Сабақтың тиімділігі-білім алушылардың белсенді әрекетін ұйымдастырудың нәтижесі

Кыдырбекова Сандугаш Алибековна

 

Бүгінгітаңдақоғамымыздыңжаңақарқынмендамуы, ғылыми-техникалықпрогресстердіңжетістіктері, еліміздіңөркениеттіелдерқатарынанкөрінуібілімберужүйесінедеықпалетпейқойғанжоқ.
ХХІғасыринформациялыққоғамтабалдырығынааяқбасқансәтте-ақРеспубликалықбілімберудіңжаңажүйесі, яғнибілімберужүйесінақпараттандыруісіқолғаалынды. Заманталабыоқуүрдісіндекомпьютерліктехнологияныенгізу, оныкеңкөлемдеқолданудықажететеді.
Компьютерліктехнологиянықолдануоқытуғаарналғанпрограммалықжабдықтарды (электрондықоқулықтарт.б.) сабақтатиімдіқолданупәнмұғалімдерініңмолтәжірибесін, ізденісін, әдістемелікшеберлігінқажететеді

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу.

Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте  пәндерді  оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.
Қазіргі кезде кез келген сабақ немесе сабақтар жүйесі төмендегідей жоба арқылы құрылады:
– мұғалім мақсатты құрастырады, бірақ бағалардың өлшеуішін түсіндірмейді;
– мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі ретінде қарастырады;
– қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан біз мақсатқа жетудің әдістерінің көп нұсқалығы туралы айтуымызға болады;
– жаңа тапсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше мұғалімнің ұсынған жаттығуларын түгендейді;
– мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап, оқушылардың білім деңгейін тексереді, әрі қарай бұл цикл жалғана береді.
Бұдан мынадай қорытынды шығады: қазіргі заманғы білім беру жүйесі – оқу-тәрбие үрдісі барысында білімді жинақтау болып табылады (дағдылар, шеберліктер).Ал бұл білім жүйесінің заңды нәтижесі ретінде қажет болған жағдайда алған білімін ( дағдыларын, шеберліктерін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады.
Қазіргі оқыту үрдісінде оқушыларға көптеген мағлұматтарды беру қиындап барады, тіпті мүмкін емес деуге болады. Сондықтан оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын арттырып, олардың оқуға, жаңа тақырыпқа деген ынтасын көтеру керек.
Мұны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селқос тыңдаушы ғана болмай, керісінше, ол өзіне керекті жаңа білімді үлкендерден сұрау, кітапхана, Интернет әлемі арқылы іздеп, қажет болған жағдайда оны қолдануға ұмтылуы тиіс. Мысалы: Оқушы жаңа білімді бекіту мақсатында, жақсы баға алу үшін өз бетінше, не өзінің сыныптастарымен, не топпен жұмыс істеу керек делік. Өз бетінше жұмыс істеу барысында өтілген материалды еске сақтаудан басқа жаңа еске сақтаудың түрлері қойылады – көзбен көру, есту қайталау т. б.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін жаңа материалды меңгерудің мынадай элементі қажет:
– тақырыптың мақсатын түсіну;
– тақырыпты қосымша материалдармен толықтыру арқылы мақсатты жүзеге асыру;
– тақырыптан алған білім нәтижесін бақылау, бағалау;
Қазір біз оқушыларға көбінесе тек тақырыпты қосымша материалдармен толықтыру арқылы мақсатты жүзеге асыруды қолданамыз, өйткені мұны кез келген мұғалім қолдана алады. Тақырыптың мақсатын қоя білуге тоқталсақ, онда біз ол мақсаттың тек қана жекелеген бөлек, бір-бірімен бірікпеген оқу үрдісінің талаптарын көздегенін байқаймыз. Оқыту үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз қызметін бақылап, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды.
Өзгеше, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген қызығуының артуы екіталай. Осы айтылған үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой ерекшеліктерін, яғни ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына,кез келген оқу пәні – жалпы білім жүйесінің тек бір ғана бөлігі екенін түсінгенде ғана жүзеге аспақ.
Қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген көзқарас, оның диалектикалық дамуына ғана қарастырылуы қажет.
Пәндік білім беру жүйесінің негізінде диалектикалық қайшылық, яғни бір жүйеде нақты пәнді алсақ білім беру жүйесінің дамуына мүмкіндік беретін қозғаушы күш деп қарастырылады.
Әртүрлітерминдерді түсіну арқылы оқушының қызығушылығының өсуі мен белсенділену барысында логикалық ойлауы дами түседі, пәнге деген қызығушылығы артады. Оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру үшін мұғалім оқу үрдісінің негізінде тақырыпты оқытуда қызығушылықты арттыруға көп көңіл аударғанда ғана оқушының логикалық ойлау қабілетін қажетті деңгейде дамытып, соның нәтижесінде білімнің қаншалықты маңызды да, нәтижелі болғанын көреді.
12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді», деп атап көрсетілген.
Әр ойынның басты мақсаты – материалды түсініп, бекітуге көмектесу. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты-қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады.
Мысалы, сабаққа бару алгоритмі: ояну, жуыну, жаттығу жасау, ас ішу, киіну, сабаққа бару. Тапсырма өте оңай, бірақ балалар оны әр түрлі орындайды. Біреулер бірінші жуынып, сосын ас ішеді; кейбіреулер керісінше. Осындай тапсырмаларды талдай келе, келесі әдістемелік тәсілді қолдануға болады: бала өз әрекетінің орындау ретін айтады, ал мұғалім сол әрекеттің дұрыстығын дәлелдетеді. Бұл тәсіл бірнеше мақсаттарды көздейді:
1. бала өз ойын жеткізуге үйренеді, өзінің жауаптарын дәлелдейді;
2. басқа балаларды тыңдауға үйренеді.
Кейде қорытынды сабақтар барысында оқушылардың назарын соңына дейін аударту мүмкін емес. Сол кездері әртүрлі ойындар мен танымдық сайыстар өткізу өте тиімді.
Мысалы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Миллион кімге бұйырады», «Ғажайыптар алаңы», «Білім биржасы», «Қарлы кесек» т. б
Әр топқа 20 сұрақтан беріледі. Сұраққа жылдам жауап беру қажет.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Баланың өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *