Табиғат сыйы
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылы №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің МАДТ тәрбиешісі Алиева Марал Жаксылыковна
Сабақтың тақырыбы: Табиғат сыйы Сабақтың мақсаты:Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік,
табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:-оқушылардың табиғат тіршілік бастауы,адам
табиғаттың бір бөлігі екендігін,табиғат заңдылық-
тарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.
-оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға,
табиғаттан үндестік таба білуге үйрету.
-ізгілікті жауапкершілікті ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу,оқушылардың көңіл-күйін сұрау.Сабақты өте қызықты өту үшін бес ережені сақтауымыз керек. Бес Т-ны еске түсіріп сабаққа қатысуды тексеру:
1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық
Шаттық шеңбері
Біз қазір көгімізде самғай ұшқан қанатты құстар боламыз.Ал сендердің екі қолдарың екі қанаттарың болады.Бір-бірлеріңмен құстар болып қанаттарыңды тигізе амандасыңдар.
Жер анаға бір-бірімізге деген өтініш тілегімізді білдірдік.Дәулетияр Әлімжановтың”Табиғат сыйы”өлеңін мәнерлеп оқу.
Оқушылар мұғаліммен бірге қайталап оқиды:
Тамаша көк жазығы таң қалғандай, Үстінен жауса жауын нұр тамғандай. Қызығы ішсең суын құмартасың, Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай.
Топқа бөлу:
1)Оқушылар стөлдегі карточкаларды алып « Жер», «Су», «Ауа», «Өсімдік» сөздері бойынша топқа бөлінеді.
2) Топ атауы бойынша өз ойларын айту. (Оқушылар өз ойларын айтады)
1.Тіршілік атаулының бар арманы-Ауа 2.Тіршілік көзі-Су 3.Табиғат байлығы-Өсімдік 4.Жер-Ананы аялайық Гүлдей бер Жер-Ана Үй тапсырмасын тексеру: 1)Үйге берілген”Туған жер ғажаптары” тақырыбын дәптерге әр оқушы туған елінің өзі мақтан ететін ғажап жерлерін салған суреттері бойынша әңгімелеу керек. 2) Жұмыс дәптерлерінде берілген сөйлемдерді өз ойларымен жалғастырып айту.
Мұғалім:
“Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас”деген халық даналығында үлкен мән бар.Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені,ең алғаш жұтқан ауасы,табанының бастапқы ізі түскен жері,аялап өсірген алтын бесігі.Адам тағдыры да туған жерімен байланысты.Сондықтан әрбір адам өзі туып өскен мекенін құрметтеп,оған қамқоршы бола білуі керек.
Қызығушылықты ояту
1)Мақал-мәтелдердің жалғасын табу, жұмбақтын шешуін табу
Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі. Оқушылар топта бір-бірімен ақылдаса отырып, шешуін табу керек.
Мақал-мәтелдер
1.Адамның табиғатсыз күні жоқ, ………………………………………….
2.Таулы жер бұлақсыз болмас, ………………………………………….
3.Жауынменен жер көгерер ……………………………………….
4.Дәрі шөптен шығады ………………………………..
Жауаптары:1.Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
2.Сулы жер құрақсыз болмас.
3.Батамен ел көгерер
4.Дана көптен шығады
Жұмбақтар
1.Сатайын десем ауыр кілем Сатпайын десем тәуір кілем
(……….)
2.Жылт-жылт еткен жырадан өткен
(……….)
3.Көзге ілінбейді Жұтсақ білінбейді
(……….)
4.Ай астында Жатыр суда жастанып
(……….)
Шешуі:жер,су,ауа,аққу
Мағынаны ажырату.
Сабақтың тақырыбын айқындау:
1)Сөз жұмбақты шешу арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын табады.
Сөз жұмбақ
1.Қазақ ғарышкері кім?
2.Жеміс аты
3.Араның сыйы
4.Өзі біреу, көзі біреу
5.Құс аты
6.Әкемнің әкесі
7.Уақыт,өлшем,бірлік
8.Тіршілік көзі
9.Ай аты
10.Жыл атауы
1 |
||||||||
2 |
||||||||
3 |
||||||||
4 |
||||||||
5 |
||||||||
6 |
||||||||
7 |
||||||||
8 |
||||||||
9 |
||||||||
10 |
||||||||
11 |
Шешуі:Тоқтар,анар,бал,ине,қарға,ата,тәулік,су,мамыр,түйе,тышқан.
Мұғалім:
Балалар міне бүгінгі өтілетін тақырыбымыз «Табиғат сыйы» екенін білдік. Адамның табиғатсыз күні жоқ. Су,Ауа, Жер, Өсімдік, Жануарлар,Тау,Тас,бұның бәрі табиғаттың бізге берген сыйы.
Иә балалар біздің өсімдіктерден үйренетін жақсы қасиетіміз көп.Оның әсемдігі де,хош иісі де,нәзіктігі төзімділі адам жанын баурайды.Солардың бірі Наурызгүл туралы аңызды тыңдап көріңіздер…….Балалар сұрақтарға топта ақылдаса отырып, жауап беріп көріңіздер.
Сұрақтар:
1.Наурызгүл қызды қалай емдеді?
2.Осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма?
3.Наурызгүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?
4.Гүлдерде кездесетін жақсы қасиеттер қандай?
Мұғалім:
Дәйексөз”Табиғаттың әдемілігі-адам жанының тазалығы“деп айтқан В.А.Сухомлинский
Табиғат-ана адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынған.Ұлдарының емендай мықты болуын ойласа-қыздарының қайындай нәзік майысқанын қалаған.Ал табиғаттың әсемдігі адам жанын тазалыққа,сұлулыққа,шыдамдылыққа,төзімділікке тәрбиелейді.
Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Тапсырма:
Оқушылар топта ақылдаса отырып «Табиғат сыйы» тақырыбына презентация жасау ойымен толықтырады:
Табиғаттың бізге беретін сыйы шексіз, мысалы…………………………
Тапсырма:
Суреттерді топтастырып презентация жасау
Әр топқа бірнеше сурет беріледі. Оқушылар бір-бірімен ақылдаса отырып суреттерді топтастырады.
Жұмыстарын қорғау
Әр топ өз жасаған жұмысын қорғап шығады.
Өзара бағалау. Қорғаған жұмыстары бойынша топтар бір-бірін бағалап отырады. (қошемет немесе смайликтер арқылы)
Үйге тапсырма: Наурызгүлді(оқу,түсіну)
Бес жолды өлең құрап келу
Рефлексивтік кері байланыс
1.Бүгін сабақта не білдік? 2.Не айта аламыз? 3.Не үйренгім келеді?(пікір ағашы)
Сүйейік,табиғатты,аялайық! Бізде онан жақсылықты аямайық! Анадай табиғаттың аясында Жадырап жас балаша дем алайық!
Жүректен жүрекке
Мұғалім:табиғатқа тілек айтайық.
-Күніміз ашық болсын! -Суымыз тынық болсын! -Гүліміз жақсы өссін! -Ауамыз таза болсын т.б
Ризамыз,Табиғат-Анамыз Өзіңнен денсаулық аламыз Ризамыз,Табиғат-Анамыз Қашанда қорғаушы панамыз.
Табиғатты қорғауға, Өсімдікті жұлмауға, АНТ етеміз!
Құстарды атпауға Балапанын сақтауға АНТ етеміз!
Рахмет!
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылы №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің МАДТ тәрбиешісі Алиева Марал Жаксылыковна