Сапалы білім беруге көшу – бүгінгі күн талабы

Омарова Шарида Хафизовна

Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне аяқ басты. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім берудің  дамытудың мемлекеттік бағдарламасына  сай қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті- білім беру мазмұны мен құрылымын жаңарту, яғни жаңа мазмұнда білім беру моделін құрастыру.

Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми- техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі.

Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайықты орын белгіленген біздің мемлекетіміз үшін жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі біздің 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласында 5 қадам айқындалған.Осы құжаттың 76-қадамында 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру жоспарланған.

2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына білім ордаларының барлық бірінші сыныптары көшті. Мектебіміздің 1А,1Ә,1Б,1В-сыныптарында 78 оқушы білім алуда. Білім алушының оқу жылындағы үлгерімі және оқудағы жетістіктері туралы деректерді жинау үшін бағалаудың екі түрі: формативті бағалау және жиынтық бағалау іске асырылуда. Жиынтық бағалау, өз кезегінде, бөлім/ортақ тақырыпты, тоқсанды және орта білім деңгейін жиынтық бағалау рәсімінен тұрады. Алдағы оқу жылында аталған бағдарлама 5,7-сыныптарға енгізілмекші. Бүгінгі таңда келесі оқу жылында 5-7  сыныптарда білім беретін пән мұғалімдері анықталып, осы мұғалімдер жаңартылған бағдарламаға көшу бойынша біліктілік курстарынан өтуде.Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой – талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

ҚР білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мақсатты индикаторлардың бірі – 2017 жылы білім сапасын («үздік» және «жақсы» оқитын оқушы) 62%-ға жеткізу көзделген. Белгіленген мақсатты көрсеткішке қол жеткізуді көздей отырып, мектеп ұжымы білім сапасын арттырудың жолдарын жан-жақты қарастыруда. Бүгінгі таңда мектеп бойынша білім сапасы – 43%. 1-11 сыныптардағы оқушы саны – 584. Озаттар –  44,екпінділер – 172, үлгермеушілер жоқ. Лицей сыныптарындағы білім сапасы ортаңғы буын бойынша төмендегі кестеде көрсетілген:

Мектепішілік бақылау негізінде қыркүйек айының алғашқы аптасында кіріс бақылаулары жүргізіліп, қорытындысы педконсилиумда талданылды. Бұдан кейін білім сапасын көрсете алмаған сыныптармен жеке жұмыстар жүргізіліп, әкімшілік бақылауға алынды. Тоқсан қорытындысы бойынша төмен дәреже көрсеткен сыныптармен (6б,9ә-сыныптар) жұмыс жоспары белгіленіп, сыныптың оқу-тәрбие жұмысы талданылды. Оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері – Ш.Х.Омарова, А.С.Аяпбергенова, А.Б.Аубакирова, Б.Е.Алдабергенова сабақтарға қатысып, тест және бақылау жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологі М.Н.Саурбаев оқушылардан сауалнама алды. Әлеуметтік педагог А.А.Жайлауова оқушының үй-тұрмыс жағдайын бақылады. Жұмыстың қорытындысы педконсилиумда талданылды.

Лицей сыныптарында математика-жаратылыстану бағытындағы пәндер үнемі әкімшіліктің бақылауында. 8-10 лицей сыныптарына сынақ кітапшасын рәсімдеп, сәуір айында өткізілетін лицей күнінде оқушыларға табыс ету дәстүрге айналып отыр. Лицей сыныптары оқушыларының негізгі пәндерден желтоқсан айында қысқы сессия тапсырулары да оқушының белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

Әр тоқсан сайын негізгі пәндерден барлық сыныптардың оқушылары мониторинг тапсырып, білім сапасы көрсеткішінің нәтижесі арнайы тақтаға ілініледі. Бұл ата – аналар үшін жақсы ақпарат.

Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.Осы орайда мектебіміздің бірқатар мұғалімдері ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында бірінші (ілгері), екінші, үшінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады . Осы мұғалімдер өз қызметтерінде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін , құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолдануда. Деңгейлік бағдарламаны игерген мұғалімдердің  белгіленген кестеге сәйкес коучинг, тренинг, Lesson Study сабақтарын өткізулері дұрыс жолға қойылған.

1-сурет. Lesson Study сабақтарынан көрініс

Сонымен қатар озат тәжірибені тарату жұмыстары, рефлексивтік және шығармашылық есеп беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.

Білім сапасы негізінен оқу материалын игеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың танымдық, зияткерлік және адамгершілік тұрғыдан дамуына, педагогтардың қарым-қатынасын ізгілендіруге кеңінен ықпал етеді.

Білім сапасын арттыру бағдарламасының міндеттері ретінде төмендегілерді атауға болады:

  • басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту;
  • білімсапасындиагностикалау;
  • оқытудыңәдістемелікжүйесінжақсарту;
  • білімсапасынбағалаудыңжаңарейтингтікформасыненгізу;
  • білімсапасынамектептіңбарлыққызметкерлерінжұмылдыру;
  • білімсапасынарттырудажаңатехнологиялардыкеңіненпайдаланужәнеалдыңғықатарлыбілімордаларыментәжірибеалмасу;
  • ұлттықбілім беру жүйесінәлемдікстандарттарғасәйкестендіру.

Оқу-тәрбиежұмысындағыжүргізіліпжатқанжұмыстардыүнеміталдайотырып, әріс-шараныңкемшіліктері мен артықшылығына, нәтижелілігінекөңілаудару – мектепәкімшілігініңбірден-біржұмысы. Әржұмыстысынибағалау – болашаққамақсаттыжоспарқұруғамүмкіндіктертуғызады. Бүгінгі мектеп қабырғасындағы бүлдіршін – ертеңгі ел тірегі. Білім алып жатқан әрбір оқушының тағдырын бүгін ойлағанымы здұрыс

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *