Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға Арналған жеке бағдарлама әзірлеудің негізгі түсініктері

Ескуатова Аксауле Торегалиевна
Маңғыстау облысы білім басқармасының

«Оңалту орталығы» коммуналдық мемелекеттік
мекемесінің  әдіскері


Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған  жеке даму  бағдарламасы баланың оқуы мен дамуы үшін арнайы жағдайлар жасауға бағытталады. Жеке даму бағдарламасы баланың жалпы дамуына және оның сәтті бейімделуі және тәрбие мен оқытуы үшін қажетті әртүрлі дағдыларды қалыптастыруға,  баланың деңгейіне  бағытталуы тиіс.

Жеке бағдарлама әзірлеуде келесі маңызды түсінік — «мүмкіндігі шектеулі бала». Бұл термин психофизикалық бұзылулар салдарынан әртүрлі физикалық, танымдық, сөйлеу, эмоциялық немесе әлеуметтік қиындықтарды бастан кешіретін балаларға қолданылады. Бұл қиындықтар олардың өз құрдастарына қарағанда оқуға және дамуға деген қабілеттерін шектеуі мүмкін. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қиындықтарын жеке бағдарлама әзірлеу кезінде ескеру тек білім беру мүмкіндіктерін теңдестіру қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар әр баланың ерекше әлеуетін мойындаумен де байланысты. Бұл тәсіл баланың жеке тұлғасына құрметпен қарауға негізделген және оның тәрбие мен оқутуды мен дамуын барынша қолдайтын жағдайлар жасауға бағытталған. Әрбір баланың шектеулеріне және күшті жақтарын ынталандыруға сәйкес келетін әдістер мен тәсілдерді таңдай отырып, жіктеу бұзылу түрлері (физикалық, танымдық, сөйлеу және т.б.) мен олардың баланың дамуына әсер ету дәрежесіне қарай бөлуді қамтиды. Дамытуға бағытталған оқыту баланың ересектер мен құрдастарымен өзара әрекеттесуі арқылы дамуын ынталандыратын оқыту тапсырмаларының маңыздылығын көрсетеді. Оқыту табысы баланың жақын даму аймағында жұмыс істеуге байланысты, бұл жеке бағдарламаның мазмұнын анықтайды (Л.С. Выготский). Баланың сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды енгізу және оқытуға деген мотивацияны қамтамасыз ететін ойын әдістерін қолдану қажет. Сенсорлық интеграция баланың сенсорлық стимулдарға деген қабылдау, өңдеу және жауап беру негіздерін қамтиды. Монтессори терапиясы итальяндық педагог Мария Монтессори әзірлеген арнайы оқыту материалдары мен ойындарды қолданады. Бұл тәсіл баланың моторикасын, сенсорлық дағдыларын, тәуелсіздігін және танымдық қабілеттерін ойын түрінде дамытуға көмектеседі, оқыту процесін қызықты және қолжетімді етеді. Монтессори терапиясының элементтерін жеке бағдарламаға енгізу баланың оқуға және өзін-өзі дамытуға деген табиғи ұмтылысын ынталандыратын орта жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс баланың әртүрлі сенсорлық тәжірибелерге жауап беріп, оларды зерттеуіне мүмкіндік беретін қауіпсіз және ынталандырушы ортаны құруға бағытталған. Бұл әдіс ауыр және көпсалалы бұзылыстары бар балалар үшін тиімді. Ойын арқылы оқыту балалардың оқу мен дамуын ынталандыратын табиғи механизм ретінде ойынды қолданады. Ойын арқылы балалар басқа адамдармен өзара әрекеттесуді үйренеді, сонымен қатар эмпатияны және топта жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін бұл өте маңызды, себебі ойын әлеуметтік дағдыларды меңгеруге арналған қауіпсіз орта бола алады. Ойын танымдық дамуды ынталандырады, соның ішінде қиял, ойлау және коммуникативтік дағдыларды дамытуды қамтиды. Ойын іс-әрекеті сондай-ақ физикалық дамуға ықпал етеді, оның ішінде моторика, координация және қабылдау. Ойын арқылы физикалық белсенділік балалардың қозғалыс дағдыларын және жалпы физикалық дайындығын жақсартуға мүмкіндік береді. Кешенді тәсіл баланың толыққанды қабылдануына негізделген, ол тек білім беру қажеттіліктерін ғана емес, физикалық денсаулығын, эмоционалды жағдайын, әлеуметтік дағдыларын және отбасылық ортаны да ескереді. Педагогтар, психологтар және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық қолдау жүйесін үйлестіруге мүмкіндік береді. Отбасылық бағдарланған тәсіл мамандар мен отбасының арасындағы өзара әрекеттесу мен ашық қарым-қатынастың маңыздылығын атап көрсетеді, бұл баланың дамуына қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Жеке бағдарламаларды әзірлеу кезінде этикалық және кәсіби аспектілерді ескеру маңызды.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандар кәсіби этиканың жоғары стандарттарын ұстануға міндетті. Кәсіби этика үздіксіз кәсіби дамуды, білім мен дағдылардың өзектілігін сақтау, сондай-ақ өз тәжірибесін бағалап, баланың мүддесі үшін түзетулер енгізу қабілетін қамтиды. Сондықтан, түсіндірілген ұғымдар мен тұжырымдамалар ерекше білім беру қажеттілігі бар мектепке дейінгі балаларға арналған жеке бағдарламаларды әзірлеудің негізін құрайды.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектепке дейінгі жастағы жеке бағдарлама әзірлеу — бұл арнайы білім беру мен түзету-педагогикалық қолдаудың тұжырымдамаларын, тәсілдерін және принциптерін терең түсінуге негізделген күрделі әрі шығармашылық процесс. Бұл процесс кешенді және көп қырлы тәсілді талап етеді, өйткені оның мақсаты — әр баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жанжақты дамуын және сәтті әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету. Жеке бағдарлама әзірлеу кезінде осы санаттағы балалар үшін негізгі түсініктер мен тұжырымдамаға сүйену маңызды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  • Организационно-методические основы педагогической поддержки детей с особыми образовательными потребностями в дошкольных организациях образования: Метод. рекомендации / Коржова Г.М., Вишневская Т.А., Баймуратова А.Т., Завалишина О.В. – Алматы: ННПЦ РСИО, 2020
  • Мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жеке бағдарлама әзірлеу: әдістемелік нұсқаулық / Баймуратова А.Т., Самиева Г.Б. – Алматы, 2024
  • Организационно-методические основы деятельности психолого-медико-педагогических консультаций: Метод. рекомендации / Ерсарина А.К., Ержолова Е.А. – Алматы: ННПЦ РСИО, 2023.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх