Инклюзивті білім беру жүйесінде логоритмика арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту

Қуандық Асылай Бақытжанқызы
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттык зерттеу университеті коммерциялық емес акционерлік коғамы, педагогика факультеті, 3 курс студенті

Ғылыми жетекші: Э.Ж. Шамшенова, п. ғ. м, аға оқытушы 


Аннотация

Бұл мақалада инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылады. Автор логоритмика әдісінің теориялық және практикалық негіздерін талдай отырып, оның сөйлеу, сенсомоторлық және әлеуметтік дамуға ықпалын айқындайды. Музыка, қозғалыс және сөйлеу элементтерін біріктіру арқылы жүзеге асатын логоритмиканың тиімділігі ғылыми тұрғыда негізделеді. Сонымен қатар, мақалада инклюзивті ортада логоритмикалық жаттығуларды жүйелі қолданудың ерекшеліктері, әдістемелік тәсілдері және ұйымдастыру жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижелері логоритмиканың балалардың тілдік белсенділігін арттыруға, эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыруға және әлеуметтік бейімделуіне оң әсер ететінін көрсетеді.

Кілт сөздер: инклюзивті білім беру, логоритмика, коммуникативтік дағдылар, ерекше білім беруді қажет ететін балалар, сөйлеу тілі, сенсомоторлық даму, әлеуметтік бейімделу, музыкалық-ырғақтық жаттығулар, түзете-дамыту жұмысы, интегративті тәсіл.

«Инклюзивті білім беру жүйесінде логоритмика арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту» Жобаның қысқаша негіздемесі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен білім беру саясатына сәйкес инклюзивті білім беру жүйесін дамыту – басым бағыттардың негізі болып табылады. Инклюзивті ортада ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жоғары сапалы білім алуы мен әлеуметтік бейімделуі маңызды мәселе болып отыр. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларда коммуникативтік дағдылардың жеткіліксіз дамуы мен қалыптасуы жиі байқалады. Сөйлеу бұзылыстары, сенсомоторлық дамудың кешеуілдеуі, эмоционалдық тұрақсыздық олардың құрдастарымен еркін қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді. Бұл жағдай баланың тұлғалық дамуына, өзін-өзі қадірлеуіне және әлеуметтік ортаға бейімделуіне кері әсер етеді. Осыған байланысты логоритмика әдісін қолдану қазіргі таңда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беруде өзекті болып табылады.

– Логоритмика – логопедиялық ритмика мен корекция, сөйлеу, қимыл — қозғалыс элементтерімен және музыканы үйлестіру арқылы баланың тілдік және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған тиімді түзету-педагогикалық әдіс. Инклюзивті білім беру жағдайында логоритмиканы жүйелі түрде енгізу балалардың коммуникативтік құзыреттілігін, топтық өзара әрекет дағдыларын қалыптастыруға және эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді [1, 26 б].

Мақаланың мақсаты: Инклюзивті білім беру жағдайында логоритмика әдісін қолдану арқылы ерекше білім беруді қажет ететін балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытудың теориялық және практикалық негіздерін жан-жақты талдау, практикалық тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу. Сонымен қатар, логоритмикалық жаттығулардың сөйлеу, сенсомоторлық және әлеуметтік өзара әрекет дағдыларына ықпалын талдау және инклюзивті ортада қолдануға арналған әдістемелік ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Олар мыналарды қамтиды:

Инклюзивті білім беру жүйесінің мазмұнын, қағидаттарын және қазіргі білім беру кеңістігіндегі маңызын талдау. Инклюзивті ортада әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру үдерісін ұйымдастырудың өзектілігі анықталады. Бұл логоритмиканы қолданудың ғылыми негізін жүйелеп, коммуникативтік дағдыларды дамытудың тиімді педагогикалық тетіктерін айқындауды көздейді [4, 35 б].

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларда сөйлеу және сенсомоторлық даму ерекшеліктері жиі байқалады. Сөйлеу тілінің бұзылыстары (дыбыс айту кемшіліктері, сөздік қордың шектеулілігі, байланыстырып сөйлеудің әлсіздігі), қимыл-қозғалыс координациясының жеткіліксіздігі, ұсақ моториканың дамымауы және эмоционалдық тұрақсыздық олардың қарым-қатынас жасауына кері әсер етеді. Осы тұрғыда логоритмика әдісінің ғылыми-теориялық негіздерін талдау маңызды. Логоритмика – музыка, қозғалыс және сөйлеу элементтерін біріктіре отырып, баланың тілдік белсенділігін арттыруға бағытталған әдіс. Бұл бағыттың негізін қалаған Эмиль Жак-Далькроз ритм мен қимылдың тұлға дамуына оң ықпалын дәлелдеген. Музыкалық-ырғақтық жаттығулар сөйлеу моторикасын, тыныс алуын және артикуляциясын жетілдіреді, ал топтық жұмыс балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім беру жағдайында логоритмика арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатына жету жүйелі көзқарасты талап етеді. Жүйелі көзқарас баланың дамуын жеке бөліктерге бөлмей, сөйлеу, қозғалыс, эмоциялық жағдай және әлеуметтік өзара әрекет бірлігінде қарастыруға негізделеді. Бұл тәсіл әр компоненттің өзара ықпалын ескеріп, түзете-дамыту жұмысын кешенді ұйымдастыруға мүмкіндік береді [6, 54 б].

Логоритмикалық сабақтарда сөйлеу тілін дамыту сенсомоторлық және эмоционалдық дамумен қатар жүргізілуі тиіс. Музыкалық-ырғақтық жаттығулар тыныс алу, артикуляция, қозғалыс координациясы және сөйлеу ырғағын бір мезгілде жетілдіруге бағытталады. Қарапайым қимыл мен дыбыстық тапсырмалардан бастап, біртіндеп күрделі сөйлеу-қозғалыс үйлесімдеріне көшу баланың дағдыларды жүйелі меңгеруін қамтамасыз етеді. Жүйелі жұмыс мамандар арасындағы өзара байланыспен де нығайтылады. Логопед, дефектолог, психолог және мұғалімнің бірлескен әрекеті баланың коммуникативтік дамуын жан-жақты қолдауға жағдай жасайды. Музыка мен ритмнің дамуға ықпалын ғылыми тұрғыда негіздеген Эмиль Жак-Далькроз идеялары логоритмиканы мақсатты ұйымдастырудың теориялық тірегі болып табылады. Музыкалық сүйемелдеу баланың эмоциялық күйін реттеп, тілдік белсенділігін арттыру құралы ретінде қолданылады. Коммуникативтік дағдылардың даму динамикасын тұрақты бақылау және нәтижелерді талдау түзете-дамыту жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осындай жүйелі ұйымдастырылған жұмыс ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу, сенсомоторлық және әлеуметтік дамуын кешенді түрде жетілдіруге жағдай жасайды. Сабақ құрылымы жүйелі түрде ұйымдастырылады: алдымен балалар психологиялық және физикалық дайындыққа бейімделеді, қарапайым қимыл-қозғалыс және дыбыстық жаттығуларды еліктеу арқылы орындалады. Кейін негізгі кезеңде сөйлеу жаттығулары, артикуляциялық және ритмдік тапсырмалар арқылы тілдік белсенділік дамытылады. Топтық ойындар мен интерактивті әрекеттер балалардың әлеуметтік өзара байланысын, эмоциялық тұрақтылығын және коммуникациясын жетілдіруге бағытталады. [2, 35 б].

Практикалық ұйымдастыруда қарапайымнан күрделіге өту принципі қолданылады: алдымен жеке дыбыстар мен қимыл үйлесімі үйретіліп, кейін күрделі сөйлемдер мен қозғалыс үйлесімдері енгізіледі. Сабақтар жүйелі түрде өткізіліп, балалардың жетістіктері бақылауда болады, нәтижелеріне сәйкес әдістер мен жаттығулар түзетіледі. [5, 78 б].

Сабақтарды ұйымдастыруда көрнекі және сенсорлық материалдарды қолдану маңызды. Карточкалар, бейнелер, ойыншықтар мен дыбыстық құралдар балалардың қабылдауын жеңілдетіп, есте сақтау және назар аудару қабілеттерін дамытады. Сонымен бірге, пәнаралық және интегративті тәсілдер балалардың танымдық және сөйлеу дағдыларын бір мезгілде дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, тілдік жаттығуларды музыка немесе қозғалыс сабақтарымен үйлестіру арқылы балалардың оқу процесіне қызығушылығы мен белсенділігі артады.

Барлық әдістер жүйелі бақылау және түзету принципімен қолданылады. Балалардың даму деңгейі тұрақты түрде бағаланып, нәтижелерге сәйкес әдістер мен тапсырмалар түзетіледі. Бұл тәсіл инклюзивті ортада әр баланың коммуникативтік және когнитивтік қабілеттерін тиімді дамытуға жағдай жасайды [4, 62 б].

Инклюзивті білім беру жағдайында логоритмика арқылы коммуникативтік дағдыларды дамытуда логоритмикалық білімді тиімді меңгерту үшін түзету-тәрбие процесінде кешенді әдістер қолданылады. Бұл әдістер балалардың сөйлеу, сенсомоторлық, когнитивтік және коммуникативтік дағдыларын жүйелі дамытуға бағытталған. Логоритмика сабақтарында музыка мен ырғақ бірлесіп қолданылады, бұл балалардың сөйлеу ритмін, интонациясын және дыбыстық артикуляциясын жетілдіруге мүмкіндік береді. Қозғалыс үйлесімдері арқылы психомоторлық дағдылар дамытылады, сөйлеу әрекеті мен қимыл-қозғалыс арасындағы байланыс нығайтылады. Артикуляциялық және дыбыстық тренингтер сөйлеу аппаратын жетілдіруге бағытталып, дыбыстарды дұрыс айту, сөз тіркестерін ырғақпен айту, тыныс алу мен дауыс ритмін үйлестіру арқылы тілдік дағдыларды қалыптастырады. Сабақтарды өткізуде логоритмика басқа пәндермен интегративті түрде үйлестіріледі. Бұл тәсіл балалардың тілдік, когнитивтік және моторлық қабілеттерін бір мезгілде дамытуға мүмкіндік береді. Балалардың даму деңгейі тұрақты түрде бақылауда болады, нәтижелерге сәйкес әдістер мен жаттығулар түзетіледі. Осы әдістерді кешенді және жүйелі түрде қолдану балалардың сөйлеу, сенсомоторлық және коммуникативтік дағдыларын тиімді жетілдіруге, олардың инклюзивті ортаға толық бейімделуіне жағдай жасайды [7, 46 б].

Сонымен, инклюзивті білім беру жүйесінде логоритмика әдісі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың коммуникативтік, сөйлеу және сенсомоторлық дағдыларын тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Музыка, ырғақ және қозғалыс элементтері балалардың сөйлеу ритмін, артикуляциясын және қозғалыс үйлесімін жетілдіреді. Жүйелі және кешенді қолдану олардың тілдік, психомоторлық және әлеуметтік қабілеттерін қалыптастырады, инклюзивті ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Сатова А.К., Жүгінісова Ж.Б. Логоритмика жалпы сөйлеу тілі дамымауы бар балаларға түзету құралы ретінде. – Алматы: Арнайы педагогика, 2020. – 48 с. (Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған логоритмика әдістерінің теориялық және практикалық негіздері.)
  2. Жак-Далькроз Э. Евритмика: музыка, қозғалыс және педагогика негіздері. – Париж: Éditions Durand, 2019. – 210 с. (Музыка мен қимылдың психомоторлық және тілдік дамуға ықпалы туралы негізгі еңбектер.)
  3. «Ритмикалық мозаика» А. и. Буренина. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған ритақты пластикалық бағдарлама. Санкт-Петербург.: Музыкалық палитра, 2012 ж
  4. «5-6 жастағы балалармен логоритмикалық сабақтардың қысқаша мазмұны» М. Ю. Картушина. М.: «со Сфера», 2010
  5. «4-5 жастағы балаларға арналған Логоритмика» Н. М. Савицкая. Санкт-Петербург.: «Каро» Баспасы, 2009.
  6. «Логоритмика: сөйлеу қабілеті бұзылған балалардағы мотор және сөйлеу ритағын дамыту технологиясы»: Оқу құралы (Л.И. Белякова редакциялаған) (М.: Ұлттық кітап орталығы, 2017).
  7. Алябьева Е. А. «музыкалық сүйемелдеусіз логоритмикалық жаттығулар» (әдістемелік құрал) (м.: со Сфера, 2006).

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх