Әулеттік мектеп педагогикасы

                                  Әулеттік мектеп педагогикасы                               
Қазақ қауымында әлмисақтан бері әлеуметтік және әулеттік      деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.
     Әулеттік мектеп-(қалың қауым,жұрт арасында,ел аузын-да,ол:-қазақтың қарадомбай мектебі аталады)-жеке отбасы-нан бастап,әулет,ауыл,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ, жарық дүниеге жаңа келген сәбиден бастап, қарттарға дейін қатысатын,қазаққа тән(түрік тектес халықтардың бар-лығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен ара-сында айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жаса-ған,күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта.          
Қазақ танымында адам жасы:балалық,жігіттік және қарттық («Тәңертең төрт аяқпен,күндіз екі аяқпен,кешке үш аяқпен жүреді.Ол,кім?»-деген жұмбақты еске түсіріңіз.)үш кезеңнен тұрады.Өмірге келген күннен бастап,қырқына шыққанға дейінгі бала-қызылшаха кей өлкенде шарана (шақалақ) деп аталады.Ит көйлегін шешіп,қарын шашын алдырған соң,қаз-қаз басқанша-нәресте(кей өлкеде бөбек) делінеді. тұсауы қиылып, аяғын басқаннан жеті жасқа дейін-сәби(кей өлкеде балдырған)аталады.Жеті жастан он үш(15) жасқа дейін-балалық шақ.Балалық шақтың тіршілік тұрағы, тұрмыс аясы-жанұя аталған.
Отау иесі болғаннан,немере (не жиен)сүйгенге дейінгі кезең-отағасы (отанасы) аталып,тіршілік тынысының шеңбері-отбасы делінген.Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттағанға дейінгі кезең-ата(әже) делініп-тұрмыс аясы-әулет атанған.Осы аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде жүргізілген,мақсатты,жүйелі тәрбелік іс-қимыл әрекетті ,тәлім- тәрбиелік үлгі-өнегені- ӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз. Бұл мектеп- аты-жөнін айпарадай етіп маңдайшасына жазып қойған еңселі, ғимарат емесӘулет мектебі-кім-кімге, нені, қалай үйретіп жатқаны айқын көрініп тұратын, «тұнық шыныдан жасалған»,әулет мүшелерінің көз алдында сабағын өткізетін мөлдір де, ашық мектеп.Ол талантты да озаттарды бөліп алып, оңаша оқытпайтын,кәрі-жас,ұл-қыз,бай-кедей, шенді-шекпенді,хан қараша баласы деп алаламайтын көпке ортақ мектеп.Осындай мектептің қазақ ортасында бар екенін, қазақ баласына тәлім-тәрбие беру амалына  көңіл аударғандар мен арнайы зерттегендердің барлығы да айтқан болатын.
Кейбір әулет өсіп-өніп,рулы елге,тайпа дәрежесіне жеткен. Орталарынан неше түрлі дарынды,өнериелері туып шыққан. Осы негізде дамыған,тайпа арасына қызмет жасаған, өнерлік-кәсіптік мектептер де болған.Олардың ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнериелерінің есімімен аталуы.Мәселен, Қорқыт, Ықылас мектебі,Құрманғазы,Тәттімбет мектебі, Бұқар,Абай мектебі,шешендік,жыршылық мектебі т.б. Сондай-ақ,керейлік үйшілер мектебі, адайлық зергерлік мектебі, наймандық бақсылар мектебі.
Әулет мектебінің түрі де мол.Мәселен ата-әже немесе әке-шеше мектебі,жезде-жеңге мектебі
,ақсақалдар мектебі қарашаңырақ мектебі,ана мектебі,дана мектебі, ақшам мектебі, бала думаны,құрбы-құрдас мектебі,мереке-мейрам мектебі,еңбек-өнер мектебі  т.б.
Әулет мектебі қазақтың тұрмыс салтынан туындағандықтан,оны,әдет-ғұрып,дәстүрлерден айыра.  тану оңай емес.
Былай қарасаңыз,қазақта не көп,той думан,мереке көп. Оның бәрі,асып-төгіліп,шашылып-тарату үшін жасалған, мақтаншақ-бөспенің іс-әрекеті емес,бала тәрбиесі үшін, жастарға ұлағат үшін, үлгі-өнеге беру үшін жасалады.Оларды жалпы алғанда,қазақ-жастар думаны(бала қуанышы)деп атаған.Қазақ қандай да,салтын,думанын жасаса да,оның тәрбие мектебіне айналуын көздеген
Қазақ салтанатты адам рухын асқақтату үшін жасайды Ал,ұлттық рух бала жанына ділмен, тілмен,дәстүрмен, өнермен сіңетінін аңғарған халық,бала алғашқы мүшелден асқанға дейін,оның дамып жетілуі,өсіп нығаю әр кезеңін мұқият бақылап,жетістігіне жігер беріп,табысына талдау жасап,үнемі атап өтіп отырған.Мәселен,құрсақ той,ат қою, шілдехана,бесікке салу,шаш алу(қию),тұсауқияр, атқа мінгізу,сүндет той,тілашар т.б. ғұрыптарды осы кезеңдерде өткізген.Ондағы негізгі мақсат:жас баланы әлпештеумен қатар басқа балаларға берілетін тәрбие мен білімді осы шараларға сіңіріп беру ісін ұйымдастыру еді. Басқаша айтқанда; балаларға тәлім-тәрбие беру үшін,әулет мектебін осылай ұйымдастырып,оның пәндерін осылай оқытқан.Ол өз кезегінде,осы ұйымдастыру нәтижесінде , қазақтың ғұрып салтымен біте қайнасып,әдет-әдебіне ұласқан,күнделікті тыныс-тіршілігінің қалыбына айналған. Олай болса әулет мектебінің түрлері дегеніміз қазақ салтында,әдет-ғұрпында атқарылған әрбір іс-әрекеттің, ұйымдасқан,бірлескен,белгілі мақсатқа сай жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы болмақ.
Әулет мектебінің тәрбие құралдары мен тетіктері де ерекше болған.Мәселен,тіл және сөз,ырым және әдеттер, ғұрыптар,рәсім-тәмсілдер,наным-сенімдер, мұралық және жәдігерлік дүниелер, атамекен-ел-жұрты,тұтынған ас суы,киім-кешегі,баспанасы,өскен өлке,ата-баба моласы , зираты т.б.Қей ретте,тәрбие құралдары өз кезегінде әулет
мектебіне де ұласа алады.Мысалы,жұмбақ айту,жасыру тәрбие құралы болумен қатар «Айтыс» аталатын бала думанының құрамдас бөлігі.Ал,балалар айтысы жай ғана тәрбие құралы емес.ол-әулет мектебінің бір түрі. Айталық, балалар айтысы тәжіксілесу немесе қарапайым сөз қағысы;суырып салмалыққа баулу,соған жаттықтыру айтысы;өтірік өлең айтыс;жаңылтпаш жарысы;мақал-мәтел жарысы:қара өлең айтысы;жұмбақ жасыру сайысы; сыр ашу сайысы;жұмбақ өлең айтысы,қүлдіргі айтыс , аралас айтыс сияқты оның көптеген түрі бар. Міне,осыларды өткізудің белгілі ережесі,әр түріне сай қойылатын талап бар.
Қазақ қоғамы аталы сөзді дәріптеп,оны тек қатынас құралы немесе тәрбие құралы ғана емес,өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған.Осы негізде дала демократиясын қалыптастырып,жетім-жесір,қарт,мүгедек үйлерін жекелемей, түрме, қамау орындарын тұрғызбаған.Ол олма,құлдар мен күң, тұткындар мен олжаланған адамдар тағдыры ізгілікпен шешілген.Сондай-ақ,қазақ азаматын марапаттаса,«шенді шекпен жаппайтын, төсіне жылтыратып металл тақпайтын.» Қазақтың марапаты да-сөз,жазасы да-сөз.Сол себепті әулет мектебінде негізгі тәрбие құралы міндетін сөз атқарған. Мысалы; ардақтау,ұлықтау,мадақтау,дәріптеу,қолдау қолпаштау,кешірім сұрау, тағзым ету,аяққа жығылу, көңіл сұрау,естірту,дауыс шығару,көрісу,жоқтау қатарлы әдеттер, өз рәсім-тәмсілдерімен ғұрыпқа сіңісіп, қазақтың кім екенін басқаға танытатын ерекше бір ұлттық нышанға айналған.Оған коса,тәлімдіқ сөздер,тыйымдық сөздер,өсиет сөздер,бата-тілектер,аңыз әңгімелер,ертегі- хикаялар,шешендік сөздер, өлең-жыр, толғау дастандар қазақтың телегей теңіз рухани мүрасын құрай отырып,нағыз тәрбие құралы бола алған.Бұлар ислам хадис шарифімен ұштаса келіп діни тыйымдар мен бұйрықтарға етене қабысып кеткендіктен әулет мектебінің басты да,нақты тәрбие құралына айналған.Қазақ бір ауыз сөзбен,тұрғанды отырғызған,жатқанды тұрғызған, есенгірегеннің еңсесін көтерген,еліргеннің екпінін басқан,бір ауыз сөзбен «тірілтіп»,бір ауыз сөзбен  «өлтірген».
     Тіптен, «Әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де- «Тіл өнері» болған. Осылайша,қазақ деген халықтың;сөзді тыңдау,сөзге тоқтау,сөзде тұру,сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысы,оның салихалы әдебіне, ерекше қасиетіне,өзгеше мінезіне айналған. Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де емдеген.Қазақ тілмен тұлға,азамат тәрбиелеп қалыптастырған. Қазақтың тілі-қылыш,сөзі сойыл.
       Тәрбиелеу ісі әулет мектебінде, адамның өсіп даму жас ерекшелігіне сәйкес жүргіз-ілетін. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып,мойны беки қырқынан шығарылып,құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда,бауыр аяқ жасап,қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орындайды.Алғаш тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды
Бір жас аумағында-. шарана, шақалақ,нәресте атаулары қоланылады.Бір мен екі аумағында,қыз баланы бөпе,ұл баланы бөбек дейді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп. Қазақ танымы бойнша бұл шақта қойылатын негізгі талаптар: «осы кезеңде бала әкесінен гөрі анасына көбірек тәуелді келеді. Қажеттілігі жақсы қамтамасыз етілмеген бала кейін өскенде маңайынан шу кетпейтін бақытсыз бала болып өседі. Бұл кезде ананың ең басты міндеті баланы құшағына қысуы мен емізуі де үлкен мәнге иеАнасының махаббаты мен мейіріміне қанып өскен бала өзіне сенімі мол, айналасындағылармен тез тіл табысып, қоян-қолтық араласа кетуі оңай, сүйкімді болып өседі. Өзіне қажетті ана махаббатынан екі жыл мақұрым қалған бала басқалармен тіл табыса басы қосылып ойнауы қиын, адамға жұғымсыздау болып өседі».Үштен бес жас аралығында балдырған, балауса атанады. 6-7-8 жас бала,балақай,3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15 жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала, бойжеткен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады. Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты атаулар.  Бала дамуы дегеніміз оның бойында,ойында,қимыл –қозғалысындағы өзгерісті, жаңалықты айтады. Айталық. нәрестенің, кіндігі түсуі,ана үнін ажыратуы, әке-шешесін тануы,күліп-жымиуы,аунай алуы, талпынуы,құйрығын басуы,еңбектеуі,қаз тұруы-қадам басуы, сөйлеуге икемделуі, сөйлеуі, аяқ-қолын ербеңдету алақан ұруға икемделуі т.б.Міне осы қатарлы бала дамуын ерекше бақылаған ұлтымыз,оның даму кезеңдерін мұқият қадағалап,әр кезеңіне айрықша мән беріп,ерекше танымдық-тәрбиелік іс-әрекеттер ұйымдастырып,тамаша сабақтар өткізген.Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму кезеңдерін,қазақ жұрты тым ерте танып білген,осы кезеңдердің әрбіріне ат беріп,атап өтіп отырған.Осы кезеңдерде жасалатын бағым- күтім,көрсететін үлгі-өнеге, игерілетін машық дағдылар мұқият дараланып,өте орынды тәсілмен жүзеге асырылған.           

  Әулет мектебінде берілген үлгі-өнеге,білім мен дағдының мазмұнын пайымдасақ, жекелеген пәндерді үйрету ғана емес, жалпы әлеуметтік білімді үйрету көзделген
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан –буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан.Міне, сол қымбат ,асыл қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтақ жайған.
ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса да,өңірлік,рулық,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді. Шаруа отбасында тәрбие,үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті,әулет пен тайпаның,рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие құралдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын.Ұлттық тәрбие құралдары өз жүйесін құрай отырып,тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке айналған.
Қазақ қауымының қай кезеңінің алып қарасаңыз да,еңбектің көбін балалар еңсерген. Олардың тіршілік те алар орыны,әулеттегі қолғабысы орасан зор болған.Қазақ атамыз: «баланың ісі білінбес,тайдың мінісі білінбес» деген ғой. Әсіресе бақташылар мен бағбандардың,балықшылар мен дихандар үшін балалардың көмегі шексіз еді.Әрі өмірге дайындау,осы еңбекке жас өспірімді тікелей қатыстыру жолымен жүргізілетін. Сондықтан,баланың жасына сай,игертуге тиісті еңбек дағдысын уақытты ұтымды пайдаланып үлгерту ата-ана үшін қасиетті борыш,әрі парыз болған. Мәселен  бала қозы жасында-қозы бағып,бұзау қайыруға тиісті болған.Тезек теріп, шөмшек отын дайындау да,осы жастағылар үлесіне тиген.Мал сауып,төл бөлу,қозы көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы балалардың басты еңбегі еді.
Ал,ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым, қолұшым, қолғанатым,серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқанат бола бастаған   шақта олардың жасы атқаратын  міндетімен аталатын. Қозы жас; қой жас;жылқы жас; патша жас;аңдушы;қағушы;суқұяр: атқосшы; көрікші; соғушы; аутартар; ескекші.Жыл бойында атқарылатын еңбек нау-қаны, балаларға олардың жасына сай еңбек мейрамын-(әулет мектебін) сыйлаған-ды.Төл аяқтандыру, қырқын,төл пішу, шөп шабу, егін ору,соғым сою сияқты еңбек науқандары біті-сімен,қазақтар,салттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айналдырған.Мысалы: сірге жинар,төстік қаптар,соғым бас, көгентүп жасау,пішен той,сабан той т.б.Әулет мектебінің қай түрін алсақ та,негізгі мақсат:ЖАС ҰРПАҚТЫ көзі ашық,көкірегі ояу,парасатты жақсы АТА АНА болуға әзірлеу,дәуір талабына сай өмірге дайындау екендігі айқын аңғарылады.Өмірге есті де,епті әке-шеше дайындау қазақ үрдісінің бірінші ерекшелігі:ұл мен қыздың өмірге келген күнінен бастап,отау тігіп бөлек шыққанға дейін,бір ғана әулет мектебінің аясында тәрбиеленуі болып табылады. Екінші,Қауымдық тәрбие мен отбасылық тәрбиесі,бірін-бірі қолдаушы ниеттес іс-әрекет арқылы жүзеге асатынҮшінші.Адамдардың тәрбие ісіндегі мақсат,мұрат сәйкестігі,ұлттық мүдде бірлігі,әдеп,тіл,дін ұксастығы ұрпақ тәрбиесінде алалық туғызбайтын.
Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми–теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып бақты.Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып,ұрпақтан –ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,өнеге, қағида болып тарап келген  білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар. Ал,қазақтың педагогикалық негізгі ілімдері ауызша және тасқа,қағазға жазылып бізге жеткен.Ауызша және жазба түріндегі педагогикалық ой-сана,оларды жүзеге асыру амал-айла,тәсіл-әдістерінің тәжірибелік үрдістері мен халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық  ұстаным,құндылықтар жүйесін  халық педагогикасы деп түсіндік. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап)  белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогика дәрежесіне жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың түп негізі болып, тәрбие жүйесінің құрылымын айқындайтын бірден бір ой-сана қоры,асыл мұра бола алады. Халықтық педогоика ұғымын біршама талдаған орыс педагогы К.Д.Ушинский: халық тәжірибесінсіз “педагог та жоқ, педагогика да жоқ “-десе, Аристотель:«Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз»-дейді.Бұл тәлім-тәрбиелік үрдіс-сол халықтың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалып-тасқан.Ал ұлттық ерекшеліктері сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағрафиялық жағдайларына, генетикалық,физиологиялық т.б. ұлттық ерекшелігіне байла-нысты болатыны белгілі. Тәрбиелеу ұлттық үрдісі: салт-дәстүр, жол-жора ырымдар, салт-тық рәсімдер мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнөк түрлері,ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден  басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халық-тың қарым-қатынасынан берік орын алған.Ол-әбден қалыптасқан,орныққан құндылық. Өйткені,ол бас-аяғы жүйелі, ғасырлар бойы қалыптасқан айрықша төлтума дүниетаным кешеніКөне дәуірде; ғұндарда, сақтарда, түріктерде  отбасылық мектеп болған.Нақтылы жазба дерек бойынша,түрік дәуірінде,Ұмай  Ана мектебі жұмыстаған.Қазақ мектебінің басы–Ана мектебі. Оның тарихы тым тереңде жатыр.Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен.Қазақтың жеке ел болып,еңсе көтерген сол бір дәуірде,текті ата әулет-терінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет,ауыл, ру,тайпа аумағында ақсақалдар мектебі ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында,өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата,әке-шеше, жезде -женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады,үлгі-өнеге ұқтырды.Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық Әулет мектебінде-білім беру, тәрбиелеу ісі әдетте, отбасылық тәрбие делініп келгені белгілі.Қазақтың ұрпақ тәрбие-леу үлгі өнегесі бір ғана отбасының міндеті болған жоқ және тек бір ғана отбасы шеңберінде жүзеге асқан жоқ. Шындығында,ол іс-әрекет оқшауланған бір ғана отбасылы- педагогикалық процесс те емес.Баланың тәрбиесі мен оның үлгі-өнеге игеруіне тек әке-шеше ғана емес,ағайын кез-келген туыс,ауыл-аймақ,көрші қолаң,алыс-жақын бәрі де жауапты болған. Танысын- танымасын ересек қазақ, баланың оғаш қимыл әрекетіне, құлық-мінезіне ескертпе жасап, тиым қоюға міндетті болған.Дәлірек айтқанда,әрбір ересек адам,ақсақал қария, ақын-жырау,сері-сал,жүргінші-жолаушы,түсел-мейман, ел кезген диуана, керек десеңіз,дала кезген жат жұрттық жиһангер бәрі-бәрі әулет мектебіне қатысып, ұстаздық етуге тиіс болған. Сонымен қатар әулет мектебі тек жастарға тәлім-тәрбие,білім беру үшін құрылған жоқ.жасамыстар да,қарттар да бұл мектепке әрі ұстаз,әрі шәкірт болған.Қазақта үзіліссіз білім беру, тәрбиелеу ісі,осылай,әулет мектебі арқылы жүзеге асқан.Әулет мектебі; ата-әже,әке-шеше,жеңге-жезде деген сияқты отбасылық білім беру,тәрбилік үлгі-өнеге қөрсету үшін тармақтала отырып дамыды.Ол-балалар ойын- сауығын (ұлттық жалпы ойынды),ұлттық еңбек мейрамдарын,сайыс-додалар мен ғұрып салттарын қамти отырып,қазаққа өнер-білім беріп, ұлттық ой-санасын орнықтыр-атын,кісілік келбетін айшықтайтын педагогикалық құралдар жүйесін тағайындап өмірге келтірген,керектеніп пайдаланған.
Ал,қазақтың педагогикалық ілімі,қазақ философиясымен бірге қалыптасып,біте қайнасқан.Дәлірек айтқанда,. қазақ педагогикасы қазақтың даналық ой-пікірлерімен, адамтану білімімен,дүниетанымдық,наным-сеінімімен, әдептік үлгі-өнегесімен тікелей байланысты дамып,бүгінгі ғылыми педагогикаға ұласты.Анығында,қазақ педаго-гикасы-аталған төрт тұғырдың  өзара байланысы мен заңдылықтар-ына сүйене отырып дамып жетілді.
Қазақ педагогикасыоқыту және тәрбиелеу ісінде шәкірт пен ұстаз алдына айқын мұрат-мақсат жүктеген; үнемі басшылыққа алатын,тұрақты да, терең қағидаларға сүйенген;айқын жолы мен амал-айласы бар, жүйелі ,қалыптасқан;ұлық ұстаздардың әр дәуірде ойлап тапқан ілімдеріне негізделген;- сүбелі дүниетаным,ұлтанды мәдениет.Оны
ғылыми  тұрғыдан пайымидап,теориялық тұрғыдан саралайтын,оның құрамдас бөліктері мен ұғымдар арасындағы байланысты, заңдылықтарды ашып көрсететін педагогикалық ғылымның бір тармағын (Г.Н.Волков үлгісімен) Этнопедагогика деседі.(Біз бұл атауды қабылдауға құлықты емеспіз.)
Талай ғасыр талқысынан сүрінбей өтіп,бізге жеткен, қызылшаха жәндікті салып жібергенде, «өңдеп», «кісі» етіп «өндіріп» беретін Тәңір сыйлаған,ерекше құрылымы бар-«Электрондық–тәрбиелік қазақ машинасы»-ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісі. Ұлттық тәрбие үрдісінің ерекше қасиеті-өткенді талдап,кәзіргіні анықтап,болашақты болжауға мүмкіндік беретін,табанға тірек,барша ұстазға бағыт-бағдар болатын шамшырақ болуында.Ұлт өкілін қалыптастыратын  қазақ үрдісіне тап болған,қандайда болсын жеке адам,егер, ол;әжептәуір басқа ұлт өкілі болуға төселген болса да,тіптен сезім мүшелерінде қандай бір кемістік болса да,тіп-тен дүние танымы, наным-сенімі өзгешелеу болса да, белгілі уақытта қазақ ұлт өкілі болып,қайта қалыптаса алады.Тек кейбір жағдайларда; ұлттық тілді меңгермеген, ойлау жүйесіне басқаның әсері тиген адамның ұлт өкілі болып қалыптасуы аздап кешігетіні болмаса бәрі –бір түбінде оңалады.
Осы ұлағатты мұраның пайдаға асып,бағы жанған ордасы-қазақтың әулеттік мектебі-Ана мен Дана мектебі болатын. Қазақ педагогикасының туып қалыптасып,дамып жетілген, өсіп өркендеген бесігі де әулеттік мектеп еді.Ол мектептің басы-Ана мектебі-күні бүгінгі дейін жалғасын тауып, қызметін атқарып келеді.Біз осы мектепте ұстанған тәлім-тәрбиелік,білім беру ісінің негізін,бағытын,қағида мұратын тағайындаған педагоги-калық ілімді-әулеттік мектеп педагогикасы деп отырмыз.Екінші жағынан қазақ педагогикасы-әулеттік мектеп педагогикасы мен Ұлы Дала ұстаздарының ілімдік дүниетанымына негізделіп қалыптаса тұрып,халық педагогикасы,этнопедагогика ұғымдарына сіңісіп, өзінің түп тамырлық мағынасынан айырылып барады.Қазақта  топтық, таптық,бектік немесе байларға,кедейлерге(касталық) тәрбие деген айырма болмаған.Қай-қайсысы да Ана мектебінен оқып білім алған, өнеге үйреніп тәрбие көрген.
Қобдабай  Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Айнұр Серікқызы         07  қазан 2017

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *