Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады

Екінші тоқсанның аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (қоса алғанда) 10 күн болады. Бұл ақпаратты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қысқы демалыс кезінде мектеп оқушыларының уақытын пайдалы ұйымдастырып, олардың тұлғалық қабілеттерін жетілдіру аса маңызды. Осыған байланысты «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар тәрбиелік және танымдық бастамалар ұсынылып отыр.

Балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін төмендегідей әрекеттерге басымдық беру ұсынылады:

  • кітап оқуға мән беру;
  • музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға, сондай-ақ тарихи орындарға танымдық саяхат жасау;
  • спорттық белсенділікке қатысу, коньки және шаңғы тебу;
  • қайырымдылық шараларына және өзге де әлеуметтік бағыттағы іс-шараларға атсалысу.

Сонымен қатар мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында оқу-танымдық, спорттық, мәдени, шығармашылық форматтағы түрлі шараларды ұйымдастыру құпталады.

Ең өзекті мәселе — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірлесе отырып:

  • жол-көлік жарақатының алдын алу,
  • мектептің ішкі ережесін сақтау,
  • қоғамдық қауіпсіздік талаптарын ұстану,
  • үй жағдайындағы өрт қауіпсіздігі,
  • және киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.

Айта кетейік, аталған ұсыныстар білім беру ұйымдарына әдістемелік нұсқаулық ретінде жолданады.

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх