Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы білім сапасынарттыру
Айтмаганбетова Кулшат Татрановна
Білім- ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің, негізгі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда дер едім. Қайсыбір білім беру жүйесіндегі іс- қағаздарды алмайық, қоғамның дамуы оқу жүйесінің дамуымен сабақтасып жататындығымен көрсетеді.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімдердің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыруға көмектеседі. Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі- сапалы білім беру.
Қазіргі білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар бар.Сондықтан түрлі оқыту технологияларын- оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Жас ұрпаққа білім беру мен тәлім берудің сан жолы, көп қыры бар. Мына ғаламдық ғарышты даму дәуірінде, шәкірттерге ұстаздықпен берілер білім мен күн өткен сайын күрделене, жаңара түсуде.
Бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім дағдыларды меңгертумен бірге, табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту бүгінгі күннің талабы.
Мұғалімдердің негізгі мақсаты: оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы білім сапасынарттыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылық ізденіске баулу.
Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөзі еске түседі.Ұстаз тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол, парасатты азамат болуы керек.Қазіргі заман мұғалімі өз пәнін жетік біліп қоймай, тарихи танымы мол, педагогикалық-психологиялық тұрғыдан сауатты болуы тиіс.Бүгінгі таңда жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздың шығармашылық ойлауын, инновациялық кәсіби білім мен шеберлігін жетілдіре түседі.
Білім туралы заңға сәйкес мұғалім оқушының мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс. Ол үшін оқытудың белгілі технологиясын игеріп, оны жүзеге асыра білуі керек. Мәселен Ж. А. Қараев, А.В Занков және басқа тәжірибесін игеру әрбір баланың қайталанбас тұлға екенін зерттейтін ғылым. Білім берудің әлемдік кеңістіктегі оқушының үлгерімін, ата-ана мен педагогтар қадағалап, тест арқылы қабілеттерін өлшеп, баланың ерекшелігін ескеру арқылы жүзеге асады.
Білім беру қызметінің негізгі бөлігі білім сапасын арттыру мақсатында негізделді. Бұл қызметтің жоспарында жұмыс бағыты мынадай принциптер бойынша атқарылады:
- тұлғаны дамыту;
- педагог мәртебесін көтеру;
- оқытып-үйрету әдістері;
- іздестіру жұмыстарына бағыттайтын ынтымақтастық;
- оқушыпозициясы;
- жаңа ақпараттық-технология;
- бәсекеге қабілеттілік;
Білімсапасынегізіненоқуматериалынигеріпқанақоймай, соныменбіргеоқушылардыңинтеллектуалдықжәнеадамгершіліктұрғыдандамуына, педагогтардыңқарым-қатынасынізгілендіругеоңдыықпалетеді.
Оқытутеориясымұғалімніңшығармашылығының негізі болса, ал педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту үрдісін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
-Сабақтакеңкөлемдекөрнекіқұралдардыпайдалану;
-Сабақтытүрлендіріпөткізу;
-Сабақтаоқушыларөздеріжасағансуреттер, схемалардыпайдалану;
-Техникалыққұралдардытиімдіқолдану;
– Сабаққақатыстыбейнетаспаларды, фильмдердікөрсету.
Бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол қанша ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалім күш- қуатын көңіл- күйін әрдайым жоғары көтере білсе, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса, шәкірттерді анасындай аймалап жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы- бағбанның жақсы ағаштан жиған сапалы жемісі іспеттес.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы”,- дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Әрине, әр мұғалімнің атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.