымдық элементтері – ырғақ, темп және тонның баланың сенсорлық жүйесіне және орталық жүйке жүйесіне (когнитивтік, эмоционалдық) тікелей әсер ететінін дәлелдедім. Бұл, әсіресе, эмоционалдық тұрақсыздық пен гипербелсенділік байқалатын балалармен жұмыста өте маңызды. Томатис әдісі сияқты нейросенсорлық тренингтердің қолданылуы сөйлеудің жалпы дамымауы және АСБ (Аутизм спектрінің бұзылыстары) бар балалардың есту қабілетін қайта баптап, дыбыстық ақпаратты мидың өңдеу сапасын арттыратынын көрсетті.Музыкатерапияның негізгі артықшылықтары оның эмоциялық тұрақтылықты күшейтуінде, вербалды емес коммуникацияны жеңілдетуінде және мультимодальды стимуляция беруінде жатыр. Сабақтарды кіріспе, негізгі және қорытынды бөліктерге бөліп, топтық және жеке форматтарда жүйелі түрде жүргізу түзету міндеттерін жоспарлы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.[5] Осы ретте, Қазақстандағы оңалту орталықтарының тәжірибесі (мысалы, «Самға», «Амалия») музыкатерапияны логоритмика, еңбек терапиясы сияқты басқа әдістермен кешенді қолдану арқылы балалардың әлеуметтік интеграциялануын қамтамасыз ететінін көрдім.Қорытындылай келе, музыкатерапия – бұл ғылыми негізделген, кешенді және табиғи түзету құралы. Ол арнайы педагогтер мен логопедтердің жұмысында эмоциялық, моторикалық және когнитивтік дағдыларды дамытуда жоғары нәтижелілік көрсетуде. Сондықтан, бұл әдісті инклюзивті білім беру жүйесінде одан әрі кеңінен қолдану және оны маман кадрларды даярлау бағдарламаларына тереңірек енгізу қажет деп есептеймін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Juslin, P. N., Sloboda, J. A. Music and Emotion. — Oxford University Press, 2010. — P. 124-135.
- Гарбузов В. И. Музыка и психическое развитие ребенка. — М.: АСТ, 2018. — 45-52 бб.
- Брусиловский Л. С. Музыкальная психотерапия: руководство. — Ташкент: Медицина, 1971. — 89-102 бб.
- Лебединский В. В. Нарушения психического развития в детском возрасте. — М.: Академия, 2003. — 115-120 бб.
- Медведева Е. А. Музыкальное воспитание детей с проблемами в развитии и коррекционная ритмика. — М.: Академия, 2002. — 75-82 бб.
